Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
04:18, 20 июня 2021

Жасыбай батыр

Blog post image

Род Жасыбай -батыра.

Отделение Бесен, одно из самых многочисленных ответвлений обширного рода Басентиин. Потомки Бесена, в последствии уже как самостоятельные родовые единицы: Таз, Бүкі, Матай, Өтеп, Сексен, Шоқай.

В архивной документации XIX века эти же сведения идентичны. Далее от Матая пятеро сыновей: Барлыбай, Қойбақ, Қаржау, Өмір, Құттымбай.

В этнографическом повествовании как «Матайдың- бес қасқасы». Согласно тем же устным преданиям, братья: Қаржау, Өмір рождены от второй жены Матая, а Құттымбай от третьей. Потомки всех троих братьев в последствии идентифицирует себя как Қаржау (по имени старшего брата), что характерно для многих казахских родов.

В трудах Машхур Жусуп Копеева есть информация о батыре, его отце Омир бие и брате Куттымбае: «Матайдан- Қаржау, Өмір, Қойбақ. Бұл Өмір би «Қара қылды қақ жарған» әділ би болып атағы шығыпты.

Мұның бір қара төбеті болыпты, төрінде жатады екен. Төрт аяқты, қайқы құйрықты болғаны болмаса, ит деп айтуға жанның аузы бармаса керек. Өмір би:

- Құтым, құтым! -- дейді екен. Сонан «Құтым» атанып кетсе керек. Бір күн[і] өзі тең, сөзі тең бір бастас биі қонып отырып сұрады дейді:

- Мұны мұнша ардақтап ұстағаныңыз қалай? - деп.

Сонда Өмір би айтыпты:

- Бұл ит емес, ырыс, «жеті қазынаның бірі», - деп айтылған анық осы. Бұл жазғытұрым мал жас төлін төгіп жатқан кезде жас қозыны, жас лақты (ұлақты), жас бұзауды, жас құлынды, жас ботаны алып келеді. Алып келгені мал болып, өсіп-өніп малға қосылады. Өзімді байытты. Жалғыз-ақ бір басты, екі аяқты адам баласын ап келген жоқ! - депті. Осы сөзді айтқаннан кейін, қара төбет те жоғалып кетіпті. Бір жұмадай жоқ болып кетіп, бір күні құндаққа оралған бір жас бала алып келіп, еркелеп тұр дейді.

Өмір би:

- Бұл құтым алып келген Құттымбайым! – деп, ат қойған.

«Сол Құттымбай өсіп-өніп, Қаржауды көбейтіп, берекелендірген осы Құттымбай», - деседі.

Blog post image

Фото памятника Жасыбай-батыру на озере Жасыбай.

Не сомненно,одной из ярких личностей истории Сарыарки XVIII века, является образ Жасыбай батыра (1712-1741), чьи подвиги стали яркой визитной карточкой рода Басентиин, характеризующие его решаюшую роль в отечественной войне с джунгарскими захватчиками. Здесь также хочется отметить о дошедших до нас в народной памяти известных подвигах его брата-Байсары батыра и двоюродного брата-Токбулат-батыра, чье имя на всегда отпечаталось в название горы близ районного центра- Баянаула.

Blog post image Blog post image

После окончания гражданской войны XVIII века отделение Басентиин-Матай входило в состав Басентиинской волости. На тот период волость простиралась от гор Едыре,Алыбай,Ушкара до реки Иртыш (форпост- Долонский) и вдоль Иртыша до редута Песчанного, что севернее современного города Павлодара.Западные границы волости доходили до 200 км от реки Иртыш, включая часть урочищ в Баян-аульских горах. Центральная и северная часть волости были под управлением Урус-султана, сына Султанбет-султана.

Более многочисленная часть рода уже в 1768 году покидает зимовки близ Баян-аула и окончательно закрепляется близ форпоста Корякова на левом берегу Иртыша. В архивной докуметации 1772 года отмечено: «Вашего высокопревосходительства ордер пущенный минувшего ноября от 23 под № 291-м мной того ж течения 29 дня принят. И вложенное при оном от вашего высокопревосходительства по адресу Киргис-кайсацкой средней орды верноподданному и доброжелательному владельцу Урус-салтану письмо, вызванному из улусов Басантенской волости старшине Жавбасару мной персонально отдано. О чем вашему высокопревосходительству сим и доношу.

Капитан Петр Иванов.Декабря 2-го дня 1772 года. Фарпост Коряковский»

Из данного документа следует, что в 1772 году род Басентиин-Матай под управлением старшины, бия -Жаубасар Қаржауұлы.

Первые статистические сведения об отделении можно увидеть в ведомости исчисления населения и скота Баян-аульского округа в 1835 году.

В данной ведомости указаны места зимовок рода. Первая зимовка близ Баянаула : « в окружности 14 верст, на урочище Токбулат-адыр, от приказа в 15 вестах» и вторая «На урочище Малый Эмиль и с левой стороны Иртыша на лугу, от форпоста Коряковского в верх по течению реки в 8-ми верстах и в окружности 9-ти верст. От приказа-180 верст. Имеется одна земленная изба».

Потомки Токбулат батыра, сохранят свои зимовки близ Баянаула до административных реформ Баян-аульского округа в 1867 году. В последствии эти земли отойдут роду Канжыгалы, в частности-бию Абену Жундубаеву. Зимовку «Абен» можно увидеть сегодня на современных картах.

Blog post image

Зимовка «Абен» на карте 1990 года.

Сородичи Жасыбай батыра, также имели свои зимовки в этой части Баян-аульских гор, об этом свидетельствует развалины строений и колодец сына Байсары батыра – Мастека (Мастек құдығы).

Blog post image

Колодец Мастек и гора Токболат на 2-х верстной карте 1878 года.

С 1835 по 1878 год отделения Каржау,Омир,Куттымбай и Койбак в составе Баимбет-Басентиинской волости Баян-аульского внешнего округа. Отделение Барлыбай уже по состоянию на 1830 год, практически в полном составе откачевало на правый берег Иртыша, на земли современного Успенского района Павлодарской области.

Старшинами и биями рода Матай-Каржау в период с 1830 по 1870 годы избирались :

1835-1851 год. Старшина -Бейс Конакбаев. Бий- Конакбай Кобелеков. Бий -Токбай Сапаков. Старшина - Пусурман Алатаев[1]. Старшина-Мамажан Пусурманов. Старшина-Тайман Жайнаков. Бий-Каусбай Токсанбаев (отделение Барлыбай).

1851-1866 год. Старшина - Иса Бесжанов[2].

1866-69 год. Старшина - Елеу Каражанов. Бий -Бейс Конакбаев.

Именной список от 1842 года : Беис сын Конакбаев,старшина 35 лет.Человек обычный,особенной черты и характера не замечано.Зажиточен.Баимбет-Басентиинской волости,рода бесенского,отделения каржау-матайского. Аульным старшиной с 1835 года.Награжден старшинским званием. Под судом не бывал.Летние кочевки на урочище Шуйрык,в 130 верстах на северо-восток от приказа,зимние на урочище Токбулат-адыр,в 20 верстах на восток от приказа.

