Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

А Л Ь - Ф А Р А Б И

Ұ Л Ы Ұ С Т А З, Ғ А Л Ы М, Т Ұ Л Ғ А Ə Б У Н А С Ы Р Ə Л - Ф А Р А Б И

Аты əлемге әйгілі Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген адамзаттың екінші ұстазы атанған Ұлы тұлға – Əбу Насыр əл-Фараби. Толық аты Əбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ Əл-Фараби ат Түрки. Бұл жерде Әл-Фараби шыққан жерін білдірсе, ал Ат Түрки тегін білдіреді.

Əл-Фараби Отырар қаласында 870 жылы түркі тайпасының дəулетті əскербасы отбасында дүниеге келген. Ежелгі Ұлы Жібек жолында, Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінде бой көтерген Отырар қаласын арабтар Фараб (Барба-Фараб) деп атаған. Бір нұсқада, оның руы қаңлы-қыпшақделінген. Əкесінің əскербасы болғанын «тархан» деген атаудан да байқауға болады. Біздің жерімізде мекендеген ежелгі түркілер «тархан» (Дархан), деп жоғары əскери лауазымды кісілерді айтатын болған.

Ежелгі тарих зерттеушілерінің еңбектеріне сай, Отырар қаласы IX ғасырда сауда жолдарының торабындағы аса ірі мəдениет орталығы болған. Отырар кітапханасы кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған көрінеді. Əл-Фарабидің ғылымға деген ынтасына осы кітапхана ықпал еткен сияқты. Ол жастайынан түрлі ғылымды оқып үйренеді, туған түрік, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген.

Əл-Фараби жан-жақты, терең білімді ғалым болған оған көп дәлелдердің бірі араб тарихшысы ибн Халликан «əл-Фараби 70-тен аса тіл білген» деп жазып қалдырған.

Əбу Насыр Отырар қала медреселерінің бірінде сауатын ашып, хат танығаннан кейін білім іздеп Бағдадқа барады. Сол уақытта Бағдад шаһарында ғылым мен өнерге ден қойған адамдарға ғылыммен айналысу үшін бар жағдай жасалған. Бағдадта «Байт əл-Хакма» атты ғалымдар үйі жəне əлемдегі ең бай кітапхана болған.

Бағдад шаһарында Әл-Фараби сол заманның ғұлама ұстаздарынан көптеген ғылым саласынан дəріс алады, сондай-ақ ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдад шаһарында ғылыми ізденістермен айналысады.

Ол көптеген ғылым саласын зерттейді соның ішінде: жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, əдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мəлім.

Əбу Насыр ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін өз бетінше оқып, талдап, түсіндірмелер жазып, ары қарай дамытқан, трактаттар жазған. Ол Аристотельдің шамамен барлық кітаптарына түсініктеме берген, Птоломейдің «Алмагестіне» жəне Порфирийдің «Эйсогестіне» түсініктеме жазған. Эфклидтің геометрия жайындағы кітаптарын терең зерттеп, Платонның күллі кітаптарын оқыған.

Бабамыз Фараби ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп белгілі бір жүйеге салып бес: – 1. Тіл білімі жəне оның тараулары; 2. Логика жəне оның тараулары; 3. Математика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, қозғалыс жөніндегі ғылым (механика); 4. Физика мен метафизика жəне олардың тараулары; 5. Заң ғылымы жəне кəлəм (дін ғылымы) сияқты тараулардан тұратын «Ғылымдар энциклопедиясы», деп аталатын трактатын жазған. Бұлар Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде-ақ мəлім болып, одан көп ғұламалар тəлім алған.

Фарабидің «Ғылымдар энциклопедиясы» ХІІ ғасырда арабшадан латын тіліне екі рет аударылып одан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, түркі, т.б. тілдерге тəржімаланған. Атақты Əбу Əли ибн Сина (980–1037), Роджер Бэкон жəне басқалар тікелей соның əсерімен өздерінің көпке мəлім энциклопедиялық еңбектерін жазған. Бұл еңбек Фарабиден кейін де 500 жыл бойы Шығыс, Батыс оқымыстыларының қолынан түспес кітабына айналып Жоғары мектептерге ғылым негіздері жөніндегі басты оқулық болды.

Əл-Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» атты еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеру үшін қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салған. Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін қалаған грек философы Пифагор.

Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотелдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика», «Риторика», «Поэтика», бірінші жəне екінші «Аналитика», «Топикасы» мен «Софистикасына» түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мəдениетін адамзатқа таныстыруда үлкен үлес қосты.

Фараби Аристотелдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны үйрену үшін қажетті алғы шарттар», «Ақылдың мəні туралы», «Əлеуметтік-этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т.б. сол сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған.

Философия жөнінен алғанда Фарабиді Аристотелден кейінгі екінші ұстаз дейді, ал ақиқатында тек уақыт реті бойынша ғана екінші, мысалы Аристотель б.з.д. IV ғасырда (384 – 322 гг.), өмір сүрсе, ал Əл-Фараби б.з. IX ғасырда (870 – 950 гг.) еңбек еткен. Фараби Аристотел іліміне сын көзбен қарап оны талдады, толықтырды, әрі дамытты, осылардың арқасында өзінің философиялық жүйесін салып кетті. Əл-Фарабидің философиялық дəрежесіне Батыс елдерінің философтары тек көптеген ғасыр өткеннен кейін ғана жете алды.

Ұлы философ өз заманының дəстүрі бойынша барлық материалдық дүниенің басын жалғыз Жаратушыға апарып тірейді. Осы жағынан алып қарағанда оның философиясында идеализм бар екені рас. Өкінішке орай, Кеңес кезінде мұны діншілдік деп түсіндіріп Фарабиді зертеуге тиым салынды.

Фарабидің ұлы ұстаздығын тек Шығыс елдері ғана танып қойған жоқ. Оны Батыс елдерінің «қайта өркендеу» дəуірінің алғашқы кезеңіндегі ұлы адамдарының бəрі де таныды. Мысалы, Бэкон, Леонардо да Винчи, Коперник, Кеплер, Лейбниц сияқты ғалымдар одан көп үлгі алған. Ауропалық шығыстанушылар мен тарихшылардың пайымдауынша, Əл-Фараби, сондай-ақ Шығыс философиясының да негізін қалаушы.

Əл-Фарабидің ойынша, дүние мəңгілік мекен емес, өткінші, жалған əлем. Сондықтан да əрбір ақылды жан осынау жалған пəни дүниені тəрк етіп, рухани тазалыққа, бекзаттыққа бет бұруы тиіс.

Ғұлама ғалым өзінің саяси-əлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мəселесіне кеңірек тоқталған. Бақыт дегеніміз – ол шексіз игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нəрселерді өз өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар үшін өзіне ұнайтын, керекті нəрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек ақыл-парасат арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар – данышпан адамдар. Ойшыл данышпан тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сəйкес əрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескерткен.

Тарихтан Фарабидің жақсы дəрігер болғаны белгілі. Оның пікірінше, дəрігердің медицина өнеріне жетілуі мынадай нəрселерді білуге байланысты. Біріншіден, адам ағзаларының ерекшеліктерін білу. Екіншіден, саулықтың өлшемін (критерийін), оны дұрыс сақтау жəне қалпына келтіру үшін қолданылатын шараларды білу керек. Үшіншіден, ол аурудың түрлерін білумен қатар, оның себептерін, əсіресе, кеселді жоятын жолдарды білуге, ағзадағы аурудың əрекетін бақылауға алуы тиіс. Төртіншіден, дəрігерге сау жəне сырқат мүшелердің айырмашылықтарын айқындау, оның басты белгілерін білу, ішкі мүшелерді зерттеу қажет. Бесіншіден, тамақтану тəртібін, дəрі-дəрмекті (фармакология) қолдану жолын жəне күрделі дəрілердің ерекшеліктерін, олардың əсерлілігін арттыратын барлық құралдарды білу қажет. Алтыншыдан, ауру адамның денсаулығын нығайтуға себепші болатын əсер заңдарын білу жəне қолдану жолдарын меңгеру керек.

Əл-Фараби музыка саласында да іргелі еңбектер жазып қалдырған. «Музыканың ұлы кітабы», – деп аталатын еңбегі жарық көрген соң-ақ, оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотелден кейінгі «Екінші ұстаз» деп таныған.

Ғұлама бұл еңбекте математикалық тəсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге əкелген. Қазір музыкада жеті нота болса, Əл-Фарабидің еңбегінде олардың саны – 12. Ал ол көрсеткен бес нотаны əлі күнге дейін ешкім тапқан жоқ.

Ойшыл ғалым музыканың тек теориясын зерттеп қана қоймай, сонымен қатар тəжірибе жүзінде де қолданып, көптеген аспаптарда тамаша ойнаған. Оның шебер орындаушылығы жөнінде Шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар бар.

Арабтар Фарабидің музыкалық шығармаларын осы уақытқа дейін пайдалануда. Сондықтан да араб музыкасының жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г. Фармер: «Барлық ғылымдар саласында Əл-Фараби – «Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ, Əл-Фараби бір өзі ғана бас король болып табылады. Басқаша айтқанда, музыка саласында Əл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған», – деген екен.

Əл-Фараби тек Шығыстың ғана емес, Батыстың да ғылым мен мəдениетінің дамуына зор үлесін қосқан энциклопедиялық білімі бар ғалым. Өз дəуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның адам өмірінде терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірден-бір саласы жоқ деуге болады.

Ұлы энциклопедиялық ғалым жасы сексеннен асқан шағында 950 жылы Шам шаһарында дүние салған. «Екінші ұстазды» о дүниеге құрметпен жөнелту ісін он бес нөкерін ерткен Сайф ад-Дəула əмір өзі басқарыпты. Қаланың «Кіші қақпа» («Баб ас-Сағир») аталатын жағындағы зиратқа жерлеген. Басына ескерткіш қойған.

А Л Ь - Ф А Р А Б И – В Е Л И К И Й У Ч И Т Е Л Ь, У Ч Е Н Ы Й, Л И Ч Н О С Т Ь

Абу Насыр Аль-Фараби – известный всему миру, признанный Востоком и Западом своими глубокими познаниями Великая личность. Его полное имя Абу Насыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг Аль-Фараби ат Турки. Здесь Аль-Фараби означает его Родину, а ат Турки его происхождение.

Аль-Фараби родился 870 году в семье военачальника из древнего тюркского рода в городе Отрар, который находился на Великом шелковом пути в районе впадения реки Арысь в Сырдарью. По некоторым сведениям, он из рода канлы-кипчак. В то время арабы Отрар именовали Фарабом (Барба-Фараб). Слово «тархан» в его имени указывает на то, что отец был военачальником, ибо древние тюрки тарханом называли военачальников.

В соответствии со сведениями исследователей древней истории город Отрар в IX веке был крупным культурным центром на древнем торговом пути. Библиотека Отрара по количеству книг была второй после знаменитой того времени Александрийской библиотекой. Интерес и любовь к науке у Аль-Фараби пробудила эта библиотека, он с жадностью начинает изучать разную науку и в совершенстве обладевает кроме родного тюрского, арабским и персидскими языками.

Аль-Фараби был всесторонним, глубоко образованным ученым одним из множества доказательств этому является доводы арабского историка Халликана, который писал: «Аль-Фараби знал более 70-ти языков».

Абу Насыр после оканчания медресе Отрара в поиске дальнейшего образования едет в Багдат, где в тот период были созданы все условия для занятия искусством и наукой. В Багдаде был дом науки «Байт аль-Хакма» и самая богатая библиотека того времени.

В Багдаде он слушает лекций у знаменитых ученных того времени по множествам отраслей наук, также великий филосов несколько лет там занимается научными исследованиями.

Он исследовал множество отраслей наки и написал 164 трактата, в том числе по: Астрономии, естествознанию, географии, литературе, логике, математике, медицине, метафизике, музыке, философии, этике и языкознанию.

Абу Насыр самостоятельно изучая труды ученых древней Греции развивал их дальше, на основе анализа писал комментарий и трактаты на них. Он писал разьяснение почти на все книги Аристотеля, также на «Альмагест» Птоломея и «Эйсогест» Порфирия. Глубоко изучал геометрию Эфклида, а также все научные труды Платона.

Наш великий предок Фараби на основе синтеза всех знаний в истории человечества привел их в порядок и систему в своей знаменитой «Энциклопедии наук», которая состояла из пяти разделов: 1. Языкознание и его разделы; 2. Логика и его разделы; 3. Математика, геометрия, оптика, математическая астрономия, музыка, статистика и механика; 4. Физика и метафизика, их разделы; 5. Право и наука о религии. Его «Энциклопедия наук» широко была известна многим знаменитым ученым Востока и Запада, которые черпали из нее энциклопедические знания.

«Энциклопедия наук» Абу Насыра в ХІІ веке была дважды переведена с арабского на латынский, в последующие века она переведена на: английский, немецский, французский, турецкий и староеврейские языки. Знаменитый Али ибн Сина (980–1037), Роджер Бэкон и другие ученные под непосредственным ее влиянием написали свои знаменитые энциклопедические труды. Эта работа 500 лет после Фараби была бестселлером ученых Востока и Запада, она стала главным учебником об основах науки в высших школах.

Аль-Фараби в своей работе «Трактат о необходимых условиях для изучения философии» выделяет девять условий для освоения философии Аристотеля также, по его мнению, впервые основы философского направления составил греческий философ Пифагор.

Фараби дал разъяснения на философские труды греческого мудреца Аристотеля: «Аналитика», «Герменевтика», «Категорий», «Метафизика», «Поэтика», «Топика», «Софистика», «Риторика», которые актуальны по сей день. Таким образом, труды Абу Насыра сыграли огромную роль в ознакмлении учений Востока и Запада и сближении их культур.

