Айды игеру хроникасы

Екі бірдей мерейтой тұсында жалғыз табиғи серігімізге жасалған пилотты және пилотсыз ғарыш ұшыруларын еске түсіруді ұсынамыз.
Алғашқы нәтижелер
Барлығы Кеңес Одағынан басталды. Үш автоматты планетааралық станция Байқоңыр космодромынан 1958 жылдың қыркүйек, қазан және желтоқсан айларында аттанып, алайда тасымалдаушы-зымырандардағы апаттардың салдарынан мақсаттарына жете алмады.
1959 жылы Айға қатты қонуға бағдарламаландырылған тағы төрт автоматты станция ғарышқа жол тартты. "Луна-1" станциясы көздеген мақсатынан мүлт кетті, әйтсе де әлемдегі тұңғыш жасанды Күн серігіне айналды. Оның дублёры — дәл осындай атауға ие, дегенмен өзге сериялық нөмірдегі станция тасымалдаушы-зымырандағы жарылыс кезінде жойылды. «Луна-2» Жаңбырлар теңізі аймағында ай реголитіне соғылды. Ал «Луна-3» Жерге Айдың келесі бетінің суретін жіберді.

АҚШ-та 1950-ші жылдардың соңында Айға автоматты аппараттарды ұшыруға тырысты, алайда барлығы сәтсіз болды. Бәрі 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин әлімдегі тұңғыш Жерден тыс кеңістікте болған адам атанған уақытта өзгерді. Осыдан соң ғарыш жарысы басталды.

Луна-3 жіберген радиосигналдың негізінде жасалған Айдың арғы жағының алғашқы фотосуреті. Суреттің сапасы төмен болғанымен, бұл оқиға КСРО-ның технологиялық салтанаты еді.
Рейнджерлер өлімі
1961 жылдың мамырында америка президенті Джон Кеннеди халқының алдына мақсат қойды – "алдағы он жылдыққа дейін адамды Айға жеткізіп, қауіпсіз түрде қайта қайтарыңдар". Ол жайдан-жай атылмаған болатын. 1960 жылы NASA бірнеше корпорациямен Apollо бағдарламасына қатысуға байланысты келіссөздер жүргізіп жатқан. Бағдарламаға гректердің жарық және жебеден ату құдайы Аполлонның құрметіне осындай атау берген NASA басшыларының бірі Авраам Силверстайн болатын. 1961 жылы 7 ақпанда американдық ғарыш агенттігі басқарылатын ұшулар жетекшісі Джордж Лоу "Айға басқарылған түрде қону жоспары" жұмыс баяндамасын ұсынды.
NASA ғарыш зондтарының көмегімен Ай жайлы ақпарат жинай бастады. 1961 және 1965 жылдары Ranger бағдарламасы өтті, оған сәйкес американдықтар тоғыз басқарылмайтын аппарат ұшырды. Тек соңғы үшеуі ғана нәтижеге ие болып – Айдың жақыннан түсірілген көрінісін әкелді. Аталған аппараттардың барлығы міндеттерін орындап болғаннан кейін, Ай бетіне соғылып қирады.
Айға жұмсақ қону
Артынша Айға жұмсақ қону кезегі келді. Тарихта мұны 1966 жылдың ақпанында алғаш рет жүзеге асырған кеңестік «Луна-9» станциясы болды. Кейін дәл осындай міндетті «Луна-13» те сәтті орындады.

«Луна-9», 31 қаңтар 1966 жыл
Дәл сол жылдың маусымында американдық Surveyor-1зонды да Айға сәтті қонды. Surveyor бағдарламасы аясында барлығы жеті аппарат ұшырылды, олардың бесеуі қонуды сәтті аяқтады. Барлық зерттеу аппраттары камерамен жабдықталған және Жерге Айдың жаңа қырының суреттерін жолдаған.
Айдағы серуен
Айды игеру тарихындағы айтулы оқиға 1969 жылдың жазында – американдық Apollo-11миссиясы аясында адамды тұңғыш рет Айға қондырған уақытта болды. Бортында үш адамы бар басқарылатын ғарыш аппараты 16 шілдеде Канаверал мүйісінен, заманауи зымыранқұрылысының негізін қалаушылардың бірі Вернер фон Браунның жетекшілігімен құралған өте ауыр Saturn-V зымыранында ұшырылды.