Именной список от 1842 года : Пусурман сын Алатаев,старшина 40 лет. Умен и боек. Порядочного состояния.Баимбет-Басентиинской волости,рода бесенского,отделения умур-матайского. Аульным старшиной с 1835 года.Награжден старшинским званием. Под судом не бывал. Летние кочевки на урочище Шуйрык,в 150 верстах на северо-восток от приказа,зимние на урочище Большой Емиль,с левой стороны Иртыша на лугу,близ форпоста Корякова.

По сведениям 1854 года, весь род состоял из 146 юрт,220 мужчин и 209 женщин. Скот : 503 лошади, 511 коров и 980 овец.

Фото с архива. 1854год.

В период с 1872 года род Каржау в составе Караоткельской волости, а уже с 1886 года в новой - Алтыбаевской волости Павлодарского уезда. Отделение Барлыбай в Уруковской волости.

Биями рода в этот период избирались:

1872-1878 гг. - Беис Конакбаев(отд. Каржау), Утеулы Тунгатаров (отд.Барлыбай)

1880-1883 гг.- Иса Бесжанов[3](отд. Омир)

1884-1893 гг.- Жунус Таскынбаев(отд.Куттымбай)

1893-1895 гг. - Ыскак Мергалымов и Абдильда Уакбаев, Сергазы Утеулин (отд. Барлыбай)

1895-1897 гг.- Ыскак Мергалымов и Калий Амантаев(отд.Омир)

1898-1901 гг. –Жунус Таскынбаев, Калий Амантаев и Арынгазы Бектемиров(отд. Барлыбай).

В 1888 году четверо представителей рода Каржау, отправляются в Мекку и Мадину для совершения паломничества в святые места : Мергалым Жанболатов, Катпа Куандыков, Таскынбай Сейтенов и Батырбай Сейтенов.

В 1901 году Тажы Таскынбаев избирается волостным управителем всей Алтыбаевской волости. Бии в этом году на трехлетие избираются: Ыскак Мергалымов и Даирбай Жайлаубаев(отд.Омир).

В 1904 году избираются на трехлетие бии и их заместители в аулах: №1 – Ыскак Мергалимов и Жусуп Балыкбаев(отд.Куттумбай), №2 – Кали Амантаев и Хусаин Амантаев(отд.Омир), №3 – Смагул Турдымбаев(р.Бори) и Бейсен Саденев(отд.Койбак)). В Уруковской волости в этот год биями избираются: Кулыш Бектемиров и Мака Рахметов (отд. Барлыбай).

В 1904 году, старшина Ыбрай Кадырбеков(отд.Каржау) получает разрешение и 4-месячный отпуск для совершения поломничества в Мекку и Мадину.

С 21 февраля 1908 года во главе волости Ыскак Миргалимов. Бии и их заместители в аулах: №1 – Тажи Таскынбаев(отд.Куттымбай) и Сыздык Ажибаев(отд.Каржау), №2 – Кали Амантаев(отд.Омир) и Жолжаксы Метеев(р.Бори). В Уруковской волости-Каймолда Наурызбаев (отд.Барлыбай)

С 21 марта 1912 года волостной управитель Алтыбаевской волости- Ыскак Миргалимович Жамбулатов. Бии и их заместители в аулах: №1 – Тауке Таскынбаев и Сыздык Ажибаев, №2 – Кали Амантаев и Арын Метеев (р.Бори). В Уруковской волости-Каймолда Наурызбаев (отд.Барлыбай)

С 23 октября 1913 года волостным вновь утверждён Ыскак Жамбулатов. Однако скоро он взял длительный отпуск, и на период со 2 мая по 20 сентября 1914 года обязанности волостного исполнял заместитель Габдынасыр Тажиев. Бии и их заместители в аулах: №1 – Тажи Таскынбаев и Сыздык Ажибаев, №2 – Кали Амантаев и Арын Метеев

6 июля 1916 года прошли последние выборы в Алтыбаевской волости ,согласно баллотировочного листа на избрание волостного управителя (с 1917 по 1919 гг), будет выбран вновь Жамбулатов Ыскак, кандидатом к нему - Габдынасыр Тажиев. Бии и их заместители в аулах: №1 – Тажи Таскынбаев и Сыздык Ажибаев, №2 – Кали Амантаев и Бексултан Баяркин. Муллой волости в этом избирательный срок, утвержден сын Тажи Таскынбаева-Хасен.

[1]Потомок Жасыбай-батыра

[2]Потомок Жасыбай-батыра

[3]Потомок Жасыбай батыра

Өмірұлы Жасыбай батыр (шамамен 1712-1741) - жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақтың әйгілі батыры. Шыққан тегі - Арғын тайпасының Бәсентин руы. Әкесі Өмір от ауызды, орақ тілді шешен адам болған екен. Анасы - қазақтың атақты батыры Олжабайдың апасы.

Шежіре деректерінде Жасыбай батырды «Олжабайдың жиені» дейтіні де сондықтан. Жасыбай екі ағайынды, інісі Байсары да жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен белгілі батырлардың бірі болған. Жасыбай батыр Баянауыл өңірін қалмақтардан азат етуде үлкен ерлік көрсеткен.

Жасыбай батыр жөнінде орыс ғалымы Н.Коншиннің жазбаларында, халық шежірелерінде, аңыз-әңгімелерде, батырдың өзіне арналып шығарылған «Ер Жасыбай» жыр-дастанында біраз мағлұматтар берілген. Соларға қарағанда, ол Олжабайдың жиені ғана емес, жауға бірге шапқан серігі, жақын досы болған. Жастайынан жауырыншылығымен, құралайды көзге атқан мергендігімен аты шыққан. Ол-жауға бірнеше дүркін соққы берген әйгілі батыр.

Бірде қазақтардың қолбасшысы Олжабай батыр Жасыбай батырға жауынгерлерімен келе жатқан қалмақ қолының алдынан шығып, олардың жолын бөгеп, бері жібермеуді тапсырады. Мыңға толмайтын жасақты бастаған Жасыбай батыр жаумен асқан ерлікпен соғысады. Бірақ аңдаусызда сауытының желке тұсындағы ашық жерінен қалмақтың оғы тиіп, содан қаза болады. Қазақ қолы қалмақтарға төтеп бере алмай ығыса бастайды. Сол кезде қырғын болған таудың шатқалына Олжабай батыр бастаған әскер кіреді. Жеңілген қалмақтардың ұлардай шулап, жалбарынған дауыстарынан тау іші күңіренеді. Сонда Олжабай батыр: «Сендердің бәріңді қосқанда, өлген Жасыбай батырдың шынашағына тұрмайсыңдар!» - деп, жауынгерлеріне «жауды аяған жаралы болатынын» ескертеді. Қалмақтардың бұл жолы қырылғаны сонша, өліктері жолдың ұзына бойына шашылып қалады» (Н.Я.Коншин).

