Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері санының артуы, санитарлық тәртіптер мен нормативтердің жеңілдетілуі мен үй тапсырмаларының азаюы

31 мамыр күні Л. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Байланыстың бұл түрі білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жайында түсінікті тілде әңгімелеп, ата-аналар, сарапшылармен байланыстың сапасын жақсарту мақсатында таңдалды.
Бұл кездесу барысында Ерлан Сағадиев (https://yvision.kz/post/770932) министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары жайлы әңгімелеп, өзінің блогы мен министрліктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына келіп түскен көптеген сұрақтарға жауап берді. 
Одан кейін вице-министр Эльмира Суханбердиева сөз алып, 2016-2017 жылдың қорытындысы жайында, «2050 стратегиясы» мен «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары төңірегінде министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар жайлы мәлімет берді. 
Оның айтуынша, министрлік қазіргі кезде балаларды мектепке дейінгі білім беру орындарымен қамтамасыз етуді қолға алған. Басты өзгерістердің бірі — санитарлық талаптардың өзгеруі мен үй тапсырмасын кеміту арқылы балалардың жүктемесін азайту. Сондай-ақ вице-министр 2017-2018 оқу жылдарына алға қойылған міндеттерді де анықтады. 

Бүгінде Қазақстанда 9410 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Бір жыл ішінде олардың саны 825-ке артты. ЭӘДҰ сарапшылары мұндай өсімді бұрын-соңды болмаған деп бағалап отыр. 

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, мемлекет пен жекеменшіктің қазіргі әріптестік байланысын нығайту үшін Санитарлық ережелерді қайта қарастырды. Нәтижесінде оған келесідей өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, мейлінше жеңілдетілді: 
- топтарды жасақтау енді қыркүйек айынан келесі жылдың қыркүйек айына дейін жүзеге асырылады; 
- сабаққа үш күннен артық келмеген баланы мектепке дейінгі мекеменің медицина қызметкері қарап, суық тиюден әлі толық айықпағаны анықталатын болса, оны қайтадан педиатр маманға жібереді; 
- бүлдіршіндердің күн тәртібі алдымен ата-аналар комитетімен келісіледі, содан кейін мектепке дейінгі мекеме жетекшісі оны бекітеді; 
- 4 сағаттан аз жұмыс істейтін мектепке дейінгі мекемелер асханасыз да жұмыс істей алады. 

Жарамды аумақты тиімді пайдалану үшін жаңа санитарлық ережелер бойынша жатын бөлме мен ойын бөлмесін бірге пайдалану қарастырылған. 

Министрлік келесі мәселелердің де шешімін табуды көздеп отыр: 
1. Ұсынылатын білім қызметінің сапасынан гөрі санына назар аудару; 
2. Кезекті түзу және балабақшаға жолдама беру кезінде ашықтықтың болмауы; 
3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтардың кәсіби білігінің төмендігі. 

Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дерлік 2020 жылға қарай Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (БҒДМБ) шеңберінде шешіледі, ол үшін: 
- педагогтардың жалақысы көтеріледі; 
- маман дайындауға грант саны артады. 

Енді орта білім беруге қатысты мәселелерге ойыссақ. Бағдарлама мазмұнының жаңартылуына орай оқушыларды бағалау жүйесі де өзгереді. Сонымен бір мезгілде 5 күндік оқу аптасына және бастауыш сыныптар үшін базалық оқулықтар шығаруға көшу процесі жүреді. 

“Цирфлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде: 
1-сыныптан “Жаратылыстану” арқылы білім беру ісінде негізгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түсінігін енгізу; 
2-сыныптан бастап өндірісте талап етілетін тілде бағдарламалауды үйрету қарастырылған. 

Орта білім беру ұйымдарын (шағын комплектілі мектептерді) компьютермен қамтамасыз ету үшін арнайы білім контенті (Bilimbook) орнатылған жеке компьютерлер сатып алынуда. 

Сонымен қатар, білім беруді басқару жүйесін қалыптастырып, министрлік және аймақтар үшін бірыңғай құрал қалыптастыру жұмысы жүріп жатыр. 

