Перейти к содержимому
Обложка сообщества Путешествия

Экотуризм – басты назарда!

Германияның халықаралық ынтымақтастық бойынша қоғамы (GIZ) жүзеге асырып жатқан «Арал маңының экологиялық бағытталған өңірлік дамуы» халықаралық жобасының өкілдерімен кездесуде экотуризмнің дамуы мәселелерімен бірге Маңғыстау облысының биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері де қаралды, себебі жобалық аумаққа Қазақстанда Қызылорда облысынан басқа Маңғыстау облысы да кірген, Өзбекстанда – Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысы кірген.

Қарақалпақстан Республикасындағы GIZ хадықаралық сарапшысы Юлиан Фелтеннің айтуынша, бюджеті сегіз миллион евро құрайтын төртжылдық жоба 2020 жылы экономикалық дамудағы экологиялық және әлеуметтік аспектілерге теріс әсерді минимизациялауға арналған кешендік негізде жүзеге асырылып бастады.

Қазақстандағы GIZ ұлттық сарапшысы Қайрат Егежанов қазақстандық тараптың жобаның серіктесі ретіндегі ұстанымын айқындады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жануарлар дүниесін сақтау мен экологиялық туризм саласындағы тарнсшекаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Жобаны қолдау туралы пікірлерімен Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов пен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдаланулы реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев, сонымен қатар жаңадан құрылған облыстық туризм басқармасы басшысының м. а. Гүлсім Жариева бөлісті.

Кездесуді жүргізіп отырған «Атамекен» Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев бүкіл жобалық аумақтың, ортағасырлық Хорезмшах мемлекеті дәуірінен бастап, ортақ тарихы мен бірыңғай өзіндік мәдениеті бар екендігін айтты. Ол Маңғыстау облысы үшін туристік сала дамуының өзектілігіне тоқталып, жоба аясында жергілікті туроператорлар үшін, Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысының оң тәжірибелеріне сүйене отырып, оқыту тренингтері мен семинарларын ұйымдастыруды ұсынды.

«Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңірлік ассоциациясы кеңесінің төрағасы, "EcoJer" қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов, өз кезегінде, облыс деңгейінде міндетті түрде ресми бекіту шартымен екі ел үшін ортақ стратегия қабылдауды ұсынды, себебі Үстірт платосыныдағы табиғи-климаттық және әлеуметтік-этникалық ерекшеліктер Қазақстан мен Өзбекстанда ұқсас. Және ол оңтүстік бөліктері Үстірт платосында орналасқан Ақтөбе облысының Байғанин мен Шалқар аудандарын жобалық аумаққа қосуды ұсынды. Сонымен қатар, Әділбек Қозыбақов Ақтөбе облысының осы екі ауданында Үстірт платосы экожүйесінің жүйеқұрастырушы түрі болып табылатын киіктің Үстірт популяциясы қазіргі таңда шоғырланғанын жеткізді. Қызықты өткен кездесудің соңында тараптар үстіміздегі жылдың ішінде қазақстандық делегация тәжірибе алмасу мақсатымен Өзбекстанға шақырылатынына келісті.

Комментарии: 0

0
0
251

Еще по теме