АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ АЛҒА АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарын халыққа кеңінен түсіндіру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы Қ.А. Тоқушевтің қатысуымен Ақтөбе облысы Алға ауданында «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында арнайы семинар өтті.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен бұл шараға азаматтық қоғам өкілдері, еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер, бюджеттік мекемелер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен селолық округ әкімдері барлығы 200 ден астам адам қатысты.
Мәжіліс барысында сөз алған Қ.А.Тоқушев мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарының негізгі бағыттары жөнінде баяндап, жиналғандарға аталған заң талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді. Сондай-ақ Қ.А.Тоқушев бұл басқосуда мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтарға да кеңінен тоқталып, көпшіліктің көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
