Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Б И Ч Б О Ж И Й (А Т Т И Л А (400 – 454 гг.) – Е Д И Л К А Г А Н)

Т Ә Ң І Р К Ә Р І С І

(Е Д І Л Қ А Ғ А Н (400 – 454 жж.) – А Т Т И Л А)

Әлем тарихын жасауда немесе оны өзге арнаға бұруда жеке тұлғалардың орны ерекше солардың бірі және бірегейі «Тәңір кәрісі» атанған ұлы тұлға Аттила– Еділ қаған. Ол Ауропа (Европа) тарихын мүлде басқа арнаға бұрған барша көшпендінің мақтан тұтар көсемі.

Ауропа тарихшысы Иорданның (IV-V ғғ.) деректеріне сай ғұндардың (күндер – күн тектілер) көсемі Баламірежелгі қазақ даласының көшпенділерінен: алан (алшын), абдал (албан), чұбан (суан), үйсін, дулат, қаңлы, және қыпшақтардан құралған ұлы әскерімен 374 – 400 жылдар Ауропаға басып кіреді. Өз кезегінде, бұл жағдай осы өңірді жайлаған халықтардың ұлы қоныс аударуына ықпал етті.

Бұл Днестр өзені мен Спания аралығындағы халықтың екі ғасырдай кезеңге жалғасқан ұлы дүбірлі көшіне, тұтас Ауропаның қоғамдық саяси-экономикасы, ұлттық этникасы, жалпы әлеуметтік сипаттағы ұлы бұрылыстың дүмпуіне ұласты.

Сондай-ақ, бұл жойқын жорық бас-басына ыдыраған тайпалық ауропалықтарды дүр сілкінтіп ұйқысынан оятты, осыдан соң Ауропа румдық (Рим империясының) құлдық бұғауын үзіп, қазіргі құдіретті Ауропа елдері өз ыңғайына қарай отау тігіп, түтіндерін түтете бастады. Ал Баламір болса Еділ (Волга) мен Тұнай (Дунай) өзені аралығындағы кең алқаптың қожасына айналады.

Баламірдің немересі Жұлдызбилікке келгеннен кейін жорықтың екпіні бәсеңдегенімен, үрейленген Шығыс ауропалық этностар сеңдей жосылып батысқа ауа түскен еді. Шамамен заманымыздың 400-405 жылдары Орал мен Карпат (Carpathian) таулары аралығындағы кең алқап ғұндарға тәуелді болды.

Осыдан соң ғұндар Қарпат тауы арқылы Хұнгария (Венгрия) жазығын басып алып, Бұдапашты (Будапешт) орталық еткен Ғұндар Империясын құрып, Рұмға (Рим) көрші елге айналып, оған үлкен қауіп төндіре бастайды. Жұлдыз немерелері (Қаратүннің балалары) Ұрқия (Рукия), Мыңсақ (Мынсак), Айбарыс, Оқтар тұсында бұл қауіп одан әрі үдей түседі.

Ұрқия шамамен 422-26 шы жылдары қазіргі Болгария өңіріндегі Тракия өлкесі мен Македонияны жаулап алып, содан соң 432-ші жылы қазіргі Хунгария (Венгрия), Австралия, Чехия, Словакия, Сербия және Украина елдерінің аумағын алып жатқан Паннония (Pannonian) жазығында көшпенділер одағы мемлекетін құрады. Ол ғұндар өктемдігін бүгінгі Германия, Дунай өзенінің терістігінен былайғы шығыс Ауропа, Қаратеңіз бен Кавказ өңірлеріне шейін кең байтақ – Ұлы далаға дейін кеңейтеді.

Біздің заманымыздың 434-ші жылы Ұрқия (Рукия) дүние салып, орнына Жұлдыздың балалары Бұлада (Бұд) мен Аттила (Еділ) тақ мұрагерлері болады. Ұрқияның өлімі тұтас Ауропаға қуанышты хабар болып тарағанымен, олар сол кезде Аттиланың («Тәңір кәрісінің») одан да қауіпті жау екенін білмеді.

