Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

А Л А Ш О Р Д А Р Е С П У Б Л И К А С Ы

А Л А Ш О Р Д А Р Е С П У Б Л И К А С Ы

Алаш ежелгі түркілердің тілінде – бауырластар, қандастар, туыстар – біртұтас халық, ел деген ұғымды білдіреді.

XX ғасырдың басында қазақтың зиялы, ұлтжанды, Ұлы ұлдары: – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Раимжан Мәрсеков тағы басқалары – Ресей империясының отаршылдық адам төзгісіз ауыр езгісіндегі құқықсыз қазақ халқын азат ету, өз алдына тәуелсіз мемлекет құру жолында – қандықол, зұлым большевиктік (коммунистік) империя жендеттерінің қолынан – айуандық азап көріп, құрбан болды.

Ресей империясының Қазақ даласында жүргізген отаршылдық, қанаушылық саясаты: – Қазақтардың жерін тартып алуы, ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін мазақ қылып қорлауы және тағы басқа патша әкімдерінің жергілікті халыққа көрсеткен зорлық-зомбылығына қарсылық ретінде – Алаш қозғалысын туғызды.

Тарихқа үңілсек Алаш қозғалысы 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген отаршылдық патша үкіметіне әлеуметтік-экономикалық, саяси талаптар қойған Қарқаралы құзырхатынан бастау алады.

1917 жылдың 21- 28 шілдесі аралығында өткен бүкілқазақтық құрылтай Алаш саяси партиясын дүниеге әкелді. Оның сол жылы 21 қарашада жарияланған бағдарламасында: «Ресей – демократиялық федеративтік республикаға айналып оның құрамындағы әр мемлекет дербес болып өзін-өзі басқаруы тиіс. Биліктің басында Құрылтайшы жиналыс болып, ал елді Құрылтайшы жиналыс және Мемлекеттік дума сайлайтын және олардың алдында жауапты Министрлер кеңесі арқылы Президент басқарады». Заң шығарушы билік үкіметті қадағалау құқығы бар Мемлекеттік думаға тиесілі. Депутаттар тең, тура және жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Сайлау құқығына тегіне, жынысына және діни нанымына байланыссыз барлығы бірдей ие болуы керек» – деп, көрсетілді.

Сонымен қатар бағдарламада: Әр адамның тең құқылығы, ар-ұждан, сөз, баспасөз және бас бостандығы. Әркімнің сот алдында теңдігі, салықтың әлеуетіне қарай салынуы, жердің сатылмауы, жер және басқа табиғи байлықтардың мемлекет иелгінде болуы. Жерді бөлген кезде бірінші кезекте жергілікті ұлттың мүддесі қорғалуы. Халыққа білім беру саласында барлығы тең құқылы, оны тегін алып және ана тілінде алуы тағы басқа халыққа қажетті игіліктер көзделді. Міне осының бәрі Алашордашылардың ұлтжандылығының, білімінің, өресінің, зиялылығының аса жоғары деңгейде болғандығын көрсетеді.

1917 жылғы қазан айында билікке келген большевиктердің (коммунистер) үкіметі адам төзгісіз ауыр жағдайда күнін әрең көріп жатқан қазақ халқының ауыр халін елеген жоқ олар патшалық Ресейдің отаршылық саясатын одан да қатаң жүргізді, большевиктер күйзеліске ұшыратқан халық аштықтан қырылып жатты. Міне, осындай жағдайда алып даланың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары туған жұртының азаттығы үшін саяси күреске шықты. Бұл зымиян, зұлым отаршылдармен жан алысып – жан беріскен ұрыста бастарын бәйгеге тіккен есіл ерлердің басты мақсаты: Отанын, халқын жантүршігерлік адам төзгісіз езгіден азат ету еді.

Осындай Ұлы мақсат 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Ілияс Омаров, Сейдәзім Қадырбаев, Самат Дощанов, Бақтыкерей Құлманов (Құрылтайдың төрағасы) сияқты қазақтың зиялы, ұлтжанды азаматарына Бүкілқазақтық екінші құрылтайды ұйымдастыруға түрткі болды. Құрылтайда мына мәселелер: дербес қазақ мемлекетін құру; ұлттық кеңес; білім; халық соты; ұлттық қор; халықтық милиция; ұлттық әскер; мүфтиат; ауылды басқару; азық-түлік тағы басқа істер қаралды.

