«АСТЫҚ» ЖПІШ БАРЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР 53 ҚЫЛМЫСТЫ АНЫҚТАДЫ

Астық жинау науқаны кезінде полицияның жұмысы облыстың аграрийлеріне астықты қылмыстық қолсұғушылықтан сақтауға көмектесуге бағытталды. Аудан жолдарын патрульдеу үшін арнайы ұтқыр топтар құрылып, олар тек трассаларда ғана емес айналып өту жоларында да ауыр жүк көліктерінің барлық жүргізушілерінен рұқсат беретін құжаттарын тексерді.
Операцияның соңғы күндерінде ұтқыр топтың торына еш құжаты жоқ 4,7 т. арпаны жеке ЗИЛ жүк көлігіне тиеп алған Шал ақын ауданының тұрғыны түсті. Мал өсірумен айналысатын ар адам жаңа астық өнімін қырман басынандағы комбайнның бункерінен «сатып алғаны» белгілі болды. Механизатор «сатушы» ретінде әрекет еткен, екеуара жасалған «саудадан» 30 теңге пайда тапқанымен, ал керісінше ТНС-2020 шаруашылығына келтірілген шығын 200 мың теңгені құрады.
Бұрын бұл ауданда тағы бір осындай жолмен арпа ұрланған, алайда сол жолы ЖШС директоры күдіктіні егістікке жақын жерде ұстаған. Шақыру бойынша келген полицейлерге тек күдіктіні ұстау мен болған оқиғаның мән-жайын тергеуге кірісу болатын. Келтірілген шығынның сомасы 164 теңгеге бағаланды.
«Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің 188 «Ұрлық» және 196 «Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу» баптары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деп тоқтала кетті Шал ақын ауданының ІІБ бастығы полиция майоры Қабидолла Нұрахметов. – Бұдан басқа, ЖПІШ барысында ауданда құны 50 мың теңге тұратын «КамАЗ» жүк көлігінің аккумуляторын ұрлау және ауданның ЖШС бірінің күзетшісі аз мөлшерде арпа ұрлау фактілері ашылды».
Операция барысында астық өнімдерін ұрлаудың 14, ЖЖМ ұрлаудың 23, ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлаудың 14, жем азықтарын ұрлаудың 2 фактісі ашылды.

СҚО ІІД баспасөз қызметі
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN
