АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫН РЕТТЕЙТІН ЖАҢА ЗАҢДАРДЫ ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті орталық атқару органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті және атқарушы өкілетті органдардың бірінші басшыларының, облыс, қала және аудан әкімі аппараттары басшыларының қатысуымен «Мемлекеттік қызметті жаңғырту: жүзеге асыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары түсіндіріліп, іс жүзінде қолдану мәселелері кеңінен талқыланды.