Бұл тарихи Құрылтайда Алаш көсемдері Қазақ автономиясын жариялап, оның органдарын құрды. Алашорда үкіметінің және халық кеңесінің төрағалығына демократиялық, баламалы жолмен Әлихан Бөкейхан сайланды. Алаш қозғалысы, ендігі жерде саяси күшке, қолында билігі бар үкіметке айналды. Халық кеңесінің мүшелері болып Бөкейханов Әлихан, Ақпаев Жақып, Әлжанов Отыншы, Аманжолов Садық, Беремжанов Ахмет, Ғаббасов Халел, Досмұхамедов Жаханша, Досмұхамедов Халел, Ермеков Әлімхан, Құлманов Бақтыкерей, Мәметов Базарбай, Танашев Уәлитхан, Тұрлыбаев Айдархан, Тынышпаев Мұхамеджан, Шоқай Мұстафа сайланды.

Алашорда патшалық Ресейдің қазақтарға қарсы отаршылдық саясатын жүргізіп отырған екіжүзді кеңес өкіметін мойындамады.

Ұлтын ерекше сүйетін, оған шын жаны ашитын зиялы қазақтар Алаш ұранының астынан табылды. Алаш қозғалысы дәуірі – бұл қазақтың ұлт ретінде бірігу, тұтасу, етене араласу дәуірі болды.

Бұл Жаңғыру құбылысы қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін қалыптастыруына ықпал етіп, мемлекет үшін қажетті саяси, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық атрибуттарын дүниеге әкелді. Қазақ автономиясын құру кезінде тарихта тұңғыш рет мемлекеттің аумағы (шекарасы) белгіленді. Алаш зиялылары қоғамдық-экономикалық болмысқа реформа жасады. Алаштықтар Қазақ жерінің сол кезеңдегі шаруашылық жайын зерделей отырып, соған орай экономикалық дамудың бірқатар жолдарын да мегзеді. Олар болашақ Қазақ елінің астанасы жөнінде де мәселе көтерді, 1917 жылы Семейді «Алаш астанасы» деп жариялап, оған «Алаш» деген атау берді, ойткені Алаш қозғалысы осы Семейде дүниеге келген болатын.

Алаш үкіметі жергілікті халыққа тегін білім беру, жер және басқа табиғи байлықтардың мемлекет иелгінде болуы, жердің сатылмауы, жерді бөлген кезде бірінші кезекте жергілікті ұлттың мүддесі қорғалуы туралы мәселелер көтерді.

Ұлт мәселесін көтере алатын, оны қалың бұқараға жеткізе алатын ұлттық зиялы қауым қалыптасты. Алаштық идея әдебиет, тарих өнер алыптарын Мұқтар Әуезовті, Ермахан Бекмахановты, Ілияс Есенберлинді, Мұқағали Мақатаевті, Жұмаден Нәжімеденовті, Қадыр Мырзалиевті, Олжас Сүлейменовті тағы басқаларын дүниеге әкелді. Алаш қозғалысына қатысқан жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. Қаныш Сәтпаев, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұқтар Әуезов, Сұлтанбек Қожанов, Смағұл Сәдуақасов тағы басқалары сияқты аса көрнекті есімдердің азаматтық, шығармашылық тұлғасы Алаш қозғалысы тұсында қалыптасқанын еш бүкпесіз айтуымыз қажет.

Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады.

Алаштың Қайта өрлеу сипаты Ұлы ұлтшылдық дәуір ғана туғыза алатын Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафа, Халел, Мұхаметжан, Жанша, Ғалел, Әлімхан т.б. қайраткерлерді, Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар сияқты алып талант иелерін қалыптастырды. Керек десеңіз қазақ баласына Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары.

Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектері ерекше – қазақтың ұлттық жазуы, ұлт грамматикасы дүниеге келді. Қазақтың сөз өнерін жанрлық жағынан да, идеялық-көркемдік жағынан да байытып, жазба әдебиетін қалыптастырды. Алаш қозғалысы қазақтың тарих ғылымын дүниеге әкелді. Қазақ ғылымы туды.

Алаш қозғалысының басында тұрған азаматтар жан-жақты білімді, ерен ерікті, мұқалмас қайратты болды. Олар ұлттық мұратты ту етіп, қазақ даласын Алаш рухына бөледі. Алаш қозғалысы қазаққа отаршылдарға бас имеу, тізе бүкпеу қайсар рухын сіңіріп, намысын оятты – оның айғағы қазақ даласындағы 400 жуық ұлт-азаттық көтеріліс, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі.