Apollo-11 ай маңындағы орбитаға және қонуға ең ыңғайлы позицияға жеткен уақытта, негізгі кемеден екі астронавт: экспедиция командирі Нил Армстронг пен пилот Эдвин Олдрин отырған Eagle қону модулі бөлініп шықты. Сапардың үшінші мүшесі Майкл Коллинз Apollo-11бортындағы командалық Columbia модулінде қалды.

Boeing жасақтаған ай көлігі 1970-ші жылдар басында «Аполлон» — «Аполлон-15», «Аполлон-16» және «Аполлон-17» бағдарламалар экспедициясында қолданылған. екі орынды жол талғамайтын электромобиль қайта зарядталмайтын екі батарея көмегімен жүретін, сондықтан батареялар разрядталғаннан кейін көлік ай бетінде қалтырылды.
20 шілдеде Eagle Айдағы Тыныштың теңізіне түсіп, келесі күні астронавтар модульден кетті. Бірінші болып Ай бетіне Армстронг аяқ басты және келесі тарихи сөздерді айтты: "Бұл бір адам үшін кішкентай қадам, алайда адамзат үшін үлкен серпіліс". Астронавтар 21 кг ай топырағын жинап, модуль маңына америка туы мен екі аспап: сейсмометр және Айды лазерлі локациялауға арналған жарықты бұрыштық шағылыстырғышты бекітті.

Астронавт Джон Янг Аполлон-16 миссиясы Айға қонғанда американдық туға секіріп сәлем беруде.
Айда болған 21 сағат 36 минуттан кейін Eagle жоғары көтеріліп, бірнеше маневрден кейін командалық модульге қайта қосылды. Астронавтар жорық қозғалтқышын іске қосқаннан кейін, кеме ай маңындағы орбитадан Жерге қарай ұшу траекториясына шықты. 24 шілдеде Apollo-11 Тынық мұхитына қонды, мұнда оны Hornet авитасымалдағышы күтіп алды. 195 сағат 18 минут және 18 секундқа созылған миссия сәтті аяқталды.
Apollo бағдарламасы аясында тағы да бес басқарылатын кеме Айға барып-қайтты: 1969 жылы Apollo-12 және 1971–1972 жылдары Apollo-14, 15, 16 және 17. Олардың экипаждары Жерге Айдың көрінетін жағындағы түрлі аймақтардан алынған, жалпы көлемі шамамен 380 кг-ды құрайтын жынысты жеткізді. Бұл үлгілер әлем бойынша ондаған зертханаларға зерттеуге жіберілді.
Жаңа ойыншылар

