Yvision.kz
kk
Спорт
Спорт
916 постов313 подписчиков
Все о спорте и здоровом образе жизни
0

Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке өз мәресіне жетті

Мамыр айында қала жастарының спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан чемпионат өтті.

Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке өз мәресіне жетті


Салауатты өмір салтын насихаттаған спорттық аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан құралған 16 команда қатысты.

Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан турнир өткен болатын.

undefined

Тутқабек Бауыржан, «Қазына» базарының капитаны:

«Алматы қласының NEET санатындағы жастарға ерекше ден қойылып, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз! Осы өзіміз өмір сүріп отырған, Алатаудың баурайынан орын тепкен Алматы қаласындағы қаншама жаңа жас спортшылармен және жастармен тәжірибе алмасуға септігін тигізген осындай игі іс-шаралар кеңейтілген көлемде жалғасын тауып, жиі ұйымдастырылса» деген пікірін қосқанды жөн көрдік.

Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік спорт» Жобасының тапсырыс берушісі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы. Оны ұйымдастыру биыл байқау құжаттарына сәйкес «Social project management» орталығы» қоғамдық қорына жүктелді.

Чемпионат екі спорт залда қатар өтті.

undefined

«Қырғауылды», «Бақорда», «Арғымақ», «Арғымақ1», «АлтынОрда», «Бақорда» т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан сонымен қатар NEET санатындағы «VKM», «Белгібай», «Отау-Құрмет» яғни жұмыссыз жастардан жүрген құралған 16 команда қатысты.

Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда екі топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Командалар керемет ойын өрнегін көрсетуге тырысып-ақ бақты. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен командалар арасындағы ойын тартысты өтті.

undefined

Финал!

«Белгібай» мен «Арғымақ» командалары Алтын медаль мен кубок үшін жан алысып жан берісті. Финалдық бәсекедегі екі команданың шабуылшылары бар айла-тәсілін қолданып-ақ бақты. Дегенмен 2:0 есебімен «Белгібай» командасының жігіттер басым түсіп, Алтынды өз қанжығасына байлады.

Ала допты алақанда айналдырып, байрақты бәсекеде бақ сынаған командалар арасында «Белгібай» командасы, «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен волейбол чемпионатының жеңімпазы атанып, кубокты иеленді.

Өзара бақ сынасқан құрама командалар жарысы жоғары деңгейде өтті.

Чемпионат қортындысы бойынша бірінші орын алған «Белгібай» командасына 250 мың теңгенің, екінші орын алған «Арғымақ» командасына 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі команда «Отау-Құрмет» пен «VKM» командаларына 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.

undefined

Енді алдағы уақытта «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан кемінде 16 команданың, ал үстел теннисі және киберспорт бойынша әр спорт түрінен 30 (отыз) қатысушының қатысуымен чемпионат ұйымдастыру жоспарда бар.

#ДүйсенбілікCпорт

#АлматықаласыЖастарCаясатыбасқармасы

#Socialprojectmanagement

0
346
0