«Egov жаршысы-2021»
2021 жылы 18-19 мамыр аралығында «Egov жаршысы» жобасы аясында 100 белсенді жастан тұратын еріктілерге «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн - вебинар өткізілді.
Вебинар барысында еріктілерге, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару Академиясының Алматы облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Негметжанова Мариям Кадыровна, Ескелді аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі басшысының орынбасары Смагулов Мақсат Бәриұлы, «Fabrika oratora» компаниясының негізін қалаушы Жұмабаев Қуаныш Серікқанұлы және «Ұлттық волонтерлік желі» тренері Аққожа Дастан дәрістер оқып, интерактивті пікірталастар өткізді.
Бұдан кейін еріктілер жергілікті жерлерде, ауылдық елді мекендерді қамти отырып, тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізеді және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу дағдыларына азаматтарды үйретеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті
