Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕКІ АЙДЫҢ ІШІНДЕ СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ МАРАТ ТӨЛЕБАЕВ 71 АДАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аумақтық бөліністердің фронт-офистерінде өткізілген көшпелі қабылдаулар кезінде полиция ведомствосының бастығы 12 солтүстікқазақстандықты қабылдады. Сондай-ақ, Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына үш адам келді. Петропавл қаласының тұрғыны кәсіпкердің әрекетіне шағымданды. Өткен жылы әйел хабарландыру бойынша жиһаз жасаушыны тауып алып, тапсырыс берген. Шарт жасасқаннан кейін әйел алдын ала төлемді төлейді, бірақ оған қызмет көрсетілмейді. Сот шешімі бойынша кәсіпкер ақшаны қайтаруға және сот шығындарын үш ай ішінде төлеуге міндеттелді. Алайда, ол әлі күнге дейін өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Полицейлер оның басқа облысқа кетіп қалғанын анықтады. Енді ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 430-бабы бойынша сот шешімін орындамағаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Бұл істі Марат Төлебаев жеке бақылауға алды.

Облыс орталығының тағы бір тұрғыны алаяқтарға шағымданды, оның айтуынша, алаяқтар жұбайының атына шағын несие беру ұйымдарында несие ресімдеген. Қазіргі уақытта аталған фактінің мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаментінің бастығы азаматтардан келіп түсетін мәселелерді құқықтық алаң шеңберінде қарастырып, жеке бақылауға алатынын атап өтті. Азаматтар полиция басшылығына ішкі істер органдарының құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық технологиялар арқылы да жүгінеді. Facebook желісінде СҚО ПД бастығының жеке аккауынты жұмыс істейді, оған 3 мыңға жуық жазылушы тіркелген. Әлеуметтік желілердегі жұмыс халықпен ашық диалог жасау алаңына айналды. Жыл басынан СҚО Полиция департаменті әлеуметтік желілерде орналастырылған түрлі оқиғаларға 70-тен аса түсініктеме дайындап, орналастырды.

СҚО Полиция департаменті әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілімді қоса отырып, жұмыстың ашық форматын кеңінен қолдана бастады. Жыл басынан СҚО Полиция департаментінің аккауынттарында 90-нан астам тікелей эфир өткізілді, эфир кезінде ішкі істер органдарының құзыретіне қатысты 200-ге жуық сұрақ келіп түсті.

«Келіп түскен өтініштерді уақтылы және сапалы қарау, толық жауап беру - басшылықтың бақылауында. Жыл басынан бері облыстық, қалалық және аудандық полиция бөліністерінің бастықтары 1289 адамды қабылдады», - деді СҚО ПД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаева. СҚО Полиция департаменті бастығының қабылдауына 39-40-20 телефоны бойынша жазылуға болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

0
0
434

Еще по теме