Перейти к содержимому
Обложка сообщества Qogam

«Аяғына дейін айқасамыз. Кері шегіну жоқ»

Салтанат Нүкенованың туыстары оның өліміне күдікті Қуандық Бишімбаевтың сотын ашық жүргізуді талап етпек. Бұл туралы КТК телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында марқұмның ағасы Айтбек Амангелді мәлімдеді.

Ол сот барысына журналистер қатысса оның әділ өтетітініне сенімді.

«Менің білуімше, оның (Бишімбаевтың) айналасында әлі күнге дейін билікке тікелей қатысы бар адамдар көп болды. Журналистер қатысса, сот ашық өтуі тиіс. Яғни бір нәрсені жасырып қалуға, сөзден іркілуге немесе әділетсіз шешім шығаруға мүмкіндік болмайды», – деді Айтбек Амангелді.

Қазір ол Салтанаттың өліміне қатысты жалғыз жәбірленуші болып отыр. Айтбектің айтуынша, қайғылы жағдайдан кейін өз-өздеріне келе алмай қалған әке-шешесі сот отырыстарына қатысып, қанды оқиғаның жәй-жапсарын біліп отыруға қауқарсыз. Марқұмның ағасы экс-министр өмір бойына сотталады деп үміттенеді. Ол енді татуласу деген мүлдем болмайды деп отыр.

«Татуласу туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ. Кешіре салатындай жәй әншейін аяғымда басып кеткен жоқ қой. Аяғына дейін айқасамыз. Ең жақын адамымыздан айырылдық. Бұл жерде кері шегіну жоқ», – деді Айтбек Амангелді.

Айта кетейік, кеше бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды. Ол осыдан екі ай бұрын әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын.

0
0
269

Еще по теме