Вместе с разъяснениями на философию Аристотеля, также Аль-Фараби написал такие философские труды как: «О возникновении наук», «Энциклопедия наук и их ряд», «Изумруд зрелости», «Взгляды жителей добродетельного города», «Большая книга музыки», «Условия для изучения философии», «О значении ума», «Социально-этические трактаты, «Философские трактаты» и многие другие.

Принято считать Аль-Фараби вторым учителем после Аристотеля это только по времени, ибо учение Аристотеля относится к IV веку до н.э. (384 – 322 гг.), а Абу Насырсвои труды написал IX веке нашей эры (870 – 950 гг.). На основе критического рассмотрения его трудов Аль-Фараби анализировал, дополнил и дальше развил учение Аристотеля. До уровня познания Аль-Фараби философы Запада дошли лишь только после нескольких столетии.

Согласно взглядам Великого философа создателем всего материального мира является всевышний (Аллах), так как только ему присущи цельность и единственность.

Этот его идеализм, конечно коммунисты не могли простить и советское правительство, приписывая это к религиозному учению запретило изучать учение Аль-Фараби.

Учение великого Абу Насыра было образцом и признано не только на Востоке, но и великими учеными Запада эпохи возрождения, как: Бэкон, Кеплер, Коперник, Лейбниц, Леонардо да Винчи и другими. По мнениию ученых востоковедов и историков Европы Аль-Фараби является также и основоположником восточной философии.

В учении Фараби мир представляет из себя как невечная, временная и бренная субстанция, поэтому каждое разумное существо, вместо низменных чувств, должен стремиться к духовной чистоте и благоразумности.

Великий ученый в социально-политическом трактате широко освещает вопросы счастья и благоденствия. Счастье это бескрайные блага. По мнению Фараби множество людей считают вещи первой необходимости как деньги, слава и т.д. основой и смыслом жизни. Только посредством доброты, нравственности и благоразумия можно достичь счастья считает он. Поэтому на его взгляд люди которые правильно понимают смысел счастья это мудрые люди. Мудрый мыслитель указывает, что добродетеля способен достичь то общество, которое имеет конкретные знания о счастье, четкое представление о путях их достижения и совершает конкретные действия для этого.

Как известно из истории, Аль-Фараби был хорошим исцелителем. По его мнению, совершенство врача зависит от следующих вещей это знание: особенностей организма человека; критериев здоровья, мер охраны и восстановления его; видов, причин болезней, способов их лечения и профилактика; путей определения здоровых и больных органов; способов правильного лечения и питания; меры укрепления здоровья больного человека.

В философии ученого вопросы красоты занимает особое место. В отличие от идеологов ислама, которые утверждают, что блага и красоту высшей степени и их гармонию способен создать лишь всевышний, Абу Насыр считает благие дела совершаются людьми красота природы вечна, а красота в искусстве совершаются только людьми. Человек благодаря разуму стал человеком.

Аль-Фараби оставил нам гениальные труды о музыке, как известно после выхода в свет его произведения «Великая книга о музыке» ученые всего мира признали Фараби «Вторым учителем». Ученый в этой работе впервые в истории человечества определил ноту музыки и впервые написал звуки музыки на бумагу в виде нот. Если в современной музыке имеется 7 (семь) нот, а у Абу Насыра их количество 12 (двенадцать), остальные 5 (пять) нот до настоящего времени никому не известны.

Ученый-мыслитель не только исследовал теорию музыки, но и хорошо исполнял их на практике он великолепно играл на многих музыкальных инструментах. Об его исполнительском мастерстве, до сих пор, существуют легенды среди народов Востока.

Арабы до сегодняшнего дня исполняют музыкальные произведения Аль-Фараби. Известный ученый Г. Фармер, который написал историю арабской музыки писал: «Если Аль-Фараби во всех отраслях науки является вторым учителем, то в музыке он есть самый главный король. Другими словами, в отрасли музыки не было и нет первого учителя, который смог бы стать примером для Аль-Фараби».

Аль-Фараби Великий ученый с энциклопедическими знаниями, который внес вклад для развития науки и культуры не только Востока и Запада, но всего человечества. Он написал настоящую энциклопедию не только для своей эпохи, но и для всех времен человечества. И не существует отрасли науки, видов жизнедеятельности человека, в которые он не изучал, не высказывал глубокие содержательные мысли и гениальные прогнозы.

Великий ученый энциклопедист Аль-Фараби скончался 950 году в Дамаске (Шам) в возрасте 80 лет. Его с почестями похорнили в пантеоне «Баб ас-Сагир», панихиду возглавлял сам Эмир Дамаска Сайф ад-Даула. Там же Абу Насыру воздвинули памятник.

0
0
223

Еще по теме

А Л Ь - Ф А Р А Б И - Yvision.kz