Бүгінде білім беру жүйесінде Білім берудің ұлттық мәліметтер базасы бар. Есеп берудің қайталануына жол бермеу мақсатымен “Kundelik” электронды журнал мен күнделіктің бірыңғай ақпараттың жүйесі пилоттық жобасы шеңберінде бекітілген республикадағы 4 мың мектеп есепті тек электронды нұсқада тапсырады. 

Оқушылардың жүктемесін азайту мақсатымен министрлік Үй тапсырмасын қысқарту бойынша ұсыныстарды бекітті. Келесі жағдайда үй тапсырмасы берілмейді: 
- мереке және каникул күндеріне; 
- бақылау жұмысынан кейін; 
- бірінші сынып оқушыларына. 

Қорытынды емтихан және ҰБТ-ның жаңа форматына да тоқтала кеткен жөн. ҚР “Білім беру туралы” заңына сәйкес, 2017 жылы мектеп түлектері: 
- мектепте мемлекеттік бітіру емтихандарын; 
- 164 пунктте Ұлттық бірыңғай тестілеу (жоғары оқу орнына түсу үшін) тапсырады. 

Мектеп бітірушілер қорытынды емтиханды бес пәннен тапсырады, оның біреуін өздерінің қалауымен таңдайды. Ал ҰБТ-2017 тапсырмаларының мазмұны 2 блоктан тұрады: 
1-блок — математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (білім алған тілінде); 
2-блок — бейіндік пәндер. 

Жыл сайын мемлекет білім беру саласы үшін жаңа заманауи нысандардың құрылысына айтарлықтай қаражат бөледі. Тек 2017 жылдың өзінде ғана 158 мектеп салуға 104,3 миллиард теңге бөлінген. 

Оқу мазмұнының жаңартылуына орай алдағы үш жылда 350 мың педагог кәсіби біліктілігін арттыру курсынан өтетін болады. 

Республикамыздағы балалар құқығын қорау мақсатында Балалар құқығы жөніндегі уәкілетті институт жұмыс істейді. Бүгінде әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан шыққан 255 мың бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Мектебі жоқ елдімекендерде тұратын 22 мың бала күнделікті мектеп автобусының қызметін пайдаланады. 

Кәмелет жасына толмағандарға қатысты жыныстық қылмысқа қарсы жауапкершілік шаралары күшейтілді. Дегенмен, балалар құқығын қорғау саласында әлі де шешілуі тиіс мәселелер бар, мәселен: 
1. Отбасылық жағдайдың нашарлығы. 
2. Кәмелет жасына толмағандарға қатысты және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар. 
3. Балалардың өз-өзіне қол жұмсауы. 

Бұл мәселелерді шешуде бүкіл мүдделі органдар мен тұтас азаматтық қоғам күш біріктіруі тиіс. 

Жаңа оқу жылындағы жұмыс мемлекет басшысының “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік” атты халыққа жолдауында белгіленген даму басымдықтарына орай жүргізілетін болады. Нөлінші сынып енгізу. Бұл 2019 жылы 12 жылдық білім беру жүйесін енгізудің алғашқы қадамы болмақ. (0+11 сыныптар). 
Нөлінші сыныпты мектепте немесе мектепке дейінгі білім беру мекемесінде оқуға болады. Бірізді бағдарлама мен біркелкі оқулық енгізу жоспарланып отыр («Әліппе» мен «Букварь»). Ерлан Сағадиевтың айтуынша, нөлінші сыныпты енгізу туралы қанатқақты жобаға қатысуға мыңнан астам мектеп пен балалар бақшасы тілек білдірген. 
Келесі шығарылымнан министрлік сарапшысы Насымжан Оспанова, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахмед-Закидің, Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Абдрасиловтің баяндамаларын көре аласыздар.


0
0
729

Еще по теме

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері санының артуы, санитарлық тәртіптер мен нормативтердің жеңілдетілуі мен үй тапсырмаларының азаюы - Yvision.kz