Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
10:47, 31 августа 2016

#mypensionkz

#mypensionkz
Зейнетақы жайлы отырыстан не білдім?
- Әрбір Қазақстан азаматы жеке қорында неше тг жиналғанын кез-келген уақытта біле алады;
- Ресми жұмыс жасайтын қызметкерлерге зейнетақы қорына айлықтан 10-пайыз бөліп отыру міндет;
- Қазақстан азаматы ерікті зейнетақы жинауға құқылы. Бұл мемлекеттікке қатысты қосымша болып табылады;
- Жұмыс істесеңіз де істемесеңіз де базалық зейнетақы аласыз. Оның мөлшері - 11 000(түсінуімше жыл сайын ұлғая береді);
- Базалық төлем еңбек өтілін ескерместен және табасына қарамастан төленеді;
- Ер кісілер зейнетке 63, әйел адамдар 58 жасында шығады;
- Әйел кісілер үшін 2018ж бстап жылына жарты жыл қосып, созып отырады. Мәселен, 2018 ж 1-қаңтар - 58,5 жаста зейнетке шықса, 2019 ж 1-қаңтар 59 жаста шығады. Бұл 2026 жылдың 1-қаңтарына дейін жалғасады, яғни әйел адамның жасы 63-ке келгенше;
- Егер дені сау қызметкер (Алла сақтасын) бірден мүгедек болып қалып жатса, инвалидтік деңгейіне қарай ай сайын қаржы бөлініп отырады;
- Егер мүгедек адам жалғыз болып, өзіне қарау мүмкіндігі болмаса, оған қамқорлық жасауды өз мойнына алған адамға да мемлекеттен әр айда қаржы бөлініп отырады;
- Кез-келген жұмыс істеп, ай сайын 10-пайыз бөліп отырған азамат базалық зейнетақыға қосып жинақ қоры зейнетақысын да алады. Қазір ол орта есеппен 30-40 мың. Бұл да жыл сайын өседі екен);
- Егер адам зейнет жасына жетпей қайтыс болса, оның зейнетақы қоры оның жақындарына мұра ретінде өтеді(егер арнайы "завещание" жазылса, жазылмаса бөлінеді);
- Ерікті зейнетақының пайдасы көп, және келісімшартқа өз еркіңізбен, жоспарыңызды ескеріп отырасыз;
- Кез-келген азаматтың зейнетақы қоры заңды қорғалады. Яғни, сіз қиялдағандай ешкім келіп сіздің ақшаңызбен қашып кете алмайды);
- ҚР Ата заңы сіздің толық құқықтарыңызды қорғайды;
- БжЗқ ресми сайтынан кез-келген қызықтырған мағлұматтарды ала аласыз. www.enpf.kz

1
467
0