"Book Day": интерактивті экскурсиялық-ойын бағдарлама = "Book Day" - интерактивная экскурсионно-игровая программа

Бүгін №11 және №2 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін «Кітап – time» кітап фестивалі аясында интерактивті экскурсия-іс-шарасы өтті.
Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақ арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, балаларды кітапхананың заманауи мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ қызықты ойын бағдарламасын ұйымдастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар суретшілердің иллюстрациялары бойынша кітаптарды, костюм арқылы кітап кейіпкерлерін, әндер бойынша мультфильмдерді тапты, сонымен қатар, балалар кітап кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, естелікке фотосуреттерге түсті.

Сегодня, для учащихся общеобразовательных школ № 11 и № 2, состоялась интерактивная экскурсия- мероприятие в рамках книжного фестиваля Кітап - time. Целью встречи стала популяризация чтения среди подрастающего поколения, знакомство детей с современными возможностями библиотеки, а также игровая программа, в ходе которой ребята угадывали книгу по иллюстрации художников, книжного героя по костюму, мультфильмы по песня, а также сделали фотографии в образе книжного героя.