Тарихта Аттила есімінің төркіні жайлы әртүрлі болжамдар айтылады. Солардың бірі: – «Аттила» сөзін Еділ өзенімен байланыстырады, тіпті қазақ ауыз әдебиетінде Еділ батыр деп атайды. Ауропалықтар Аттилаға аттылы деген мағына береді – осы жорамал шындаққа жақын сияқты, өйткені ауропалықтар «кентавр» түрінде көрген ат құлағында ойнайтын көшпенділердің атты әскері сол заманда өте үрейлі және жойқын күш еді.

Аттила Шығыс Рұмды (Рим) бағындырғаннан кейін Батыс Рұмды бағындырып тұтас Ауропа жеріне қожайын болу мақсатын жүзеге асыруды көксейді. Тілегенге сұраған дегендей 449-ші жылы Батыс Рұм императорының туған қарындасы Ганория өз ағасы мен отанынан қорлық көріп отырғаны айтып, Аттиладан көмек сұрап оған некелі болу ойын білдіреді. Бұл Аттила үшін көктен тілегені жерден табылған, орайы келген сылтау болады.

Аттила дереу елші аттандырып Ганорияға құдалық айттырады, әрі ханшаның жасауы үшін Галлияны беруді талап етеді. Галлия сол кезде ішкі және сыртқы Галлия деп екіге бөлінетін. Ішкі Галлия әдетте Альпі тауының түстігіндегі Италия қатарлы өңірлерді, ал, сыртқы Галлия Альпі тауының терістігіндегі қазіргі Франция, Бельгия, Люксембург, Голландия, Швейцария сияқты өңірлерді қамтыды. Мұндай қорлықты талапқа батыс Рұмның көнбесін Аттила әбден білетін.

Батыс Рұм (Рим) қорлықты талапқа қарсылық жауабын берген соң, Аттила 450-ші жылы сыртқы Галлия аудандарына жазалау жорығын бастайды. Бұл тұс – ғұндар билігінің шарықтау шегіне жетіп – үстемдігін шығысы Хазар теңізі (Каспий), батысы Рейн өзені, терістігі Балтық теңізі, түстігі Дунай өзеніне дейін жүргізіп. Ауропаны тұтас бағындырған алып империяға айналып үлгірген шағы болатын.

451-ші жылғы көктемде Аттиланың әскері Рейн өзенінен өтіп Францияның бірқатар қалаларын жаулап алып Орлиан қаласына шабуыл жасайды. Аттиланың мақсаты вестготтарды ойсырата жеңіп, одан соң Батыс Рұмды біржолата бағындыру еді. Бірақ, «Ең соңғы ұлы Рұмдық» аталған Батыс Рұмның қолбасшысы Флабиус-Аетиус (Аэций) 600 мың қосынмен француздарға көмекке келеді. Ол весгот, вандал, алан, франк, англо-саксон, лонгабард және т.б. ғұндарға еселері кетіп, тәуелді болып жүргендердің басын құрап ғұндарға қарсы құдіретті одақ ұйымдастырады.

451-ші жылғы маусымда екі жақ Францияның Сена өзені алқабындағы Каталония (Гот-Алан) жазығының Шарон деген жерінде тәулікке жалғасқан қанды соғыс жасайды. Шайқасқа Аетиустың жағында франкілер королі Мероуич, алан қолбасшысы Сангиян және вестготтардың королі Теодорик қатысады.

Бұл ғасырларға жалғасқан ата кектері мен намыстарын қайтарып алу үшін бастарын бәйгеге тігуге әзірленіп қойған, елдігін сақтап, намыстарын ендігәрі таптатпауға мықтап бекіген одақтастар мен – бетіне жауы үнемі жалтақтап өздерін жеңімпаз сезініп алған ғұндар арасындағы қанды шайқас болатын.

Адамдардың өлігі төбе-төбе болып үйіліп, Сена өзені қып-қызыл қанға боялған, одақтастар зор құрбандыққа басын тіккен қырғын шайқастың бағасы текқана Аттиланың шегінуі болды. Бірақ, бұл Ауропалықтар үшін ұлы жеңіске тең еді.

Ғұндар патшасының шегінуінде өзінің ішкі есебі бар болатын, оның бұл стратегиясы екінші рет 452-ші жылы батыс Рұмға қайта шабуылдау үшін қажет болды. Аттилаға бөгет бола алмасын білген Батыс Рұм (Рим) империясы тізе бүгіп, тұтас хирстиян діні әлемінің рухани көсемі папа Луи Ⅰ-ні елшілікке салып жыл сайын төлейтін салығын үш есе көтеріп, ғұндарға тәуелді елге айналды.