«Олжабай батыр» жырында:

«Келген жол мен шұбырып,

Есепсіз жолда қырылып,

Баян тауын жанапты,

Қайқайып садақ тартқанда,

Қалмақтың тиіп сұм оғы,

Жасыбай қалды жығылып» деген жолдар бұл мәліметтерді растайды.

Туған елін, өскен жерін ата жаудан азат ету жорығында сан ерлігімен көзге түсіп, осы игі мақсат жолында қаза тапқан Жасыбай батырдың есімін ардақтаған халқы кейін Баян тауының ол қорғаған асуына - «Жасыбай асуы», Шойынкөліне - «Жасыбай көлі» деген ат берді. Ол жерлер қазір де солай аталады.

Баянауылдағы Жасыбай асуы бойына қойылған батыр моласын кезінде этнограф-ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов сипаттап жазып кеткен болатын.

Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның пайымдауынша, 1741 жылы Баянауылда болған шайқаста Олжабай, Жасыбай жасақтары жоңғарларды талқандайды. Жасыбай оққа ұшқан соң, Олжабайдың қалмақтарды тегіс жойған жердегі бір тау «Қалмаққырған» атанады. 25 жасында қаза тапқан Жасыбай батыр 1716 жылы дүниеге келген деп жорамалдауға болады.

Жасыбай батыр ұрпақтарын іздестіреміз

Өңірімізде қасиетті Баянауыл жерінің тумасы Жасыбай батырдың құрметіне арналған түрлі спорттық додалар ұйымдастырылуда. Игі шаралар барысында жарыс қатысушыларына арналған сый-сияпаттарын Жасыбайдың суретімен безендіру ісі қолға алынған. Бұл бастама алғаш рет «Жасыбай батыр» қоғамдық қоры мен Павлодар облысы бойынша тай боксы және кикбоксинг федерациясы ұйымдастырған кәсіпқойлар арасындағы халықаралық турнирді өткізу кезінде көтерілген болатын.

Біткен іске сыншы көп. Осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған ойдан шығарылған портрет батырдың шын бейнесін көрсетпейді. Бұл сурет анимациялық кейіпкерге көбірек ұқсайтыны қынжылтады. Жарыс барысында ұйымдастырушылар Жеңіс Мардановтың 1991 жылы шыққан «Қазақ халқының қаһармандары» кітабындағы батырдың портретін уақытша пайдалануға шешім қабылдады. Дегенмен, Жасыбай бейнесін қалпына келтіру мәселесі осы күнге дейін шешілмей келеді.

Сол себептен қолыма қалам алдым. Жасыбайдың бейнесін қалпына келтіру үшін кем дегенде үш ұрпақтың суреті қажет. Сол себепті, жаужүрек тұлғаның артында қалған тұяғын іздестіру мәселесі туындайды. Осы мақсатты көздеген біз Жасыбай батырдың шежіресімен танысқан едік (Бәсентиін – Ақмайдан – Көкшекөз – Кержолымбет – Бәйімбет – Бесен – Матай - Өмір би - Жасыбай батыр). Одан әрі батырдың әке жағынан тараған ұрпақтарын С.Жақсыбаевтың зерттеулері арқылы білеміз. (Жасыбай батыр-Бұлдырық –Бесжан – Иса - Ыдырыс (ағасы Қайбол) – Нүрке - Қайыркен).Серік Имантайұлына бұл ақпаратты марқұм Қайыркен Нүркеұлы берген екен. Осыдан кейін әке жағынан ұрпақ жолы үзіледі. Қайыркен Нүркеұлының жас күніндегі суреті - маңызды элементтердің бірі. Батырдың басқа ұрпақтары туралы мәлімет ешбір тарихи дереккөздерде кездеспейді.

Енді мұрағат материалдарына жүгінсек. 1835 жылғы санақта Матай-Өмір бөлімшесінде Жасыбайдың екі немересінің есімдері жазылған. Олар - Бесжан Бұлдырықов пен Шабар Бұлдырықов. Мұнда, сондай-ақ, Малайдар Жасыбаев, Астаубай Малайдаров және Шаңқылы Жасыбаевтар бар. Қолда бар мәліметтерге қарап, олардың Жасыбай батырдың немерелері немесе ұлдары екенін анықтаудың реті келмеді.

Кейінгі 1848 жылғы санаққа Жұрын Шаңқылин мен Иса Бесжанов қосылған. 1854 жылғы құжаттар бойынша Иса Бесжанов – Матай - Өмір бөлімшесінің старшинасы. 1866-1869 жылғы санақта Қырқынбай Шабаров бар. Одан әрі Баянауыл округінің таратылуына байланысты салық жинау жүйесі өзгереді, «ясак», яғни салық санағы жабылады да, «Киізүй басы» жинағы жеке бас деректерінсіз толтырылады.

Кеңес Өкіметінің (1920-1922 жж.) алғашқы басқару жылдарында көптеген құжаттардың жойылуына байланысты 1897 жылғы жүргізілген санақ қағаздарын табуға мүмкіндік болмады. «Павлодар уезі. 1903 жыл. Қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі материалдарында» Иса Бесжановтың «Түбек» мекенінде (Алтыбай болысы, №6 әкімшілік ауылының құрамында) орналасқан ауыл басы екенін көреміз.

Жоғарыда айтылған себептер бойынша,құжаттардың жоқтығына байланысты Қырқынбай Шабаровтың балалары анықталмады және 1870-1920 жылдар аралығындағы басқа да генеологиялық мәліметтер табылмады.

Павлодар облыстық мұрағатынан 1926 жылғы Алтыбай болысының №3 ауылының тұрғындар тізімін таптық. Онда Иса Бесжановтың немерелері Нүрке Ыдырысов пен Бәстем Қайболовтар тұрған деп жазылған. Осы адамдардың бірі Қырқынбай Шабаровтың ұрпағы болуы әбден мүмкін. Мұрағат материалдарының арқасында бүгінде батырдан тараған екі ұрпақты анықтадық. Бұлдырық – Шабар - Қырқынбай және Бұлдырық – Иса – Қайбол - Бәстем (інісі Сәттар) - Қизат, Қамал. Енді олардың 30-шы аштық жылдарынан,соғыс жылдарында аман қалып, осы күндері олардан тараған ұрпақтың табылуына үміт артамыз.

Осы мақаланы пайдалана отырып, Жасыбай батырдың ұрпақтары Қайболовтар, Қырқынбаевтар туралы, сонымен қатар, Жасыбай Өмірұлына қатысты деректер (шежіре, қолжазба) табылып жатса, хабарласуларыңызды сұраймын.

Дәурен Аяшинов

Ата-Тегім.

