Алтынсарин өміріндегі бір күн
Бір таңқаларлығы, Алтынсарин заманында да мектептер дәл осындай жүйе бойынша қаржыландырылған. 23.04.1886 ж. «Орынбор оқу округі попечителінің қатынасы...» деген құжаты осыны дәлелдейді.Торғай облысының мектептерінде «Министрлік бастауыш мектептеріне арналған нұсқаулыққа» сәйкес Орынбор округінің Оқу басқармасымен қосымша капитал құруға рұқсат берілген. Торғай облысы мектеп инспекторы Ыбырай Алтынсариннің қатысуымен барлық орталық мектептерде «училищелерді жыл сайын сметалық қамтуға жіберілетін қоғамдық соманың қалдықтарынан құрылған қосымша капитал...» бекітілген. Алайда, облыстың әскери губернаторының жеке рұқсатын талап ететін жағдайлар да болған.
➡️ Толық мәтінді оқу: Алтынсарин Ы. Шығар. жинағы: үш томдық. – Алма-Ата, 1976. – Т. 2. – Б. 358-359.


