Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
20:53, 23 ноября 2010

ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШСЕК, ОРЫС ТІЛІНІҢ ЭКСПАНСИЯСЫНАН БІРТЕ-БІРТЕ АРЫЛАТЫН БОЛАМЫЗ

Blog post imageҒарифолла ӘНЕС, филология ғылымының кандидаты, тілші ғалым:

– Мен бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын: біз орта білім беретін мектептерімізді тү­­бегейлі реформалап алмай, латын графикасына көше алмаймыз. Біз алдымен «қазақ мектебі», «орыс мектебі», «аралас мектеп» дегендерден мүлде арылуымыз керек. Қара­ңызшы, көрші Ресейде «русская школа» деген жоқ қой. Дамыған елдердің көбінде адамдар бір тіл мен бір жазу арқылы оқып, жұмыс істейді. Ол үшін орыстілді және аралас мектептерді жабудың қажеті жоқ. Біз тек барлық орта білім беретін мекемелерді мемлекеттік тілге көшіріп, сол жерлерде латын графикасын енгізе бастауымыз керек. Осылайша үлкен жұмыстарды атқармайынша, латынға көшеміз дегеніміз әншейін сөз болып қала бермек. Осы ойымды бүгінде баспасөз беттерінде ашық айтып жүрмін. Біз егер латын графикасына көшкіміз келсе, оны қайта жасақтаудан өткен, бір ізге түсірілген барлық білім ошақтарына бірдей енгізуіміз қажет.
Алайда Тәуелсіз Қазақстанда қазақтілді мектептер саусақпен санарлықтай болып тұрғандықтан, орыстілді мектептер мен жалпы біздің қоғамдағы орыстілді қазақтар латынға көшуге аса бір құлшыныс танытып отырған жоқ. Біздегі орыстілді кеңістік қазақ тілінікінен анағұрлым ауқымды болғандықтан, орыстілділер орыс тілі мен «криллицадан» айырылғылары келмейді. Оның үстіне, әлгі орыстілді мектептердегі оқушылардың 90 пайызға жуығы қазақтың балалары. Олар латын жазуын үйренгенмен, ой-санасы сол орысша қалпында дамитын болады. Демек, біз қазақ баласының өз ана тілінде білім алуына мүдделі болуымыз қажет. Қалай десек те, біздің – латын қарпіне көшуді болашаққа бағытталған үлкен рухани және саяси қадам деп қабылдауымыз керек. Егер мәселе бұлай шешімін тапса, біз «орыстілді мектептерге де латын графикасын енгізу ке­рек» деп бас қатырмас едік. Біз неліктен орыстілділер үшін орыстың алфавитін латын қарпіне ыңғайлап, босқа күш жұмсауымыз керек. Біз осы кириллицадан негіз алған қазақ әліппесінің өзін латынға икемдеп алсақ та жетеді. Бұл – біз үшін қиын шаруа емес. Ал еліміз бойынша әр тілде білім беретін мектептеріміз жұмыс істеп тұрған қазіргі уақытта Қазақстан латын графикасын игеріп алып кете алмайды. Шынтуайтына келгенде, біз латын қарпіне көшсек, орыс тілінің экспансиясынан бірте-бірте арылатын боламыз.

– Біз орта білім беретін мектептерімізді тү­­бегейлі реформалап алмай, латын графикасына көше алмаймыз. Біз алдымен «қазақ мектебі», «орыс мектебі», «аралас мектеп» дегендерден мүлде арылуымыз керек. Қара­ңызшы, көрші Ресейде «русская школа» деген жоқ қой. Дамыған елдердің көбінде адамдар бір тіл мен бір жазу арқылы оқып, жұмыс істейді. Ол үшін орыстілді және аралас мектептерді жабудың қажеті жоқ.

Біз тек барлық орта білім беретін мекемелерді мемлекеттік тілге көшіріп, сол жерлерде латын графикасын енгізе бастауымыз керек. Осылайша үлкен жұмыстарды атқармайынша, латынға көшеміз дегеніміз әншейін сөз болып қала бермек.

Осы ойымды бүгінде баспасөз беттерінде ашық айтып жүрмін. Біз егер латын графикасына көшкіміз келсе, оны қайта жасақтаудан өткен, бір ізге түсірілген барлық білім ошақтарына бірдей енгізуіміз қажет.
Алайда Тәуелсіз Қазақстанда қазақтілді мектептер саусақпен санарлықтай болып тұрғандықтан, орыстілді мектептер мен жалпы біздің қоғамдағы орыстілді қазақтар латынға көшуге аса бір құлшыныс танытып отырған жоқ. Біздегі орыстілді кеңістік қазақ тілінікінен анағұрлым ауқымды болғандықтан, орыстілділер орыс тілі мен «криллицадан» айырылғылары келмейді. Оның үстіне, әлгі орыстілді мектептердегі оқушылардың 90 пайызға жуығы қазақтың балалары. Олар латын жазуын үйренгенмен, ой-санасы сол орысша қалпында дамитын болады.

Демек, біз қазақ баласының өз ана тілінде білім алуына мүдделі болуымыз қажет. Қалай десек те, біздің – латын қарпіне көшуді болашаққа бағытталған үлкен рухани және саяси қадам деп қабылдауымыз керек.

Егер мәселе бұлай шешімін тапса, біз «орыстілді мектептерге де латын графикасын енгізу ке­рек» деп бас қатырмас едік. Біз неліктен орыстілділер үшін орыстың алфавитін латын қарпіне ыңғайлап, босқа күш жұмсауымыз керек. Біз осы кириллицадан негіз алған қазақ әліппесінің өзін латынға икемдеп алсақ та жетеді. Бұл – біз үшін қиын шаруа емес. Ал еліміз бойынша әр тілде білім беретін мектептеріміз жұмыс істеп тұрған қазіргі уақытта Қазақстан латын графикасын игеріп алып кете алмайды. Шынтуайтына келгенде, біз латын қарпіне көшсек, орыс тілінің экспансиясынан бірте-бірте арылатын боламыз.

13 қараша 2010
Алаш айнасы

"ОН ЕКІ ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЛАТЫН ӘЛІПБИІМЕН БАСТАСАҚ, ҰТЫМДЫ БОЛАР ЕДІ"

0
1091
8