Ақпараттық соғыс немесе соғыспай-ақ жеңілу

Ізгілік Нагиев 2010 M12 19
2267
0
0
0

Интернетте түрлі жобалар жасау, Интернетті дамыту және т.б шаруалармен жүрген соң көптеген ойлар келеді. Пенде болған соң ол ойдың бәріне жету мүмкін емес.

Интернетте түрлі жобалар жасау, Интернетті дамыту және т.б шаруалармен жүрген соң көптеген ойлар келеді. Пенде болған соң ол ойдың бәріне жету мүмкін емес.

Қазіргі ғаламдық дамудың жаңа сатысы БАҚ, жеке фирма, жеке адам, кез келгеннің дамуда артта қалмауына ықпал етеді. Әрі бұл мұқтаждық дәрежесіне жетті. Себебі, адамның ойы пікірі, тек қана өз шеңберінде емес, жалпы шеңберге шығып, сол арқылы адамның жеке тұлғасының маңыздылығы артты.

Ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық соғыс кез келген адамға қызмет ете бастады, қажет бола бастады. Қарапайым мысал: Мектепке баратын үйдегі баланың қажеттіліктеріне ақша жинау үрдісі қалыптасуда, ақша бермесең баға қою жағынан қысым көрсетеді. Осы жағдайда ақпараттық ықпал ету арқылы тоқтатуға болады.

Немесе, жеке фирма жарнама, бәсекелестік жағдайында, өзге фирмалардан озып шығып, нарықта өз атын қалыптастыруға бәсекелестік соғыс, ақпараттық соғыс арқылы мүмкіндік алады.

Немесе, жеке адамның арызы, өтініші аяқсыз қалмай, нәтижелі болуына ақпараттық технологияларды, ақпараттық соғысты пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.

Әрине, осы жағдайларды кез келген адам жасай алады, бірақ, арнайы орталықтың, сарапшы мамандардың, тәжірибелі ағалардың ақылы оны ескерусіз жұмыс жасау, ешқандай нәтиже бермейді.

Ақпараттық соғыстың ең қарапайым мысалы: ауылдағы өсектің таралуы және оны кімнің қалай жеткізіп, кімнен шыққанына байланысты екендігін бәріміз де білеміз.

Ал, өмірде, ауылдағы өсек-аяң мәселеден күрделі жағдайларға тәуелді. Сонымен қатар өмір де тиісті заңдардың аясынан ауытқымай нақты қимылдар жасауды талап етеді.

Оцените пост

0
Дальше