Алаш – бұл ұлттық идея. Ал Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея. Алаштың жолы, Алаш қайраткерлері ұлттық сананы қалыптастырды. Олар қазаққа өзінің кім екенін, адамшылық құқығын біліп, ата-ана, ағайын, туғандарын сүйіп, оларға міндетсіз қызмет қылу, Отанын сүйу, ұлт жұмысы жұрт намысы деген сөзді көңіліне тоқып, сонан соң дүниедегі барлық адам баласы бауыр екенін біліп көпшіл, адам сүйгіш мінезге тырысу керек екнін көрсетіп берді.

Р Е С П У Б Л И К А А Л А Ш О Р Д А

Алаш на древнетюркском языке означает – единокровные братья, одна страна и единный народ. В начале XX века высокообразованные патриоты – Великие сыны казахского народа: – Букейханов Алихан, Байтурсынов Ахмет, Тынышпаев Мухамеджан, Шокай Мустафа, Марсеков Раимжан и многие другие, которые боролись за освобождение бесправного казахского народа от тяжелого колониального гнета российской империи и создание независимого государства, – пали зверской, мучительной смертью от руки палачей кровожадной, подлой большевистской (коммунистической) империи.

Национально-патриотическое движение Алаш зародилось как сопротивление против насильственного отбирания казахской земли, насмехательства, растаптывания национальных традиций, культуры и многих других издевательств администрации царской россии, а также угнетательской колониальной политики российской империи в казахской степи.

Движение Алаш свое историческое начало берет с Каркаралинской петиции, выдвинувшая социально-экономические и политические требования колониальному царьскому правительству на Кояндинской ярмарке в 1905 году.

На всеказахском учредительном собрании 21-28 июля 1917 года была создана политическая партия «Алаш» в ее программе от 21 ноября того же года предусмотрено: «Россия должна стать демократической федеративной республикой. Высшим органом которой является учредительное собрание. Главой государства является Президент, избираемый на определенный срок и ответственный перед Учредительным собранием и Государственной думой. Президент осуществляет управление страной через Совет министров. Законодательная власть должна быть сосредоточена в руках только Государственной думы, которой принадлежит право контроля над правительством. Правом выборов пользуются все, независимо от происхождения, вероисповедания и пола. Выборы депутатов производятся прямым, равным и тайным голосованием. Каждое государство в составе России должно быть автономным с самостоятельным управлением.».

Кроме того, в программе установлено равноправие, неприкосновенность личности и свобода слова, вероисповедания, печати. Равенство каждого перед судом, взимание налогов по степени богатства и имущественного состояния. Земля и другие природные богатства должны находится в собственности государства, запрещение продажи земли, а также при ее распределении должны учитываться в первую очередь интересы казахской национальности. Народное образование – достояние всех и обучение детей должно быть бесплатным, на родном языке, также предусмотрены другие необходимые для народа блага.

Все это является свидетельством высокоинтеллектуального уровня, высокой образованности, патриотизма и беззаветной любви к своему народу членов партии Алаш.

Правительство большевиков (коммунистов), пришедшее к власти в октябре 1917 года не обратило внимание на еле влачившее в наитяжелеищих нечеловеческих условиях свое существование казахского народа оно продолжало более жестоко проводить колониальную угнетательскую политику царской России, которая привела коренное население к голодомору, унесший жизнь несколько миллионов казахов. Это обстоятельство подстегнуло сознательную, передовую национальную интеллигенцию Великой степи на политическую борьбу с подлым, коварным врагом за освобождение родной страны от колониального ига. Основной целью бескорыстных патриотов, безгранично любящих свой народ было освобождение Родины, а также население от невыносимо наитяжелеищего, гнета.

И эта Великая цель стала причиной организации и созыва второго Всеказахского съезда передовой интеллигенцией, патриотами своей Родины как: Алихан Бокейханов, Ахмет Байтурсынов, Миржакып Дулатов, Илияс Омаров, Сейдазим Кадырбаев, Самат Дощанов, Бактыгирей Кулманов (Председатель сьезда), которая проходила 5-13 декабря 1917 года. На рассмотрение съезда были вынесены следующие вопросы: создания самостоятельного казахского государства; национального совета; образования; народного суда; национального фонда; народной милиции; национальной армии; религии; управления ауылом; продовольствия и другие.