Аттила Батыс Рұмды бағындырғаннан кейін салық төдеуден бас тартқан Византияға жазалау жорығын жасауға қамдана бастайды, бірақ тағдыр оған жазбайды.

Соғыста шамасы жетпесіне көзі жеткен жаулары оны талай рет жымысқылықпен қастандық жасап, өлтіруге жоспар құрса-да мақсаттарына жете алмайды. Жасмыштың жазуымен 454-ші жылы бүргүн тайпасының Илдико деген аруын тоқалдыққа алған тойы түні Ұлы Аттила – «Тәңір кәрісі» қан құсып сұлу арудың құшағында жан тапсырады.

Тарихи деректерге сәйкес, күңіренген халқы шаштарын кесіп, беттерін тіліп, қара жамылып қатты күйзелген. Мұндай әдет, ғылыми деректерге сәйкес байырғы сақтарда, көне түркілерде кеңінен таралған. Бұл қазақтың өз арын қорғай алмаған адамдарды «бетің тілінгір» деген қарғысымен қатар, арысынан айрылған бейбақтардың шашын жайып, бетін жыртып жоқтайтын әдетін есімізге түсіреді.

Аттиланың өлімі ғұндардың тағдырына күрт бетбұрыс жасады, оның әлжуаз ұрпағы империяның негізін шайқап, ал ол өз кезегінде Ұлы ғұн империясының ыдырауына әкеп соқты.

Б И Ч Б О Ж И Й

(А Т Т И Л А (400 – 454 гг.) – Е Д И Л К А Г А Н)

В создании или в повороте мировой истории в другое русло значительную роль играют выдающиеся личности одним из особо значительных фигур был великий Аттила – Еділ батыр, прозванный «Бичом Божьим». Он является гордостью кочевников, который одним из первых их вождей, повернувший в иное русло колесо истории народов Европы.

В соответствии сведениями историка Европы IV-V в.в. Иордана вождь гуннов (күн тектілер) Баламир 374 – 400 годы во главе войска из кочевников Великой степи: аланов (алшыны), абдалов (албаны), чубанов (суаны), уйсынов, дулатов, канлы и кипчаков вторгся в Европу, которое явилось причиной переселения населения этого континента.

Также это способствовало возрождению экономики, общественно-политического строя, этнического состава региона и великому переселению народов боллее двух веков между Днестром и Спанией.

Это великое вторжение гуннов всколыхнула разрозненную племенную Европу, народы которой получили свободу, разорвав оковы римской империи. А их предво – дитель Баламир стал правителем огромной территории от Волги до Дуная.

В 400 – 405 годы при правлении Жулдуз – внуке Баламир завовоевания продолжались – земли между гор Урала и Карпата принадлежали гуннам. Этносы Восточной Европы в страхе бежали на запад старого континента.

После этого они покорили закарпатскую низменность, обосновав там свою столицу Бұдапаш (извещение всем), образовали Великую империю гуннов и подступив очень близко создали угрозу римской империи. Вторжение усилилось при внуках Жулдуз (дети Каратун) Рукие (Ұрқия), Мынсаке (Мыңсақ), Айбарысе, Октаре (Оқтар).

Рукия 422 – 426 годы завоевал Тракию (Болгария), Македонию и 432 году регион Паннонии – территория современной Хунгарии (Венгрии), Австралии, Чехии, Словакии, Сербии и Украины. Он создал великую державу кочевников и расширил ее границы от Германии, Дуная включая Восточную Европу, регион Черного моря, Кавказа до Великих Степей.

434 году после смерти Рукии наследниками трона становятся сыновья Жулдуза Булада (Бұд) и Аттила(Еділ). Преждевременной оказались радость и ликование Европы по этой причине и они не подозревали, что самым грозным врагом будет Аттила, прозванный ими потом «Божьим Бичом».

В истории существуют разные мнения по поводу имени Великого вождя гуннов, среди которых происхождение имени «Аттила» связывается названием реки Едил (Волга) и в казахском фольклоре он именуется как Еділ батыр. По европейский имя Аттила происходит от слова «аттылы», то есть всадник и это кажется более ближе к истине, так как они впервые увидев лихих наездников-кочевников – грозную силу того времени сравнивали их с «кентаврами», т.е. слитыми с лошадьми людьми.

