«Ғаламның генетикалық коды» сурет көрмесі ашылды

1261
0
0
4

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде суретші Люба Стерликованың "Ғаламның генетикалық коды" атты көрмесі ашылды. Бұл - ғылым мен өнерді ұштастыра білген ерекше жоба. Іс-шара "Астана...

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде суретші Люба Стерликованың "Ғаламның генетикалық коды" атты көрмесі ашылды. Бұл - ғылым мен өнерді ұштастыра білген ерекше жоба.

Іс-шара "Астана Экспо-2017" халықаралық көрмесіне арнайы ұйымдастырылған. Көрмеге кескіндемелер, нысандар, видеоинсталляциялар қойылды. Суретшінің туындыларында ғарыш энергия ретінде көрінеді. Оның композицияларынан ғарыштық дүниенің бар ғажайыбын байқауға болады.

Люба Стерликова - америкалық суретші. Оның туындылары АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Италия, Ресей секілді елдердегі 80-нен астам көрмелерде ұсынылған. Көрме 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін созылады.

 
Ad

Rate post

4

Comments

Login to comment