На этом историческом съезде вожди Алаш объявили об образовании Казахской автономии и создали его органы. Гавой правительства Алашорда и председателем народного Совета на демократической и альтернативной основе был избран Алихан Бокейханов. Это событие наглядно показало превращение движение Алаш в политическую силу – в правительство имеющую власть.

Членами народного Совета стали Бокейханов Алихан, Акпаев Жакип, Алжанов Отыншы, Аманжолов Садык, Беремжанов Ахмет, Габбасов Халел, Досмухамедов Жаханша, Досмухамедов Халел, Ермеков Әлимхан, Кулманов Бактыкерей, Маметов Базарбай, Танашев Уалитхан, Турлыбаев Айдархан, Тынышпаев Мухамеджан, Шокай Мустафа.

Алашорда не признала подлую, лицемерную советскую власть, проводившую колониальную политику царской России против казахов.

Под знаменем Алаш встала беззаветно любящая свою нацию, готовая отдать за ее свободу свою жизнь выдающаяся казахская интеллигенция.

Эпоха движения Алаш – эта эпоха сплочения, единения казахов как нации.

Это – возрождение казахской нации – способствовало образованию новой государственности и созданию ее социальных, экономических и политических атрибутов. В период автономии Алашорды впервые официально определена территория (граница) казахского государства, осуществлена социально-экономическая реформа. Алашординцы указали пути экономического развития автономии на сонове анализа экономики того периода. Они выдвинули вопрос об столице будущего Казахского государства, так как движение Алаш зародилось в Семипалатинске, в 1917 году алашординцы объявили город Семей «столицей Алаш» с присвоением ему названия «Алаш».

Правительство Алаш выдвинуло, требующие немедленного решения вопросы: бесплатного образования коренного населения; принадлежности земли и других природных богатств в собственности государства; запрещения продажи земли, а также защиты и учета при ее распределении, в первую очередь, интересов коренной нации.

Образовалась национальная интеллигенция, которая была способна поднять проблемы нации и довести ее в массы. Идея Алаш пародила таких исполинов истории, литературы и искусства, как: Ермахан Бекмаханов, Мухтар Ауезов, Ілияс Есенберлин, Мукагали Макатаев, Жумаден Нажимеденов, Кадыр Мырзалиев, Олжас Сулейменов и многих других.

Известно, что из среды молодых участников движения Алаш выросли выдающиеся общественно-государственные деятели, поэты, писатели и ученые как: Магжан Жумабаев, Султанмахмут Торайгыров, Мухтар Ауезов, Смагул Кожанов, Сакен Сәдуақасов, Каныш Сатпаев и многие другие, гражданской позиции и творчеству которых непосредственное влияние оказало высокогуманистические идеи и безгранично-патриотический дух движения Алаш.

Движение Алаш оказало значительное влияние для развития, творческого роста и совершенствования государственной, литературной и другой деятельности своих современников и последователей, также они пристальное внимание уделяли своему совершенствованию.

Это великое возрождение способствовало рождению таких государственных деятелей Алихана, Ахмета, Миржакыпа, Мустафы, Халела, Мухаметжана, Жанша, Галела, Алимхана и других, а также особо талантливых творцов Жусипбека, Магжана, Султанмахмута, Мухтара и многих других. Более того, впервые знакомство Великого Абая родным читателем осуществила алашовская интеллигенция.

Их особой заслугой является развитие казахского языкознания, создание основ письпенной литературы, ее жанровое и идейно-художественное обогощение, также зарождение национальной письменности и грамматики. Кроме того, они способствовали рождению казахской науки и национальной исторической науки.

Во главе движения «Алаш» стояли глубоко образованные, сильные духом и огромной силы воли люди. Их целью было торжество национальных интересов и они наполнили Великую степь духом Алаш.

Патриотичекое движение Алаш возбудило дух непреклонения и ненависти казахского народа к колонизаторам, свидетельством которого является около 400 национально-освободительных востаний на казахской земле и декабрьское востание 1986 года.

Алаш – эта национальная идея. Идея Алаш – это обьединяющая казахскую нацию ее цементирующая идея. Путь Алаша и деятельность его лидеров способствовали рождению национального сознания.

Лидеры Алаш показали неоценимый пример казахскому народу для осознания себя как человека, прежде всего, любящего Родину, своего ближнего бескорыстно служащего им – за интересы своей нации. Только после этого быть приверженцем филантропических, гуманистических идей о всеобщем братстве и любви к человечеству.

0
0
697

Еще по теме

А Л А Ш О Р Д А Р Е С П У Б Л И К А С Ы - Yvision.kz