Бәйімбет Бәсентиін арғы затым, Қайыркен Нүрке ұлы менің атым. Ыдырыс деген шалдын немересі, Бесжанның Исасы ғой үлкен атам. Туыпты Бесжан бабам Бұлдырықтаң, Шал екен қатқан қара жұдырықтай. Жиғанда жылқы көлдің аумағында, Сабасын бес биеден қылдырыпты. Әкесі Бұлдырықтың ер Жасыбай, еліне енбек еткен ол жасымай. Алғанда Баян жерін қалмақ басып, Жауына таптатпаған көл тасында. Жасыбай ер Олжабай жиені еді, Олжекең бар қазаққа сүйеу еді. Өмір би әкесі ғой Жасыбайдын, қалын ел Айдаболға күйеу еді. Атанған бес қасқасы Бесен батыр, Матайдан жетім қалған Өмір пақыр.

Жасыбай батыр ұрпағы: Қайыркен Нуркин (1939ж.-1995ж.)

Ер Жасыбай

Қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат еткен қолбасшы, батыр Бәсентиін Жасыбай Өмірұлы хақында Шоқан, М.Жүсіп, Н.Коншин жазбалары; Энциклопедиялық «Қазақ халқының қаһармандары» жинағы, баспасөз материалдары бірқатар мәліметтерді ұсынады. Дүниеге келген жері белгісіз, Баянауылдағы Жасыбай асуы бойына қойылған Жасыбай моласын кезінде Шоқан сипаттап жазып кеткен болатын.

Жасыбай Өмірұлының ата-тегін таратуда әртүрлі пікірлерге кездесеміз. Оны Сүйіндіктен («Қызыл Ту» 21.05.91), Қаракесектен (Жамалқожа), Бәсетиіннен тарататын шежіре нұсқалары бар. «Дауа» шығармашылық орталығы даярлаған мақаласында батырдың Қаракесек не Сүйіндік руларынан шыққандығына күмән келтіреді.

Әлкей Марғұланның тұжырымдауы бойынша, Жасыбай Сүйіндік Олжабайдың апайынан туған жиені болып келеді. Ал жеті атаға дейін қан араластырмау заңы сақталған сол заманда нағашы мен жиеннің бір рудан болуы мүмкін емес екендігін ескерсек, Жасыбайдың Сүйіндік руынан болуы жоққа шығарылады. Қаракесек шежірелерінен де Жасыбай есімі ұшыраспауы Жамалқожа мәліметіне сенімсіздік тудырады. Ал жұртқа мәлім Бәсентиін шежіресінде: «Бәсентиін – Бисен – Матай – Өмір - Жасыбай» деп таратылады.

М.Жүсіп өз шежіресінде осы үлгіні қолдайды. Мәшһүр аңызындағы:

«Сол күндерде Бәсентиін деген руының Таз аталған ұрпағынан Жасыбай деген батырдың беті қайтпай жүрген күн екен», - деп берілген дерегін, сын көзбен қарау қажет деп ойлаймыз. Осы орайда, Бесеннен Таз, Матай, Сексен, Бүкі, Шоқай туғанын, Матай руы адамдарының өсіп өнген Таз ұрпағы тасасында қалып кету мүмкіндігін ескеріп, бұл мағлұматты әлі де болса салыстыру керек деп білеміз.

М.Ж. Көпеев жинағы, аңыз нұсқалары мен Ф.А. Щербин, Н.Я. Коншин, Д.С.Примак кітаптарында Жасыбай батырдың Баянауыл жерінде болған «Қалмаққырған» ұрысында қаза тапқаны баяндалады.

Қазан қаласында 1907 жылы басылып шыққан «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабында М.Ж. Көпейұлы батырдың Қызылтау бауырында жер үшін болған шайқаста оққа ұшқандығын мәлімдейді. Тарихта Бәсентиін Жасыбай мен Сүйіндік Олжабай батырлар жүргізген бұл соғыс туралы әр түрлі, бірнеше пікірлер кездеседі.

Ә.Х. Марғұлан еңбегінде 1741 жылы Баянауылда болған шайқаста Олжабай, Жасыбай жасақтары Жоңғарларды талқандайды. Жасыбай оққа ұшқан соң, Олжабайдың қалмақтарды тегіс жойған жердегі бір тау «Қалмаққырған» атанады. Б.Адамбаев мақаласында Н. Коншин қолжазбасындағы материал толық сипатталады: «Жасыбай Баянауыл аймағынан қалмақтарды қазақтар ығыстырған арғы замандарда өмір сүрген… Бұл дұшпанға әлденеше рет соққы берген белгілі батыр. Бір жолы қазақтардың қолбасы батыры Олжабайдың тапсыруымен Жасыбай батыр шағын жасақпен мыңдаған қолмен келе жатқан қалмақ қонтайшысын тауда бөгеуге аттанады. Арада кескілескен ұрыс болады. Жасыбай асқан ерлік көрсетеді, бірақ осы соғыста сауытының ашық жерінен, желке тұсынан қалмақ қонтайшысының оғы тиіп, ол содан өледі… Қазақтар ығыса бастайды, осы сәтте қырғын болған жерде Олжабай батырдың өзі жетеді. Шатқалға қамалған қалмақтар «жан сауғалап» ұлардай шулайды. Сонда олардың қонтайшысына Олжабай: «Сендердің бәрің өлген Жасыбайдың бір шынашағына татымайсындар!» - дейді. Жауынгерлеріне жауды аямауды тапсырады. Қалмақтар бей-берекет қашып, өліктері жолдың ұзына бойына шашылып қалады.

Енді бір деректерде 1752 жылы Әмірсана мен Давациді іздеген Лама Доржының 20000 ойрат әскерімен болған Баянауылдағы ұрыста оқ тиіп Жасыбай қаза табады.

Халық аңыз әңгімелерінің қайсысына назар аударсақ та, Бәсетиін Жасыбай батыр Баянауыл мен Шойынкөл маңында болған қырғын соғыста өлген және содан былай батырдың құрметіне ол көлді Жасыбай көлі деп атап кеткен. Бір назар аударарлық жағдай, Қазақстан жерінде Жасыбай аталатын көл екеу: бірі Баянауылда, енді бірі Алматы облысы Кеген ауданында.

М. Тынышбаев пікірлеріне сүйенсек,Жасыбай асуы, Шойынды-Жасыбай көлі, «Қалмаққырған» тауы тек жер-су аттарының тарихы ғана емес, қазақ жоңғар майданы барысын бейнелеген соғыс картасы болып табылады.

Жасыбай туралы М.Жүсіп мағлұматынН.Я. Коншин дерегімен салыстырып, зерделей қарағанда, аңыздардағы жеке адамдардың әрекеттері арқылы қазақ жерін қалмақтардан босатуға келген жасақтың әскери қимылдарын, Баянауылда болған ұрыс барысын, соғысу тәсілін, асу бойын күзеткен қарауылшылық қызметін танимыз. Бұған қарап, Олжабайдың Баянауылға Бәсентиіннің малы үшін емес, Жасыбаймен бірлесіп, қалмақпен шайқасуға келгенін пайымдаймыз. Жасыбай Олжабайдың апасынан туған жиені екендігін ескерсек, өмірде туысқан екі батырдың ешқашан өзара жауласпағаны белгілі болады. Ұрыс алдында қолбасшылар Олжабай мен Жасыбай соғыс жоспарын құратын. Жау Жасыбай күткен асу бойында келгенде, ол шағын қолмен бөгеуге міндеттенеді. Осы кезде Олжабай да негізгікүшімен жетіп, жауды қоршауға тиісті болады. Мақсатына жетіп, қалмақтар талқандалғанымен, қазақ әскері қолбасшы батыры Жасыбайдан айырылады.

