«АПАЙЛАР» мен «АҒАЛАР» не дер екен?
Ел Басы айтқандай, ұлттық жаңғыру барысында неден арылуымыз керек, ал нені сақтап, тіпті өткенге қайта оралуымыз керек? Заман өзгерен сайын адамдардың қарым қатынасы да өзереді.
Мысалы, жолдас деген қаратпа сөз қолданыстан шығып қалды. Орнына мырза деген қаратпа сөз келді. Тек бай адам ғана мырза болады сұрамшақ алақанды бос қалтырмайды.
Апай, ағай деп жарам сақтанған балаға, «туысы» бір баллды артық қоя салады.

Мен 1-ші класты 1938 ж бастап 10 класты 1948 ж бітіргенше Ұлан, Жарма (Шығыс Қаз. обл) аудандарында төрт метепте оқыппын. Солардың бәрінде біз оқытушыны апай- ағай емес мұғалім дейтінбіз. Орта мектептің дирекоры Нурпеисов қазақ әдебиетінен сабақ беретін. Тіпті оған да жарамсақтанбай мұғалім дейтінбіз.
Тіпті 1948-1952 жылдары Семей пед.институтта қазақ тілі әдебиет факултетінде оқығанда оқытушыларды мұғалім дейтінбіз. Тіпті осының өзі бәрімізге ұнап тұратын. Адамды оның мырзашылы үшін ғана емес оның мамандығын, шеберлігін, бірліктілігін әйгілеп айту. Зор құрмет белгісі.
Мысалы, доктор, профессор, президент, мастер, маэстро, молда, молдеке, қажы, балгер т.б. осындайлардың ішінде «мұғалім» оң силы атақ (обращение) қаратпа сөз.
Кейде мен ойлаймын, біздің қазіргі «ағай-апай» өзбектерді «ака» дейтін қаратпа созінің жалғасы шығар. Қазақстанның кей бір облыстарында «ака –аға» дей берсін, өзге аймақтарда «мұғалім» деген құрметті қаратпа сөзге (обращение) қайта көшуге болмас па екен? Оған апайлар, ағалар (акалар) оқу-білім органдары не дер екен?
