Yvision.kz
kk
News
News
News
5 922 постов422 подписчика
Актуальное и интересное со всего света
0
09:38, 17 апреля 2024

Қазақстандағы кітап оқу мәдениетін жетілдіру жолдары туралы жаңа көзқарастар

Өркениет пен мәдениеттің дамуы – кітаптарихымен тікелей жанасады. Білім мен ғылымныңөмірге келуі кітап ісінің дамуымен тікелейбайланысты. Қай мемлекеттің тарихын алыпқарасаңыз да, болашағы зор, қатарынан алда кележатқан мемлекеттің білімі, өркениеті дамығанынбілеміз. Біздің еліміз бүгінде тұғырлы елдерментерезесі тең. Ең алғаш он тоғызыншы ғасырдың бас кезінен бастау алған кітап ісі мемлекетіміздеөзіндік деңгейге көтерілді десек артық айтпаймыз. Осы уақыт аралығында қаншама ұлы туындыларжарық көріп, қаншама бестселлер оқырмансүйіспеншілігіне бөленді. Ал осы еліміздегі кітааоқу мәдениеті қандай деңгейде? Оны жетілдіружолындағы мақсат пен әркет қандай?

Біз өмір сүріп жатқан қоғамды осыдан 10 жылбұрынғы ортамен салыстырсақ, адам танымастайөзгерген. Иә, қоғам өзгерген сайын заман талабы да өзгере түсті. Адамдардың бәрі жаңаға құмар, заман ағысымен қазіргі қоғамға барынша икемделіп, бейімделіп әлек. Бірақ қанша әлем өзгеріп жатса да, трендтен, сәннен қалмаған бір нәрсе бар. Ол – білім. Сауаттылық, білімділік, кітаптар, таза әрімәдениетті сөйлеу, расында, әр кезде де трендте. Тренд – қоғамдағы құбылыстың салыстырмалытүрдегі тұрақты бағыты. Латын тілінен аударғанда«ұмтылу» деген мағынаны білдіреді. Иә, шынында, біз қазір «ұмтылып келеміз». Танымал болуға, көштен қалмауға, ортадан ерекшеленуге әрдайымұмтыламыз. Дизайнерлер мақұлдаған киімдіөзімізге үлгі етеміз, танымал әртістер ұсынған, олар барған орындарға баруға тырысамыз. Элиталық топ өкілдері жүрген жерлерде жүргімізкеледі. Кітап оқуда да дәл солай – трендке енгенкітаптарды ғана оқимыз. Бүгінде оқуда «оқудытрендке (сәнге) айналдыру», «трендтегі кітаптар», «трендтегі жанр» деген секілді тіркестер көп. Яғни, оқырман үшін белгілі бір автор кітабы, белгілі бірбағыт (психологиялық, мотивациялық) тренд бола алады. Мәселен, мен мектепте оқып жүргендебіздің мектепте «Гарри Поттер» кітабын оқу сәндеболды.

Бұл жылдары «Гарри Поттер» фильмдерікинотеатрларда, теледидарда жаңадан шығып, көрерменге жол тартып жатқан болатын. Сол орайда мектепте оқы тематикамен арнайы кешөткізіліп, тақырып осы кейіпкерлерге арналған. Фантастика, мистика жанрындағы фильм, ерекшекейіпкерлер мен таңғажайып сюжеттер барлықжасөспірімге қызық болары сөзсіз. Сонымен қатар, кеште «Гарри Поттер» кітабына жоғарғы сыныптарүлкен презентация жасап, солайша, мектепоқушылары, менің қатарластарымның бәрі осы кітапты оқуға асыққан болатын. Оның арасында, әрине, мен де бармын. Британдық жазушы Джоан Роулингтің 7 томдығы әркімнің-ақ қолына түсебермеді. Мүмкіндігі болғандар сатып алып, қалғандары қолына түскен томнан бастап оқиберді. Мен алғаш кітаптың бірінші томын қызығып, кітап «трендте» болған соң оқыдым. Ары қарайоқиғаға елітіп, 7 томды 1 тоқсанда оқыпбітіргенмін. Бастапқыда достарымнан, таныстарымнан сұрастырып оқыған бестселлердіңсоңғы 3 томын өзім сатып алғаным есімде. Бұлменің алғаш сатып алған кітабым еді. Осылай, кітапқа деген қызығушылығым оянып, алғашқыкітапханам осы қиял-ғажайып туындыментолыққан болатын.