Жасыбай батыр екен ту көтерген

XVIII ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі батырларының бірі - Жасыбай батыр жөнінде жыр-дастан қалғаны белгілі. Дастанда суреттелетін Ер Жасыбай – Орта жүз ішінде Арғынның Бәсентиін руынан шыққан атақты батыры.

Ол Олжабай батырдың досы, жауырыншы, әрі құралайды көзге атқан мерген болған. Ер Жасыбай туралы жыр-дастанмен бірге аңыз-әңгімелер де бар. Олардың ел аузынан жазылып алынған нұсқалары бұрынғы Қазақ ССР Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында сақталған.

Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында Жасыбай көлі, Жасыбай асуы бар. Ел намысын қорғаған аяулы батыр Жасыбайдың бейіті сол асудың үстінде”. Жоңғар мемлекетінің хандық тағына таластың нәтижесінде жеңілген ойрат шонжарлары Амурсана, Даваци мен Банжурдың Абылайдан пана іздегені белгілі. Жарға тығылған жетім қозыдай пана іздеген бұл «қашқындарды шығарып бермедің» деп, Лама-Доржы бастаған 20 мың ойрат әскері 1752 жылы қыркүйек айында қазақ жеріне басып кіреді. Бұл хабарды естісіменАбылай батырларға жаушы жіберіп, қазан айының ортасында Баянауылда жиналу жөнінде жар салады. “Олжабай батыр” жырында осы соғысты сипаттай келе:

“…Келген жолмен шұбырып,

Есепсіз жолда қырылып,

Баян тауын жанапты…

Қайқайып садақ тартқанда,

Қалмақтың тиіп сұм оғы;

Жасыбай қалды жығылып…” –

деп, Жасыбай батырдың қаза тапқанын баяндайды.

Н.Я. Коншиннің дерегі бойынша, Жасыбай батыр қалмақтарды қазақтар Баянауыл өңірінен ығыстырған ерте заманда өмір сүрген. Ол – жауларға бірнеше дүркін соққы берген әйгілі батыр. Бірде қазақтардың қолбасшысы Олжабай батыр Жасыбай батырға әлденеше мың қолмен келе жатқан қалмақтарды тауда бөгеп, жібермеуді тапсырады. Мыңға толмас жасақты бастаған Жасыбай асқан ерлікпен соғысады. Бірақ андаусызда сауытының желке тұсындағы ашық жерінен қалмақтың оғы тиіп, содан өледі. Қазақ жасақтары қалмақтарға төтеп бере алмай, ығыса бастайды. Сол кезде қырғын болған таудың шатқалына Олжабай батыр бастаған әскер кіреді.

Осы бір тарихи оқиға Т.А. Еңсебаевтың еңбегінде де суреттелген: «ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарында жоңғарлар Ертіс өзені жағындағы Баянауыл далаларын басып аламыз деп әрекет жасаған. Қазақтар жауға тойтарыс беру үшін шұғыл қосын ұйымдастырды. Арғындардың әскерін Олжабай батыр Төлебайұлы басқарады, жеке әскери топтардың басында Олжабайдың жиені бәсентиін Жасыбай батыр, Едіге, Жәуке, Алпыс, Жаңабек, Көшет, Дулат, Жалаңтөс батырлар тұрады.

Соғысқа бірінші болып Жасыбай батырдың сарбаздары түседі. Оның әскери тобы тау шатқалында тұрып, қарсыластарды өздеріне тым жақындатып алып, қолдарына найза мен қылыш ұстап, тосқауылдан шыға келген. Жау қаша жөнеліп, Сабындыкөлдің жанында ғана есін жиған. Күні бойы қанды шайқас болған. Қорғанып жатқан қазақтар қырғынға ұшыраған. Жоңғар мергенінің оғынан Жасыбай батыр қаза болады. Бұл туралы естіген Олжабай бар әскерімен шабуылға шығып, жауды тас талқаның шығарып жеңеді. Шайқас Баянауылдан Ақшиман жеріне ауысады. Бұл жерде Олжабайдың қолы жоңғарларды қоршауға алып, оларды қыра бастайды. Сол кезден бастап, бұл жер «Қалмаққырған» деп аталады, яғни қалмақтар қырылған жер» деп түсіну керек.

Қалмақтардың ұлардай шулап, жалбарынған дауыстарынан таудың іші күңіренеді. Сонда Олжабай батыр қалмақтарға: “Сендердің бәріңді қосқанда өлген Жасыбайдың бір шынашағына тұрмайсыңдар!”- деп,жауынгерлеріне «жауды аяған жаралы болатынын» ескертеді. Жасыңды тый. Ер - елі үшін туады, елі үшін өледі. Қара жерге кіргенше, қанын іздеймін боздағымның!

Қалың қол қайыса аза тұтып, Жасыбай батырдың сүйегін жартасты таудың төбесіне қояды. Олжабай, Бөгенбай, Малайсары батырлар кабір басына белгі ретінде үш түп жас қайың егеді. Сол қайыңдар әлі өсіп тұр. Сол жер Жасыбай асуы аталады. Үш батыр Шойынды көлді ескерткіш ретінде Жасыбай көлі аталсын деп ұйғарады. Содан бері Жасыбай көлі аталады.

Жасыбайдың кегін қуған Олжабай батыр Серіктасқа бекінген жау қолын қырып, Ежен ханның ордасын талқандайды. Бұл жерді халық «Қалмаққырылған», «Қалмаққырған» атап кеткен. Қалмаққырған тауы Баянауылдың күншығысына таман 60 шақырымдай жерде. Қалмаққырғанның баурайында қазір Павлодар облысы Май ауданының «Ақшиман» совхозы орналасқан.

Батырдың ата-тегі

Жасыбай батырдың ата-тегі туралы қалыптасқан негізгі пікір бойынша,

ол — Бәсентиін. Атап айтқанда, Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жарыққа шығарған «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» («Ғылым», Алматы, 1979 ж.) атты кітаптың 145-бетінде: «Халық аңыз-әңгімелерінің қайсысына назар аударсақ та, Бәсентиін Жасыбай батыр (астын сызған- Ж-М.). Баянауыл мен Шойынкөл маңында болған кырғын соғыста өлген және содан былай бұл көлді батырдың құрметіне Жасыбай атап кеткен» деген сөздер осының айғағы. Академик Әлкей Марғұланның еңбектерінде де басқа пікір кездеспейді. Сайып келгенде ҚСЭ-нің дерегіне, білгір ғалымдардың жоғарыда келтірген мағлұматына күмән келтірер негіз жоқ. Оның үстіне қолдағы бар шежірелерді қарап, Жасыбай атты ұрпақты Бәсентиін шежіресінен басқадан таба алмадық. Жасыбайдай батырдың есімі өз руының шежіресіне кірмей қалуы мүмкін емес.