Hiten орбиталды спутнигі (алғашқы атауы Muses-A) Ай орбитасында
1970-ші жылдың ортасына дейін КСРО және АҚШ сәтті және аса сәтті емес шамамен 60 ай миссиясын жүзеге асырды. Артынша ай ғарышы ұзақ ұйқыға кетті. 1990-шы жылы бұл тыныштықты көп ұзамай үшінші айлы державаға айналатын Жапония бұзды. Қаңтар айында ол жер маңындағы орбитаға Айға Hagoromo кішігірім зондтын ұшырған Hiten автоматты станциясын аттандырды. Мүмкін ол мақсатына жеткен де болар, алайда радиоқабылдағыштағы ақауға байланысты бұл жайлы хабарлай алмады. Енді Айға станцияның өзін жіберу жайлы шешім қабылданады. Әрі бірнеше айлық күрделі бағдар қолданылады, себебі стандартты жолмен жүруге жанармай жетпейді. Бұл бағдарды американдық әуе механикасы жөніндегі маман Эдвард Белбрано құрды және ол төменэнергетикалық трансфер деп аталды. 1991 жылы қазанда Hiten станциясы Айдың жасанды серігіне айналды. Бұл миссия ерекше ғылыми нәтижелер берген жоқ, есесіне жаңа технологияларды сынап көруге көмектесті. Жерден жіберілген команда бойынша 1993 жылы 10 сәуірде станция Айға соғылды.
1990-шы жылы АҚШ қайта қатарға қосылды. Бұл кезеңдегі америкалық маңызды миссиялардың бірі 1994 жылы жүзеге асты. Қаңтар айында Айға бортында көптеген зерттеу аспаптары бар Clementine зонды жол тартты. 20 ақпанда зонд ай маңындағы орбитаға шығып, 330 айналым жасап, Жерге шамамен екі миллион цифрланған сурет жіберді. Мамыр айында зондты Географ астероидымен болатын зерттеулік рандеву үшін орбитадан шығарып алды. Алайда, маневр жүзеге аспай қалды, осылайша аппарат Күннің қасында мәңгі қалықтауға аттанды. Дегенмен, Clementine пайда келтірді – ол Айдың тұтас бетінің детальды кескінін құрып, сондай-ақ алғашқы уақыттарда Айдың Солтүстік және Оңтүстік полюстерінде су мұзының барлығына қатысты таңқаларлық шешімнің қабылдануына түрткі болған деректерді жинады. Бұдан кейінгі қайта тексерулер мәліметтің қате екенін көрсетті. Алайда кейін, өзге миссиялар аясында ай полюсінен бәрібір де су аңғарылды.

Ай полюстарындағы құрамында мұз болуы мүмкін учаскелер көгілдір ақық түспен боялған. Сол жағында оңтүстік полюс, оң жағында солтүстік полюс бейнеленген
Қытай тәжірибелері
Біздің ғасырымызда Жердің серігіне қызығушылық танытушылар қатары кеңейе түсті – осылайша, ай экспедициялары да, қызықты жаңалықтар да көбейді.
2007 жылы Айға Қытай назар аударды. 24 қазанда қытайлық Long March 3A тасымалдаушы-зымыраны ғарышқа Chang'e 1зерттеу станциясын алып кетіп, 5 қарашада ол айдың серігіне айналды. Ол 2009 жылдың 1 наурызына дейін жұмыс істеп, ай бетінің дәлдігі мен сапасы жағынан бірегей үшөлшемді картасын жасауға мүмкіндік берді.

Chang’e 1 лазерлі альтиметрдің мәліметтері бойынша Айдың топографиясы
Келесі екі ұшыру Chang'e-2 және Chang'e-3 қытай инженерлері конструкциялық шешімдерінің жұмысқа қабілеттілігі мен сенімділігін растады. Артынша керемет Chang'e 4 миссиясы аттанып, әлі күнге дейін жұмысын жалғастыруда.

Chang'e 4 аппаратын Yutu-2 марсоходы Айдың арғы жақ бетінде суретке түсірген
Төртінші Chang'e-ті 2018 жылы 7 желтоқсанда ұшырды. Осы жылдың қаңтарында оның бортында Yutu-2 айкезбе-роботы бар қонушы модулі космонавтика тарихында тұңғыш рет Айдың кері бетінде Фон Карман кратері аймағында жұмсақ қонды. Chang'e-4 зерттеу құралымен бірге айға тұйықталған биосфералы контейнерді жеткізді. Оның ішінде түрлі өсімдіктердің консервіленген күйдегі тұқымдары бар. Қытай ұлттық ғарыш басқармасының хабарлауы бойынша, айға қонғаннан кейін бірнеше күннен соң, ұрықтардың бірі көктей бастаған. Алайда, ай түні орын алып, қатты суық болуына байланысты, тәжірибені тоқтатуға тура келді. Бүгінде Yutu-2 суретке түсіріп, өлшем жүргізіп, топырақ сынамаларын алумен айналысуда.
Үндістан және ай суы
2008 жылы Ай сапарына Үндістан қосылды. Ол ай маңындағы орбитаға бортында он екі зерттеу аспабы бар Chandrayaan-1 автоматты станциясын аттандырды. Олардың алтауы, соның ішінде Айдың Оңтүстік белдеуі аймағында қатты қонуды жүзеге асырған зонд Үндістанға, қалған алтауы — NASA, ESA және Болгар аэроғарыш агенттігіне тиесілі.

