АЭС-ты қай ел салса тәуелділік болады - Жақсыбек Құлекеев
Жақында Жақсыбек Құлекеевтен сұхбат алдым. Бұрын экономика министрі болды ғой. Сол уақта да АЭС салайық деген ұсыныстар айтылыпты. Бұ кісі ашық қарсы бопты. Себебі энергия тапшылығы жоқ, қайта артылып қалып жатқан. Қазір керісінше басқа елден сатып алып жатқасын қолдаймын дейді.
Ресей туралы біраз сөйледі. «Орыстар қазір атом энергетикасы саласында лидер, оны бәрі мойындайды. Байытылған уран шығаруда бірінші орында. Бүкіл өнеркәсібіне санкция салған Батыс Росатомға салуға қорқады. Себебі өздеріне керек» деп жатыр. Солай ма еді?
АЭС-тен бас тартқан Германия қиындыққа тап болды. Мәселені қайта қарамақ дейді. Сол секілді Индонезия да станциялар салып алмақ. Росатоммен келісетін түрі бар.
Құлекеевпен сұхбатымыз сұмдық талқыланып жатыр, сіз де қосыла кетіңіз.