«Ер Жасыбай»

…Ақынның қиыстырса келеді ебі,

Болған іс бәрі айтылмай қалмас тегі.

Аң қуып таудан құлап суға кеткен,

Қалмақтың Шойын деген батыр бегі.

Ол күнде бұл тауларды Қалмақ алған,

Қорған ғып әрбір жерге бекін салған.

Тұлпардың екпінінен суға құлап,

Атанып Шойындыкөл содан қалған.

Жол салған тасты бұзып Жасыбай ер,

Әркімнің ертеден-ақ аузында бар.

Арқадан қазақ ауып өз жеріне,

Кеткен соң ат қойылған Жасыбай көл.

Жасыбай батыр екен ту көтерген,

Басшы ғып біздің қазақ соңына ерген.

Сол жолмен аңғал батыр келе жатса,

Отырған тау басында қалмақ көрген.

Жол тосқан жауыз қалмақ Құба мерген,

Туы бар келе жатқан көзі көрген.

Көрінбей тас түбінде тұра қалып,

Тосыннан садақпенен тартып берген.

Моласы Жасыбайдың тау басында,

Қияның өзі салған қырқасында.

Қалған сөз үлкендерден бірден-бірге,

Өлгендерім болыпты сол қасында.

Бекініп Серіктасқа қалмақ қолы,

Батырлар басқа жаққа кеткен бәрі.

Есітіп бұл хабарды келген дейді,

Бөгенбай, Олжабай мен Малайсары.

Батырдың не секілді бәрі барған,

Қан төгіп қазақ, қалмақ соғыс салған.

Айтуы бұрынғының рас болса,

Қалмақтан осы жолы көп олжа қалған.

Соғыста қолға түскен Құба мерген,

Қалмақтың батырлары көп қырылған.

Серіктас деген атты қалдырысып,

Аталып Қалмаққырған содан қалған.

(Жамал қожа қолжазбасынан үзінді)

Тілеке Жеңіс.

Олжабай және Жасыбай батырлар

Біздің бұл қазақ Сыр бойынан ауып келгенде, Ұлытау мен Кішітауды қыстап, Сұрқара сорын жайлап, сол маңайға орын теуіп жүріпті. Баянаулаға «Барлыбай» ұранды Бәсентиін келіп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жұтынан тышқақ лақ өлтірмей, дін есен қалған екен. Олжабай батыр соны естіп, өзге Сүйіндікті - Ұлытау, Кішітаудағы төртті-бесті үйді-соңына ертіп, Баянаулаға келіпті. Кісіден сұрап мал жей ме? Тоқты-торым, тай-тулақ, бұзау-тайыншаны қуалап келіп, жей береді.

Барлық Бәсентиін біріне-бірі тығылып, Баянауланың бауырына жиылыпты. Бір байынікіне ту бие сойдырып, жиылыс қылысыпты:

- Осы бір төрт-бес үй қыстай маза бермеді. Ендігі жылы тағы осыны қылады. Бұрынғылар: «Көп қорқытады, терең батырады»,- дегені қайда? Қарасын өшіріп, көзін жоғалтып кетейік!- десіп отырғандарының үстіне Олжабай батыр өзі кіріп келіп:

- Сендер көшіп кетіп қаласыңдар. Біз айыр өркеш түйеміз жоқ, бауыры сүтті биеміз жоқтықтан, тауда қаламыз. Тас кеміреміз бе, тау кеміреміз бе, үлеспеген еншіміз бар. Көшер елдің көштігі болса, еру елдің ерулігі бар. Еншіміз болса, бөліп, ерулігіміз болса, беріп кетіңдер!- дегенде, үйдің оң жақ босағасына таяу отырған бір ұзын мойын қу ауыз:

- «Біз өзінің қарашығын батырып, көзін жоғалтып кетейік!»- деп отырсақ, мынау не дейді? - дегенде, Олжабай батыр ұшып тұра келіп, жеке ауызын қынынан суырып ала ұмтылғанда, анау да жан ұшырып, қолға түспей, қашып шығыпты. Олжабай:

- Сендерге қолымды былғамайын, қылышымды қандамайын! Күні ертең тағалы торы тай қалдырмай, түп көтере жылқыларыңды тиіп алайын да, күш - қайраттарыңды сонда сынарсың!- деп, кетіп қалыпты.

Бәсентиін... түн ішінде алас ұрып, бүлініп, үркіп, көше қашып, Ертіс суына тоғытылып, ажалдысы суға кетіп, ажалсызы Ертістен әрмен арман өтіп кетіпті.

Сол күндерде Бәсентиін деген рудан Жасыбай батырдың беті қайтпай жүрген күні екен. Өзі мерген, өзі жауырыншы екен:

- Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қалмақтан босатып алған жерім еді. Мен Олжабаймен айтыспай, қара қанға батыспай, тастап көше қашпаймын!- деп, жалғыз үй қалыпты. Бір жаман жобалғы інісі бар екен. Ағасының малы болса, бағып; отыны болса, жағып; ас-суын қылып беру үшін қасында жалғыз-ақ сол інісі қалыпты.

Баянаула тауының қалың ортасында бір көл бар. Сол көлдің күн шығысында бір тасты «Ту тіккен» деседі. «Олжабай мен Жасыбайдың «Айтысамыз!» деп, ту көтерген жері» деседі. Екеуі мұнан бұрын жүзбе - жүзге келісіп, бірін-бірі көріскен жоқ екен. Бірін-бірі көріскен соң, «ішпей мас, жемей тоқ» болып, өзді-өзімен тойысып (түйісіп), «ұрысамыз, төбелесеміз!» дегенді қойысып, қоян-қолтық алысып, құшақтасып, дос болысты.

- Кел, екеуміз осы Баянаулада жаталық, // Қойдай өріп жүрген: бұғы, бұлан, аладомбай, керкуданың аталық! // «Жалғанды жалпағынан басып» Мерекеге баталық! // Бұл тауды: «Елсіз қалды, иесіз қалды!»- деп, қалмақ келеді. Кедергі болып, соның жолын тосалық! Бір асуының аузында мен жатайын! Бір асудың ауызында сен жат! - деп, Шойындыкөлді басып өтетұғын жолдың асуында Жасыбай жатты да, «Торайғыр көлі» - деген көлді басып өтетұғын жолдың асуында Олжабай жатты.

Ол заманда да қалмақ қосыны тау - тауға бекініп, тауға паналап жүреді екен. Жасыбай жауырын жақты. Жауырынға қалмақ қосыны Қызылтауға үйіліп, төгіліп келіп қалғаны түсті. Қарауыл қарайтұғын тасына шықты. Қызылтауда бір тасқа шығып, қалмақ қарауылшысы да отыр екен. Бұл оны көрді де, ол мұны көрді. Үйіне келіп, жауырын жақты. Жауырынға қалмақ қарауылшысының көбіне айтып барғаны түсті. Ол айтқан екен:

- Асудың ауызында бір жанды қара көрдім. Кісі екенін, құс екенін айыра алмадым. Ертең қарауылға тағы шығамын. Кісі болса, тағы отырады. Құс болса, бір жерде қозғалмай отыра бермес, ұшып кеткен шығар!- деп.

