• 101324
  • 55
  • 18
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі. Құрбан айт құтты болсын!

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!
Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла Тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін!

Бұл күндердің ұлықтығы сол - мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындай түсуге тамаша мүмкіндік алады. Асылы, «Құрбан» сөзі де араб тілінен аударғанда «жақын болу», «жақындау» мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалуды тек мал сойып, қан шығару емес, Алланың рахым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.
Құрбан шалу - сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан жалғасып келе жатқан үрдіс. Бұл ғибадат арқылы Алланың ықыласты құлдары өз сеніміне беріктігі мен берілген нығметтерге шүкіршілігін танытады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Аллаға қүрбанның еттері, қандары, әсте, жетпейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың жетеді» («Хаж» сүресі, 37-аят), - делінген. Аятта құлшылық ретінде сойылған құрбандықтың маңызды бір шарты шынайылық пен тақуалық екендігі ашық баяндалған. Олай болса, мәселе Алла жолына аталған малдың еті мен қанында емес, оны шалушының тақуалығында. Сондықтан да құрбан шалынып жатқанда «Аллаһумма минкә уә ләке» (Уа, Алла тағалам, бұл мал Сенен келді, Саған барады) деген дұғаның көбірек айтылуы тегін емес.
Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 г. алтынға тең ақшасы бар, басы азат, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес, мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды не ешкіні яки бір адамнан жеті адамға дейін ниет ете отырып екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп. Құрбандықтың уәжіптігі қасиетті Құранда: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят), - деп бұйырылған. Ал әз-Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» - деп ескерткен. Бұл хадис құр­бан шалу мерзімін бейқамдықпен өткізіп алмауға үндейді һәм сараңдық танытып, бұйрықты орындаудан бас тартудың күнә екенін білдіреді. Ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) осы сүннетіне аса байыппен қарап, шын ризашылықпен дұрыс шалынған мал Алла Тағала разылығына қол жеткіздіруі мүмкін.
2010 - Отанымыз үшін ерекше жыл. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер арасында Қазақстан тұңғыш рет 56 мемлекет құрамына енетін халықаралық аса беделді - Еуропа Қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуде. Әлемдік үлкенді-кішілі мемлекеттердің басшылары мен ірі қайраткерлердің, сарабдал сарапшылардың бұған қатысты берген бағасы мен пікірі мейлінше жоғары. Құрбан айттан кейін Астанада осы ұйымға кіретін мемлекет басшылары мен халықаралық беделді ұйымдар өкілдерінің келелі бас қосуы - саммиті өтпек. Онда әлемдік күрделі мәселелер қаралып, талқыланады. Осының бәрі жас тәуелсіз Қазақстанның, оның дана басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор абыройы мен беделінің арқасы екенін әлем танып, мойындап отыр. Мұны әрбір отан­дасымыз зор мақтаныш етіп, үлкен жетістік деп біледі. Бұл үшін Алла Тағалаға сансыз мақтауларымыз бен шүкірлігіміз болсын.
Құрметті мұсылман бауырлар мен отан­дас­тар! Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтары­ңыз­ды Алла Тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей!
Жаратушы Иеміз сүйікті Қазақстанымыз бен ел қамында жүрген Елбасымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауызбірлігін арттыра бергей! Әмин!

«Абай-ақпарат»

abai_kz
16 ноября 2010, 0:04
1460

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 11713
  • 24
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10471
  • 102
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9545
  • 32
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 8259
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 7568
  • 32
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4980
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3729
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3028
  • 62