Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АҚТӨБЕЛІК ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ АЛҒЫС БІЛДІРУ РЕТІНДЕ СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІН ҚОНАҚҚА ШАҚЫРДЫ

13 тамыз кешкісін Жезқазған-Петропавл тас жолының 739 шақырымында СҚО ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин мен СҚО ПД ППБ Бірінші взводы командирінің міндетін атқарушы Дмитрий Белоусов жолдың жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігін байқайды. Ақтөбе қ. тұрғыны Юрий Исмагуловтың басқаруындағы 20 тонна кебек тиелген жүк көлігінің доңғалағы жарылған екен. Доңғалағының жалба-жұлбасы шыққан. Комбаттың орынбасары аталған жол учаскесінде қызмет көрсететін экипажды шақырды. Көп ұзамай ППБ қызмет инспекторлары Нарасан Әлімжанов пен Ернар Мұқанов көмекке келді. Жүргізуші мен полицейлер көлікті бір сағаттан аса уақыт бірлесе жөндеді.

«Олар басынан аяғына дейін бірге болып, маған көмектесті,- деп есіне алды Юрий Исмагулов. - Шыны керек, төрт офицердің маған көмектесіп, «қара жұмыспен» айналысып жатқандарына өзім ыңғайсыздандым. Мен алғашында бұл ойларынан бас тартқым келді, бірақ олар: «Біздің жұмысымыз – жолдағы тәртіп. Сен орныңнан қозғалмайынша, біз ешқайда кетпейміз» -деді. Мен 2000 жылдан көлік тізгіндеп келемін, жол үстінде көпті көрдім, бірақ бүгінгі күнге дейін мынандай көңіл бөлуді кездестірмеппін. Бұлар сенуге болатын нағыз азаматтар...

Біршама уақыт өткен соң жолда келе жатқан ауыр жүк көлігінің жүргізушісі патрульдік полицейлерге хабарласқан. Полицейлерге разы болған жүргізуші алғысын жаудырып: «Ақтөбеде болсаңыздар, есігім әрдайым ашық, менің нөмірімді білесіздер...» - деген екен.

«Адамның ары қарай жол жүріп, қауіптен аман болуы – біз үшін сол басты алғыс, - Алғыс сөздері қуаныш сыйлап, қызметтің қиын сәттерінде төзімді болуға көмектеседі. СҚО-да жүргізушілер де көмек көрсетіп тұрады, полицейлердің тұрғанын көрсе де, өтіп кетпей көмектерін ұсынып жатады. Бұл қуантады, себебі жол қозғалысы қатысушыларының бір-біріне құрмет көрсетуі- жолдағы тәртіптің маңызды шарттарының бірі».

polisia.kz

0
0
322

Еще по теме

АҚТӨБЕЛІК ЖҮК КӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ АЛҒЫС БІЛДІРУ РЕТІНДЕ СҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІН ҚОНАҚҚА ШАҚЫРДЫ - Yvision.kz