Сол сөзі жауырынға түсіпті. Жасыбай қу сүйекті үгіп, күл қылып, бір ақ шүберекке түйіп, бір тулақтың пұшпағына байлап, қарауыл қарайтұғын тасына шығыпты. Шықса, қалмақтың қарауылшысы отыр екен. Күн қатты дауыл, уілдеп тұрған жел екен. Тулақты аспанға ұшырып, күлді шашылатұғын қылып қоя беріпті. Қалмақтың қарауылшысы қуанып, жүгіріп, көбіне барып айтыпты:

- Кешегі құс екен, аспанға ұшты, саңғып жіберді. Құс екенін сонан білдім!- депті. Қалмақта да жауырыншы бар екен. Жауырын жағып жіберіп, қарапты да, айтыпты:

- Ол құс емес, кісі. Өзі жауырыншы, өзі мерген. Біздің қарауылшы: «құс екен»,- деп ойласын деп, тулақ ұшырып, күл шашылдырыпты. Ал, жалма-жан аттарыңды ерттеңдер! Ердің алдыңғы қасын аттың көтіне қаратып ерттеңдер! Жауырынға аттың басы түспейді, ердің қасы түседі. Қайтып кеткен екен! - деп, бейғам болсын. Түн қатып жүріп, түн ішінде барып, асудың ауызын алып, тұра қалыңдар!- депті.

Қалмақ өз жабдығын қыла береді. Жасыбай үйіне келе сала жауырын жақса, ердің қасы әрмен қарапты.

- Бәлем, қашып кеткен екен ғой!- деп, бейғам жата беріпті. Жауырынға нанды да, қойды. Сөйтсе, қалмақ түн бойы жүріп, түн қатып келіп, отыз мерген жез айыл мылтығын қатар ұстап тұра қалған екен: «Бәлем, енді көрінші! Мың жаның болса да, көрейік!»- деп. Жасыбайдың ойында дәнеме жоқ, қаннен-қаперсіз (қаннан-қабарсыз) қарауыл тасына шыға бергенде, дәл өндіршектен көздеп, мұрттай ұшырыпты. Байғұс жаман інісі жан ұшырып: «Олжабай, қайдасың?»- деп, қашты дейді. Қалмақтың Олжабай - Молжабай ойында бар ма, асудан асып келіп, көлдің басына үйіліп-төгіліп түсіп жатқанда, сарыала туы салбырап: «Олжабай! Олжабайлап!» келіп қалғанын бір-ақ көріп, топырлап қаша берді. Олжабай мұның алдына шығып, қайыра қайырып: «Қойдай иіріп қырмаған соң, не керегі бар?! - деп, «Қалмаққырған» тасына иіріп, қойдай қамаған екен. Сондықтан ол тас «Қалмаққырған»- атанған дейді.

Сонда Олжабайдың жолдасы - Төртуыл:Баймұрат деген батыр:

- Сенімен төбелесер бір қалмақ жоқ. Қалған-құтқан болса, маған сауға бермейсіз бе?- деп, аттан түсе қалып, шылбырынан ұстап, тұра қалған екен.\

Сонда Олжабай айтыпты:

- Жасыбайдың бір бармағының құны да толған жоқ!- депті.

«Сонан кейін қалмақ Сарыарқаны көксеп, бері қарай басқан емес!»- деседі.

«Қалмақтың тамақ қылып ішетұғын саймандары үйіліп-төгіліп көл басында қалғандықтан, «Шойындыкөл» атанған,- дейді.

«Жасыбайдың өзін асудың үстінде жұрт жүретұғын жолдың үстіне қойып, ол асудың «Жасыбай асуы» аталғаны - сол!» - деседі.

Жасыбайдың дене топырақ моласы өткен-кеткеннің атының аяғының астында. Жиырма жетпеген күнімізде асудан бірге асқан сыйсыба (сисебе) құлақ шалдар: «Міне -Жасыбайдың моласы!»- деп, көрсетіп еді. Өзге жоғалса да, мола жоғала ма? Жаздыгүні жер қарада жүрген жандар көреді. Қазақ - әулие:бір ауыз сөзі босқа далаға кетпейді. «Жауырыншыны жау алады, // Есепшіні жұт алады!» Жасыбайдың өліміне себеп болған - өзінің жауырынына сенгендігі.

***

«Көмекей әулие» атанған Бұқар жырау айтады ғой:

Мұсылман (пұсырман) болсаң, кетіңіз,

Сырдариядан өтіңіз!

Жиделібайсын жетіңіз,

Кісісі жүзге келмей, өлмеген,

Қойлары екі қабат қоздаған,-

Солай қарай жетіңіз!- деп.

- Кел, бозбала, қойға қошқар қоймаңдар! Сиырды бұқасыз, түйені бурасыз, жылқыны айғырсыз қылайық! Малды үш жыл ту сақтап, осыны қылайық. Бізден бұрынғы ауғандар солай ауған. Сол жақта өсіп-өніп, «Ауған елі» атанып қалған. Ауғандардың ілкі (илгі) басы - Асан қайғы.

Анан онан соратон (сұратон) - Қазтуған, Орақ-Мамай, Телағыс:Тама - Шора батыр, Кіші жүзден шыққан - Әз Едіге. Мынау Абылай қанша десін көтеріп мақтағаныңмен, «Жалаң аяқ жар кешіп: «Жаным қайда барсам, қалады?!»- деп, жалаң бұт келген сарт қой. Бір күн к...тін орысқа береді, бір күн к...тін шүршітке береді. К...тін Шүршітке бергені емес пе: тұла бойы тұңғышы Әділді Шүршіт патшасына: «Ақ үйліге» берді. К...тін орысқа бергені емес пе: Кіші жүздің жерінің шұрайлы жерінен Троицкиді жәрмеңкелікке берді. Орта жүздің жерінің шұрайлы жерінен Қызылжарды жәрмеңкелікке берді. Кел, осыдан кетелік! Жер шұрайы Жиделібайсынға жетелік!- деді.

Жұрт жұмыла: «Әу!»- десті. Адамды ойға алғанына жібермейтұғын бір тағдыр деген тұсау бар ғой. Ойламаған орыннан сап етіп, жағадан алып, шап етіп, Ереймен тауының күн батысында аяғынан алды, төсек тартқызып, шалқасынан салды. Сонда өзі арман қылғанда, нені арман қылған екен? Қырып, жойып, қиратып жүргенде, қылатұғын ісі - найзагер екен. Найзамен түйрей шанышпай, қалыбы (қалбы) шанышады екен де, киімінен түйреп, түсіреді екен. Оның сүйтіп түйреп түсірген жаны атқа мінуге жарамай қалады екен. Сонда өкінгендегісі: өлтірмегеніне өкініпті:

- Өзім кісі өлтірсем, ажалым кісіден болар еді. Қой боғындай қорғасын маған бұйрықсыз болып, жамандардай төсекте сұлап жатып, «қағындыдан» өлдім - ау!- деп, бармағын жұлып-жұлып шайнап тастаған екен дейді.