Үнділік планетааралық станцияның атауы Chandrayaan санскриттен аударғанда «ай кемесі» мағынасына келеді

«Аполлон-11» отырғызу орнының суреті

NASA-ның ай спутнгі жасаған
Бұл миссияның басты жетістіктерінің бірі – Айдың екі белдеуінен де NASA аспаптары көмегімен су мұзын аңғарғаны. Солтүстік белдеуде қатып қалған суды Moon Mineralogy Mapper видеоспектрометрі, ал Солтүстікте – Mini-SAR тапты. Әрі соңғы аппараттың дерегі бойынша, шамамен 40 солтүстік кратерде сулы мұз бар, оның жалпы мөлшері шамамен 600 млн тоннаны құрайды.
Осы жылдың сәуірінде Үндістанда Chandrayaan-2 станциясын ұшыру жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес ол Айдың Оңтүстік жартышарындағы Манцини және Симпелий кратерлері арасына қонуы тиіс.
Тағы да АҚШ
АҚШ ғарыш агенттігі бұл аралықта өз ұшыруларын жүзеге асырып жатты. 2009 жылдың шілдесінде NASA Айға қатарынан екі аппарат жолдады: орбиталық автоматты станция LRO және екпінді жерге қонушы зонд LCROSS. Оларды Айға жеткізу бойынша миссия сәтті өтті және аппараттар әлі күнге дейін жұмысын жалғастыруда. Олардың жетістігі қатарында: Ай атмосферасынан гелий атомын, аргон атомын және ай топырағынан үлкен концентрацияда күміс және сынапты аңғару жатады. Сонымен қатар, Айдың Оңтүстік белдеуін егжей-тегжейлі зерттеудің арқасында, ол жақта су мұзының аз еместігі – ол диаметрі 21 км-ді құрайтын Шеклтон кратерінің шамамен 22 %-ын жауып жатқаны анықталды.
NASA-ның соңғы ең қызықты ай мисияларының бірі 2013–2014 жылдары LADEE зондының қатысуымен өтті. Ол аргон мен гелийдің Айда ең кеңінен таралған газ екенін анықтады, сондай-ақ ай атмосферасында неонның бар екенін бекітті.
Израильдік бастама
2019 жылы Айды аспаптардың көмегімен зерттеуді Израиль де қолға алды. Ақпан айының соңында біздің табиғи серігімізге SpaceIL коммерциялық емес компаниясы израильдік авиапроммен бірге тұрғызған Beresheet басқарылмайтын аппараты атанды. Бұл ай мисиясына арналған ғарыш аппараттары тарихындағы толықтай жеке инвестор қаражатына тұрғызылған алғашқы аппарат.

Бірегей израильдік Beresheet зонды ракталық қозғалтқыштарыдың көмегімен «секіретін» болады
Жоспар бойынша, аппарат сәуір айында-ақ айлы магнитті аномалиялардың бірінің қасына, Тазалық теңізі аймағында жұмсақ қонуды жүзеге асыруы тиіс. Негізі, оның басты мақсаты – осы жергілікті магнитті полюстің өлшемін жүргізу.
Ай миссияларының 60 жылдық хроникасы осындай. Ол құнды ғылыми ақпараттардың алып ауқымын берді. Мысалы, Айдың лазерлі локациясы тұрақты тартылысты есептеуге көмектесті, ал бұл, өз кезегінде, Эйнштейннің жалпы салыстырмалылық теориясын растауға көмектесті. Дегенмен, бұл мүлде басқа тақырып.
