Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢІСТІККЕ БІРІГУІНІҢ ҮЗДІКСІЗ ҮДЕРІСІ

31 мамыр күні Лев Гумилев атындағы ЕҰУ жанында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Байланыстың бұл түрі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жайында түсінікті тілде әңгімелеп, ата-аналар, сарапшылармен байланыстың сапасын жақсарту мақсатында таңдалды.
Бұл кездесу барысында Ерлан Сағадиев (https://yvision.kz/post/770932) министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары жайлы әңгімелеп, өзінің блогы мен министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына келіп түскен көптеген сұрақтарға жауап берді.
Баяндамашылардың арасында Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Абдрасилов та болды. Маман министрліктің ғалымдарды қолдау, ғылыми жобаларды дамыту, Қазақстанның әлемдік ғылыми орталықтарымен халықаралық әріптестік орнату жоспары және оның болашағы жайлы ойларымен бөлісті.
Қазақстандық ғылымның дамуының жаңа кезеңі ретінде 2011 жылдың ақпан айында қабылданған “Ғылым туралы” заңды айтсақ болады. Ғылым заңнамасының ерекшелігі – Ғалымдардың ұлттық ғылыми кеңесі, кеңес ғылыми зерттеулерді қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
Ғылымды қаржыландыру үш түрлі болады:
- базалық (ғылыми инфрақұрылым, құрал-жабдық, әкімшілік қызметкерлерінің еңбекақысы);
- грант (бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ғылыми зерттеулердің, ұйымдардың, ғылыми-техникалық қуаттың деңгейін арттыру);
- бағдарламалы-мақсатты (маңызды мемлекеттік стратегиялық міндеттерді шешу).
Биылғы жылдың 1-тоқсанында ғылыми қызмет субъектілеріне базалық қаржыландыру толықтай берілді, гранттық және бағдарламалы-мақсатты қаржы да ғалымдарға уақтылы жеткізілді (96% пайдаланылды).
Қазіргі кезде зерттеу 5 бағыт бойынша жүргізілуде. 2017 жылы гранттық қаржыландыру жолымен 1551 ғылыми жоба жүзеге асса, бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру арқылы 56 ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асады.
Ұлттық ғылыми жүйенің маңызды сипаттарының бірі отандық ғалымдардың жариялану белсенділігі деуге болады. Қазақстанның жарияланым қарқыны жағымды, 2016 жылғы жарияланымдар саны 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге артық.
Ғылыми жобаларды экономиканың және қоғамның қажетіне бейімдеу керектігіне орай ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін (ҒТҚН) коммерцияландыру жұмысы жүргізілуде.
Дүниежүзілік банкпен “Өнімді инновацияларды ынталандыру” жобасы бойынша келісім шеңберінде 2016 жылы аға және кіші ғылыми қызметкерлер арасында конкурс өтіп, 33 жоба іріктеліп алынды. Оның ішінде 23 жоба ішіндегі жоба жүзеге асуда. Бұл жобалар бойынша бизнес тарапынан қосымша қаржыландыру сомасы – 7,4%.
Өндірістік сектор консорциумдары мен инклюзивті инновация консорциумдары үшін грант бағдарламасын іске қосу жұмысы қолға алынды. Оның мақсаты – қосымша құны жоғары және экспорттық әлеуеті жоғары өнім шығаратын жоғары технологиялы кәсіпорындар құру.
2017 жылы қолданыстағы Технологияны коммерцияландыру кеңселерінің (ТКК) қызметін жетілдіру бойынша бағдарламаны жүзеге асыру басталды, оған сай қазақстандық ЖОО жанындағы үздік ТКК-ге қолдау көрсетіледі.
Қазақстандық ғылымның халықаралық кеңістікке интеграциялану процесі жалғасуда. Халықаралық ұйымдармен, баспалармен, ғалымдармен әріптестік кеңейіп, ірі халықаралық жобалар мен ұйымдарға қатысу жолға қойылуда.
Соңғы жылдары еліміздің ғылыми әлеуетін күшейту, жас мамандарды тарту бағытында белсенді шаралар қолға алынған. Сонымен қатар, жуық арада ЖОО және ҒЗИ негізінде ғылыми және инновациялық әлеуетті дамыту шараларын қолға алу жоспарланып отыр.
Есептің бірінші және екінші, үшінші, төртінші бөлімдерін мына сілтемелер арқылы өтіп көре аласыздар:

https://yvision.kz/post/770932
https://yvision.kz/post/770941
https://yvision.kz/post/771532
https://yvision.kz/post/771535

0
0
339

Еще по теме

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КЕҢІСТІККЕ БІРІГУІНІҢ ҮЗДІКСІЗ ҮДЕРІСІ - Yvision.kz