Баймұхамбет Қосшығұлов туралы
Баймұхамбет Қосшығұлов 1843 жылы (кей деректерде 1848 жылы) туған 1-ші гильдия қазақ көпесі, миллионер, кәсіпкер. Қазіргі Жаңаарқаның Келтетал ауылында туған. Меценат, қайырымдық шараларымен және аса ірі бай болуымен байланысты «Байкөп» аталып кеткен. Алаш зиялыларына қаржылық көмек көрсетіп, қолдап отырған. 1895 жылы Баймұхамбет Қосшығұлов Ақмола қаласында «Косшыгулов и сыновья» деп аталатын кондитерлік-прәндік фабрикасын ашады, 1915 жылы патша сарайына өнім жеткізуші атағына ие болады. Бірақ, оның өмір жолы оңай болмаған сияқты. Жетімдіктің дәмін ерте көреді. Кейін Ақмолаға келген. Қалай десек те қазақ даласында сауда жүргізіп жүрген тегі татар саудагері (бақалшысы) Мақсұттың көзіне түседі. Сөйтіп жүріп, 1865 жылы Баймұхамбет Масқұттың қызы Мәдинаға үйленеді. Соған қарағанда Мақсұттан сауда жүргізуді үйреніп қана қоймай, Мәдинаның жүрегін жаулай білген. Баймұхамбет қазақтар бақалшы деп атап кеткен бакалейщик болады, сауданың ыңғайын білген ол Ақмоланың, тіпті қазақтың бетке ұстар саудагеріне айналды. Ол заманда саудагерлер үшке бөлінетін, яғни 3-ші гильдия саудагері ұсақ-түйек сатумен айналысса, 2-ші дәрежедегі саудагер өндіріс орындарын аша алады. 3-ші дәрежедегі гильдия саудагері бұлармен қоса экспорт-импорт шаруаларымен де айналысады. Қысқаша айтқанда, Қараөткел аймағы мен астығы оның байлығын еселеуіндегі басты көзірі болды. Сонымен, аты тарихта қалған көпеске айналды. Баймұхамбет пен Мәдинаның жеті баласы болды, олар: Құрманғали, Мұхамедқали, Уәли, Нұрмұхамбет, Бекмұхамбет, Қадыркей және Райхан. Ұлдары әке жолын жалғастырып, саудамен айналысты. Киім-кешек, мата, тұрмыстық химия, күнделікті қажет тауарлар сатты. Баймұхамбет Қосшығұлов Ақмола ұнын Қытай, Орталық Азия, Ресей нарығына шығарды. Ақмоланың аппақ ұны, одан жасалған ақ нан жоғары бағаланды. XIX ғасырдың соңында Ақмолада жүз шақты диірмен болған деседі. Бірақ, солардың ішінде, толық өндіріс циклын қосқан Қосшығұлов еді. Яғни, оның кәсіпорны нан және тоқаш өнімдерін шығара бастады. Баймұхамбеттің дүкен сөрелерінен құймақ, мәліш, таба нан, жұқа нан, жайма нан, бауырсақ табуға болатын еді. Уақыт өте келе макарон өнімдері - құлақ нан, қамыр, кеспе мен прәндіктер шығара бастады. Бір қызығы прәндіктерін қой, қозы, құс және түйе түрінде жасайтын. Өнімдері қазақ жері ғана емес, сол кезеңде өзге де елдер мен мемлекеттерге таралатын болған. Өнім сапасы мен ассортиментін жақсарту мақсатында Баймұхамбет Парижге барып, Еуропаның озық технологиясын үйреніп қайтады. Үйреніп қана қоймай, өз фабрикасына жаңа заманғы жабдықтар да алдыртқан деседі. Яғни, жаңашылдықтан құр қалмаған. Франция сапарынан соң жаңа кәсіпорын сала бастайды. Жаңа фабрикада балаларымен бірге жұмыс істеп, енді, бетіне сурет салып, бал қосқан, әртүрлі дәмдеуіштері бар пірәндіктердің түр түрін шығарып, ассортиментті одан сайын көбейтеді. Фабрика сонымен бірге халуа, зефир, кәмпиттер шығарады. Аңыз бойынша Ақмолалық тұрмысқа шыққан қыздардың жасауында прәндікті қосып салу дәстүрі болған екен. Бұрынғы Орталық әмбебап дүкен, кейінгі "Sine Tempore" СО орында оның 16 сауда нүктесі болыпты, ал, қазіргі Тұрмыс үйі мен "Турист" қонақ үйі орнында факториялар, өндіріс орындары орналасыпты. Сауданы әртүрлілендіріп, сонымен бірге керосин мен мұнай сатқан. Қала мешіттерінің құрылысына мол қаражат бөліп, шәкірттердің оқуына жағдай жасайды. Мұсылман жастарының білім алуына арналған білім ордасынан қазіргі күні тек бір ғимарат қалған. Оның орнында қазір банк ғимараты орналасқан. Айтқандай, оның манағы білім ордаларының бірінде Сәкен Сейфуллин орыс тілінен сабақ беріпті. Ал, мешіт ғимараттарына қатысты айтатын болсақ, қазіргі Абай көшесі бойында тек жарлары қалған. Оған қарсы Өнер музейінде Қосшығұловтар дәуірінің ескерткішіндей бірнеше ағаш ғимараттар бар. Ол Мұқаметжан қажыға тиесілі болса керек. Бәлкім Баймұхамбет басқа қазақ байларымен бірігіп не өзі де көмек беруі мүмкін деп ойлаймын. Қалай десек те ол ғимараттардың да Баймұхамбетке қатысы болуы бек мүмкін. Өйткені сыртындағы жазудан Қосшығұловтың тегін оқып қалдым. Аса ірі бай Қосшығұлов Кеңес идеологиясы үшін жат еді. 1920 жылы Кеңес Үкіметі оның сауда үйлері мен кәсіпорындарын балаларынан тартып алып, өздерін қаңғытып жібереді. Ал, Баймұхамбет Қосшығұлов 1918 жылы қайтыс болады. Астанадағы Қараөткел қорымында жерленген. Басты айтпақ ойым, адам еңбек етсе мақсатына жетеді, ал, Баймағамбет Қосшығұловтың өмірі мен оның кәсіпорындары мен ғимараттары, жүріп өткен ғұмыр жолы туралы тереңірек білгіңіз келсе, онда менің авторлық экскурсияма тапсырыс беріңіз. #Астана #СапарLike#Экскурсия#Amandyq Amirkhamzin