Болмаса мен ауырғанда қасында, өлгенде, басында болған жан емеспін. Мұның артының үбірлі - шүбірлі болып, өсіп-өніп жүргені сондықтан екен.

Қазақ қатынының ұрпағы - бір тайпа ел, қалмақ қатынының ұрпағы - бір тайпа ел. Бір қарақалпақ қатынының ұрпағы бар, онысын жұрт: «Қалпақ»- дейді. Егінге түскен шегірткедей жыбыр-жыбыр, қыбыр - қыбыр етіп жатқан бірдеме. Шідерті деген өзеннің басынан қыдырсаң, аяғына шейін Олжабай ұрпағы болады.

«Денесін Әзіретке апарамыз!»- деп, денесін құрт - ірімшік жаятұғын сөредей сөре жасап, сөрелеп қойыпты. Ақырында Әзіретке апара алмай, Көкшетау маңайында өздерінің жайлап жүретұғын жайлауларына қойыпты. Өлген жері - «Олжабай сөресі» атанған. Ол жер осы күнде «Олжабай қаласы» атанды. Көмілген жері «Олжабай тамы» атанып, «Майлықара - Майданнан салт атпен тас тасып, тастан жасаған тамы бар. Олжабай батыр өзі өлерінде айтқан екен:

- Менің үрім - бұтағымның жау десе, көтені лүпілдейді; дау десе, көмейі бүлкілдейді!-деп.

Естіген сөзімнен сөз қалмасын: «Естіген құлақтың жазығы жоқ!»- демеді ме?!

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Джасыбай (легенды и предания).

Об этом событии, которое бережно хранится в народной памяти, я слышал много раз- от старого акына Шаймарденова, от знатного охотника Абикеева и других. Но с особенным воодушевлением рассказывает о нем известный краевед Павлодарского Прииртышья Иван Васильевич Лагутин.

Примерно двести лет прошло. Наши Баянские горы были ареной ожесточенных сражений казахского народа против иноземных захватчиков- джунгарских калмыков, одного из племен бывшего могущественного Ойротского государства.

Калмыки, в те годы появившиеся у берегов Иртыша, под предводительством княза Царен-Дундука нападали на аулы кочевников-казахов, угоняли скот, грабили и убивали жителей, сжигали их жилье.

Но казахские племена, согнанные с родных мест, не покорились. Старики-аксакалы рассказывают, что в эту бедственную пору на восток от озера Шоинды- куль, – в центре Баянских гор, расположился со своими джигитами молодой казахский богатырь, по имени Джасыбай. Подступы к озеру с юга- запада охранял Богумбай-батыр. На помощь им подоспел не ведающий страха и неслыханной силы богатырь Олжабай. На совете, который они держали, все поклялись или изгнать поработителей, или погибнуть в бою. Первыми встретили врага бойцы отряда Джасыбай.

Отряд, сидя в засаде, встречал противника стрелами, поражающими на далеком расстоянии. Особенно метко пускал их из лука, сделанного знаменитым мастером, его дедом Джасыбай. Каждая сожжённая стрела попадала в цель. Много раз наступали враги и откатывались назад, оставляя трупы на поле брани. Не помогли ни ружья, ни стрелы.

После этого сражения, видя хорошо организованную оборону превратившую перевал в крепость, калмыки пустились на хитрость. Пройдя некоторое расстояние от долины, они остановились, каждый привял повод лошади к ноте и сел верхом лицом к хвосту, чтобы, наступая, создать видимость отступления, усыпить бдительность обороняющихся.

–Ого! – воскликнул дозорный. – Они уходят. Смотрите!

Джасыбай взял джарун – баранью лопатку. – пригляделся через глазок в ней, разгадал калмыцкую хитрость.

– Не выйдет, – сказал богатырь, засмеявшись.

Он построил своих бойцов в боевой порядок и сам напал на коварных врагов. И снова джигиты во главе с батыром нанесли противнику поражение. Смятение приходило в их ряды, когда появлялся сам Джасыбай. В его руках вместо соила была вывороченная береза с обломленными сучьями. Долина на подступах к перевалу, охраняемая Джасыбаем, стала «Долиной смерти и печали калмыков». Они в беспорядке бежали к Сабындыкулю, оставив много убитых.

Опять настала возможность передохнуть.

Только этот отдых для храброго богатыря Джасыбая оказался роковым. Он был убит стрелой калмыка, у которого убежала лошадь и который, спрятавшись за камнем, дожидался темноты.

Как случилась беда, рассказывают по-разному. Одни утверждают, что батыр, утомленный бессонницей и прошедшими боями, сел на камень и задремал. В эту минуту и выстрелил меткий вражеский стрелок, притаившийся в долине, за гранитным валуном. Другие говорят что калмык пустил стрелу в тот момент, когда Джасыбай, после боя, спешился и расстегнул кольчугу, чтобы стряхнуть застрявшие в ней пули и стрелы. Те, кто был рядом с ним, услышали сначала свист стрелы, а потом увидели, как их предводитель схватился за горло, припал на колено и повалился на землю. Из горла хлынула кровь…

Когда гонец привез эту печальную весть Олжебаю, он поднял коней весь резерв и бросился преследовать отступающих врагов, чтобы не дать им опомниться и отомстить за Джасыбая- любимца всех казахов. Вместе с ним помчались и джигиты Джасыбая.

Когда часть калмыков скрылась за дальними сопками, уходя в степь, Олжебай не стал преследовать их, а решил заманить в горы и покончить с ними навсегда. Он велел наложить в мешки сена и по одному небольшому камню и приказал джигитам подняться с ними на вершины сопок и бросать оттуда. Эти мешки, бросаемые джигитами, издали казались парящими птицами и заставили бежавших калмыков подумать: «Значит, отряды казахов ушли, можно вернуться». Они повернули обратно, но между сопок попали в засаду, были взяты в кольцо и полностью истреблены.

С тех пор курганы и горы, где были уничтожены остатки джунгарских захватчиков, пытавшихся поработить казахский народ, называются Калмак-кырган – «Истребление калмыков». (Они расположены на границе Баян-Аульского и Майского районов).

А озеро Шоинды-куль в память о молодом казахском богатыре, смело вставшем на защиту родины, народ стал называть Джасыбай. Имя героя носит и перевал между озером и Баян-Аулом, на котором его отряд держал оборону и где воины похоронили своего предводителя.

Могила Джасыбая, обложенная горкой камней, теперь еле заметна. Но к ней не зарастает тропка, по которой приходят сюда туристы.

Д.ПРИЙМАК, научный сотрудник историко-краеведческого музея.

Газета «Звезда прииртышья» 10 февраля. 1968 год.

0
3624