БОРЫШКЕРЛЕРМЕН КҮРЕС

Әділет департаменті, Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы мен Полиция департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның басты міндеті – сот шешімі мен үкімдерді орындамай жүрген азаматтарға қатысты шаралар қабылдау сұрақтарында өзара іс-қимыл жасасу.
Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов сот шешімдерінің негізінде берілетін орындау құжаттарының міндетті әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етудегі әділет органдарының, жеке сот орындаушыларының және ішкі істер органдарының іс-қимыл алгоритмінің маңыздылығын атап өтті. Айыппұлдары бар борышкерлермен жүргізілетін жұмыстарға толығырақ Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов тоқталды. Айыппұлдарды салу туралы қаулыларды ерікті түрде орындау мерзімі өткен соң, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін құжаттар өңірлік жеке сот орындаушылары палатасына жіберіледі. Өткен жылы жалпы соммасы 91 миллион теңге болатын 7,5 мыңнан астам қаулылар жөнелтілді. Борышкерлердің тізімі қаулыларды ерікті түрдегі кезеңде де, мәжбүрлеп орындату кезеңінде де қарыздардың бар екенін хабарлау үшін «Қазақтелеком» АҚ-ға жіберіледі. «Казпошта» АҚ қолдауымен борышкерлерге автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдармен тіркелген бұзушылықтар бойынша айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымдар жолданылады, СМС хабарламалар арқылы ақпараттандыру рәсімі белсенді пайдаланылады. Бұдан басқа, «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Осындай іс-шаралардың тиімділігі - құқық бұзушылардан айыппұлды, ата-аналардан алиментті өндіріп алуға, еңбек ету қабілеті жоқ ата-аналарға отбасы мүшелерінен күн көруге ақшалай қаражат алуға көмектеседі.
СҚО Әділет департаменті басшысы Мақсат Сатыбалдин меморандумның әр тармағын жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-шаралардың қажеттілігіне сенім білдірді. Бұл ретте, тараптар құжаттың ресми сипатта болмайтыны туралы келісті, қажет болған жағдайда жүзеге асыру кезінде пайда болатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. «Біздің басты міндетіміз – бірлескен әрекеттермен заң ұлықтылығын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын іс жүзінде қамтамасыз ету мәселелерінде ынтымақтастықты қамтамасыз ету...» - деп атап өтті полиция ведомствосының басшысы Берік Біләлов.





СҚО ПД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
