Алматыда 6-рет фристайлдан FIS Әлем Кубогының Кезеңі өтеді
2025 жылы 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Шымбұлақ тау курортында (Қазақстан, Алматы қ.)фристайлдан FIS Әлем Кубогының Кезеңі өтеді.

Могул Параллель могул Шаңғы акробатикасы Жарысқа әлемнің 18-ден астам елінің мықты деген спортшылары қатысады, Олимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының қатысушылары мен жеңімпаздары, өткен кезеңдердің жеңімпаздары келеді, жалпы қатысушылар саны - 100-ден астам. Қатысушы елдер: Австралия, Канада, Қытай, Чехия, Испания, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Жапония, Корея, Швейцария, Швеция, Украина, АҚШ, Қазақстан– қатысушы елдер. Қазақстандық спортшылар жоғары нәтижелер көрсетіп келеді: Юлия Галышева-2011 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионы, Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. 2025 жылы АҚШ-та "параллель могул" бойынша қола медаль алды, бұл медаль мен подиумды Юлия да, бүкіл ел де ұзақ күтті. Қазіргі уақытта Әлем Кубогының жалпы рейтингінде 6-шы орында тұр. Павел Колмаков - "параллель могул" бойынша 2024 жылғы өз алаңында өткен Әлем кубогы кезеңдерінің күміс жүлдегері. 2024 жылы FIS қамқорлығымен өткен чемпионатта (Австрия) могул және параллель могул бойынша 1-орын алды.

2025 жылы АҚШ-тағы әлем кубогында параллель және жеке могул бойынша Қазақстанға көптен күткен күміс және қола медальдарды әкелді. Қазіргі таңда Әлем Кубогының жалпы рейтингінде 11-орында. Анастасия Городко-2019/20 Еуропа Кубогының жалпы есептегі жеңімпазы. Барлық 9 FIS фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 6 рет подиумда болып, 1 және 2-орындарды иеленді. Осы маусымда ол әлем кубогының кезеңдерінде бірнеше рет үздік 10-дыққа кірді. Қазіргі уақытта Әлем Кубогының жалпы рейтингінде 10-шы орында. Канададағы Әлем кубогының кезеңдерінде ол Францияның үздік спортшысы LAFFONT Perrine-ді басып озып, ересектер кезеңдерінде тұңғыш рет подиумда болып, екінші орынға ие болды. Жарыс бағдарламасы: 25 ақпан– Құрама командалар келетін ресми күн 28 ақпан– Могул 1 наурыз– Параллель могул 2 наурыз– Шаңғы акробатикасы Әр жарыс күнінің қорытындысы бойынша ресми жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Instagram-дағы ресми парақшаларда жаңалықтар мен эксклюзив материалдарды оқып жүріңіздер:
@FIS Freestyle @Kazakhstan Ski Association @Shymbulak Mountain Resort Әлем Чемпионаты кезінде әлем бойынша онлайн көрсетілімді ұйымдастыру жоспарланған.

Жарысты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Алматы қаласының әкімдігі Спортты дамыту дирекциясы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ «Самұрық Қазына» АҚ «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» Ұжымдық Қоры «Қазақстан Республикасының Ұлттық Шаңғы Ассоциациясы» ЗТБ ФА «Шымбұлақ» ТК Сондай-ақ бас серіктестер “Самұрық Қазына” АҚ, Sport Qory-на және шараның ресми демеушілері - Mastercard төлем жүйесі мен «Jusan Bank» банкіне айрықша алғыс білдіреміз. Анықтама: 2019 жылдан бері FIS Әлем Кубогы Кезеңдері Алматыда, Орталық Азияның үздік тау курорттарының бірі - Шымбұлақта өтіп келеді. Жарысты өткізу үшін трассалар FIS халықаралық стандарттарына сай жасалған. 2018/19 маусымда Алматыда алғаш рет могул бойынша фристайлдан Әлем кубогының Кезеңі өтті. Жарысқа 12 елдің үздік спортшылары қатысты. Қазақстандық команданың көшбасшысы Юлия Галышева өз алаңында алтын медаль жеңіп алды. 2019/2020 маусымда Алматыда тағы да параллель могул ("Шымбұлақ" ТК) бойынша фристайлкезеңдері және шаңғы акробатикасы бойынша("Ой Қарағай" ТК) фристайлдан FIS Әлем Кубогының бірінші кезеңі өтті.

Рейхерд Дмитрий "параллель могул" бойынша 4-ші орынға ие болды. Алдабергенова Жанбота "шаңғы акробатикасы" бойынша 3-орын алды. 2020/2021 жылы Алматыда FIS Әлем Чемпионаты және "параллель могул" және "шаңғы акробатикасы" бойынша фристайлдан Әлем кубогының кезеңдері ұйымдастырылды. Қазақстандық спортшылардың FIS Әлем чемпионатында өнер көрсетуі: Городко Анастасия "параллель могул" бойынша 3-орын, Юлия Галышева "могул" бойынша 2-орын, Павел Колмаков "могул" бойынша 3-орын алды. 2022/2023 маусымда Алматы қаласында төртінші рет Әлем кубогының финалдық кезеңдері өтті. Маусымның соңғы жарысында хрусталь глобустар беріледі, оларды өз бағытында ең көп ұпай жинаған спортшылар алады. Финалдық кезеңдерде Павел Колмаков "могул" бойынша 2-орын алды.
"Параллель могул" бойынша Павел Колмаков жарыстың финалына өтіп, күміс медаль жеңіп алды. Осылайша ол Әлем Кубогында бірнеше рет жүлделі орындарға ие бола отырып, ең мықты спортшы атағын растады. 2025 жылдың қаңтарында жаңа жылдық мерекелердің қызып тұрған кезеңінде Шымбұлақ тау курортында алғаш рет FIS жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Қазақстандық спортшылар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті және олардың көпшілігі үшін жарыс халықаралық аренадағы алғашқы ірі старт болды. Әдетте бұл деңгейдегі старттар ақпан – наурыз айларының соңында өтеді, бірақ курорт командасы чемпионатты тіпті ең қызу маусымда және қарбалас жағдайда да ұйымдастырып, өткізе алды. Анастасия Городко могул бойынша FIS жасөспірімдер арасындағы фристайлдан Әлем чемпионатының күміс медалін және параллель могул бойынша алтын медалін жеңіп алды. "Командалық параллель могул" бағытында Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды. Феклистова Юлия мен Раструба Денис жұбы командалық 2-орынға ие болды. Дінмұхаммед Райымқұлов Қазақстанға "шаңғы акробатикасы" бойынща фристайлдан екінші алтын медаль алып келді. Финалдық әрекетте Райымқұлов 104.52 балл жинады, бұл Қазақстанға осы бағыт бойынша жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алғашқы жеңісті сыйлады. 2024/2025 маусымда FIS Әлем Кубогы кезеңдерінің мәні зор, себебі онда Милан-Кортинада өтетін Олимпиада ойындарына спортшылар іріктеледі. Бұл - бізді тартысты сайыс күтіп тұр деген сөз, себебі спортшылар тек FIS ұпайлары үшін ғана емес, 2025/2026 жылғы қысқы олимпиадаға қатысу мүмкіндігін алу үшін іріктеу ұпайларын алу үшін де жарысқа түседі.Ұйымдастырушылар комитеті “SportQory” спортты қолдау қорына алғыс білдіреді.