Бұл мысалмен айтқым келгені, бүгінгі қоғамдағыпаразитке айналған «Жастар кітап оқымайды» деген жаңсақ пікірдің дұрыс еместігін көрсеткімкелді. Жастар кітап оқиды. Өзім өскен орта, оданкеле қазіргі өмір сүріп жатқан қоғамда да күн өткенсайын замандастарымның кітапқа дегенқызығушылығы арта түскенін байқап жүрмін. Бұлжерде мемлекеттің кітап оқу мәдениетін жетілдіружолындағы істер жастар қажетіне жарауда. Мәселен, қазір кітапханаларда оқырманға жағдайжасалған. Бұрынғыдай тек ағаш үстелдерде қатыпотырып кітапқа көз жүгірту міндетті емес. Оқырман залдарында келушілерге ыңғайлы жағдайжасалып қойған. Кей заманауи кітапханалароқырманның отырып оқуына, жатып оқуынаыңғайлы етіп, және көздің жауын алатын әдемікітапхана дизайнын да оқырманды шақырыптұратындай етіп жасап, жағдай жасаған.

Кітапты кітапханада емес, сатып алып оқитыноқырман үшін де бүгінгі «Меломан», KitapAl» дүкендер желісі үлкен көмекші. Бұл кітапүйлерінен қазақ тілді кітаптарды, сонымен қатарәлем бестселлерлерін оңай табуға болады. Бұлқатарға соңғы жылдардағы «Qasym» баспа үйіқосылды. Өзіндік әдемі, ерекше дизайныменкітаптарын басып шығаратын отандық баспа үйіжанынан ашылған кітап дүкендері де бүгіндекітапқұмарлардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Баспа алғашында қазақ бестселлерлерін басуменайналысса, қазір әлемде сұранысқа ие кітаптардыаударуды басты назарға алған.

Еліміздегі баспаларға тоқталғанда Фолиант баспасын айтпай өте алмаймыз. Себебі, Фолиант – бүгінде жастар арасындағы ең көп сұранысқа иекітаптарды басумен айналысып жүр. Бұл баспакітаптарының – ерекшелігі дүкен сөресіндеоқырманын өзіне алыстан шақырып тұратындизайны. Әсіресе, жасөспірімдерге өтімді баспатуындылары дизайнын, сыртқы титул парағынкөрген оқырман, қолына қалай кітапты алғанын да аңғармай қалары сөзсіз.

Сондай-ақ, елімізде бүгінде кітап жәрмеңкелері көпөтіп тұрады. Кітапқұмарлар үшін бұл таптырмасмүмкіндік деуге болады. Кітап жәрмеңкесі – бұрынкөрмеген, таныс емес баспа кітаптарымен танысып, немесе ұзақ уақыттан бері алғың келіп жүргенкітапты сатып алуға шақырады.

Кітап жәрмеңкесі көбіне Алматы қаласында өтіптұрады. «Жастар қаласы» деген атауды иемдегенАлматыға «Кітап астанасы» деген атты да қосыпберсе артық етпейді деп ойлаймын. Расында, еліміздегі мәдениет пен өркениет ошағы, жастардың, студентткердің қаласына айналған ару Алматыға бұл атау жарасып-ақ кетер еді. Сосын, ай сайын, мереке сайын әртүрлі кітаппрезентациялары, кітап жәрмеңкелері мен мәдениіс-шаралар өтіліп тұрса, бұл жас буынның кітапқадеген қызығушылығының артуына қосқан үлкенүлес болар еді деп ойлаймын.

0
254
0