Целью Аттилы явилась владение всей Европой поэтому после покорения Восточного Рима он ставит задачу завование Западного Рима. И эту возможность 449 году предоставила родная сестра императора Западного Рима Ганория, которая предлогая ему брачный союз просила у Аттилы защиту от родного брата и Рима. Это обстоятельство стал поводом для вторжения гуннов в Западный Рим.

Аттила немедленно отправляет посла в Рим для сватовства Ганории с требованием выдачи Галлии в качестве приданого принцессы заведомо предвидя, что Западный Рим не потерпит такого унижения. В тот период в состав Галлии входила значительный регион, включающяя земли Альпийских гор, Италии, Франции, Бельгии, Люксембурга, Голландии, Швейцарии.

После отказа Западного Рима на свои требования 450 году Аттила начинает карательный поход в Галлию. Это был период когда гунны, покорив большую территорию от Хазарского (Каспийского) моря, районы рек Рейна и Дуная до Балтийского моря, превратились в огромную грозную империю в Европе и не только.

Весной 451 года войска Аттилы завоевала несколько городов Франции и начала осаду Орлеана его конечной целью была разбив племена вестготов покорение всего Заппадного Рима. Но этому грандиозному плану помешал полководец Западного Рима Флабиус-Аетиус (Аэций), прозванный «последним великим римлянином», который прибыл на помощь французам во главе 600 тысячной армии. Аэций организовал из аланов, вандалов, весготов, англо-саксов, франков, лангобардов и других этносов, которые находились под игом гуннов и обиженных на них могущественный союз.

Летом 451 года на юге Франции в Каталонии (Гот-Алан) встретились две великие армии того периода: гуннов и римлян, которое нам известно из истории как «Каталонская битва». В продлившиеся на сутки сражении на стороне Аэций участвовали короли франков и вестготов Мероуич и Теодорик, также полководец аланов Сангиян.

Эта была продлившаяся на века кровавая битва на смерть между союзниками, жаждающие мести и готовыми сложить голову за униженную гордость и гуннами победителями перед которыми все пресмыкались.

Итогом этого кровавого сражения было, оставшиеся мертвыми на поле битвы более 500 000 тысячи воинов с обеих сторон, Аттила стратегически отступил, чтобы начать новое наступление 452 году на Западний Рим.

В 452 году он предпринял новый набег, и, через никем не оберегаемые восточные Альпы, проник в Италию, разрушил Аквилею, взял Альтинум, Падую, Милан и многие другие города.

Римская империя не смогла протвостоять гуннам – пала. Через духовного отца всего христианского мира Папы Льва I попрасила мира, также обязалась ежегодно платить дань, превышающую 3 раза прежную и стала зависимой гуннам державой.

После покорения Западного Рима Аттила стал готовиться карательному походу против Византии, которые отказались платить дань гуннам. Но судьба предоставила ему другую участь.

Покаренные враги убедившись, что невозможно его победить на поле брани, строят подлые планы его убийства, но их многократные попытки не увенчаются успехом. Но привратности судьбы угатовила ему другую – печальную участь и 453 году в первую брачную ночь в объятии красавицы бургундки Ильдико перстала биться сердце Великого гунна.

Согласно историческим фактам смерть Аттилы была очень тяжелой утратой и огромной скорбью для его народа, гунны облачившись в траурную одежду резали волосы и свои лица. В соответствии с научным сведениям такой обычай широко распространен среди древних тюрков и саков, а как известно гунны родственные им народ. И у казахов при утрате ближнего – женщины распуская волосы, царапают лица. А также у нашего народа есть проклинание, как: «бетің тіліңгір – пусть будет резанным твое лицо».

Смерть Аттилы привзнесла крутой поворот в судьбе гуннов: его малодушные, инфантильные потомки расшатали основу могущественной империи, а это привело к расколу и гибели Великой империи гуннов.

1
8
6994

Еще по теме

Б И Ч Б О Ж И Й (А Т Т И Л А (400 – 454 гг.) – Е Д И Л К А Г А Н) - Yvision.kz