«Барлығы үшін алғыс айтамын» — Алғыс айту күні
№14 негізгі орта мектептің 9-сынып оқушылары кітапханаға экскурсиямен келіп, аталған акцияға үлкен қызығушылықпен қатысты. Оқушылар қабырғаға ата-аналарына, достарына, ұстаздарына және сыныптастарына арналған жылы әрі шынайы алғыс сөздерін қалдырды.Жазылған әрбір сөз — мейірімділік, құрмет пен ризашылықтың көрінісі. Мұндай кездесулер алғыс айтудың, қолдаудың және бірліктің маңызын еске салады.Барлық қатысушыға шынайылығы мен жарқын эмоциялары үшін алғыс білдіреміз!



