Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
02:42, 10 сентября 2010

Қайрат – Чемпион!!!

Blog post image

Осы жылы, жыл сайынғы өтетін «Новая Волна» әншілер байқауында біздің еліміздің атынан Қайрат Түнтеков өнер көрсетеді. Бұл байқауды осы жылы «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалауға мүмкіндік бар. 27-шілдеден басталатын додада Қайрат қазақтың халық әнін, өз репертуарынан бір ән, және әлемдік хит ретінде қазір өте танымал болып жүрген «SOS» әнін орындайды.

Өз басым, Қайраттың шоу-бизнеске келген күнінен өнерін қадағалаудамын. Алғаш «Суперстар.кз» байқауында бірінші сынағынан финалға жолдамаға смс дауыстар жетпей қалып, ауылына қайтып кеткен болатын. Одан кейінгі жылы бағы жанып, халыққа танымал болды. Ең алғаш, тіпті ұзын кофта мен кең рэпперлік джинсы киіп шыққаны да есімде. )) Біраз жылдар демеушісі болмай, көлеңкеде жүріп қалды. Сабина Саякованың «Своими словами» бағдарламасында ағынан жарылып, продюссермен жолым болмай жүр дегенін айтқан еді. Содан кейін-ақ Динара Адам («Екі жұлдыз» жобасының директоры қателеспесем) қолына алған көрінеді. Қазіргі уақытта имидж, репертуар және де басқа жұмыстарымен осы кісінің продюссерлік орталығы айналысады.

Даусы керемет, бірақ әлі де Қайратқа тіл байлығын, ой-өрісін кеңейту керек сияқты. Және ол жағымен жұмысты бастап кеткен де сияқты. Жақында Қайрат on.kz сайтынан блогын ашып, жанкүйерлерімен ой-пікірімен, жоспарларымен бөлісуде.

0
513
0