БІЛІМ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Medina Ray 2016 M08 5
133
0
0
0

Биылғы оқу жылына 31 702 грант бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен өткізілген республикалық комиссия отырысында жоғарғы оқу орнына қабылдау...

Биылғы оқу жылына 31 702 грант бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен өткізілген республикалық комиссия отырысында жоғарғы оқу орнына қабылдау туралы жұмыс нәтижеленді.

Жұмыс барысында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан мемлекетіміздің индустриялық-инновациясы мен агроөнеркәсіп кешенінің даму мақсаттарын іске асыру қажеттіліктеріне назар аударғандығын атап өтті министр  Ерлан Сағадиев. Бұл басымдылықтар ескеріле отырып,  техникалық және технологиялық мамандықтарға – 12 593 грант, педагогикалыққа – 5 000-ға жуық грант, ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына – 2 690 грант және 3000 грант – медициналық мамандықтарына бөлінді.

2016-2017 оқу жылына 31 702 грант бөлініп отыр. Оның ішінде 2 950 грант – ЖОО дайындық бөлімдеріне және 28 752 грант – жоғарғы оқу орнының 1 курстарына берілді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 87 жоғарғы оқу орындарына конкурстық негізде білім гранттары қарастырылды.

Биыл конкурсқа 59677 үміткер қатысып отыр. Олардың 47342 – қазақ тілінде, 12335 – орыс тілінде оқиды.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасына 9797 адам қатысты. Олардың ішінде: 2208 «Алтын белгі» иегерлері, 303 колледж түлектері, 169 халықаралық және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары, 854 халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, 948 халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен 9 Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары.

Сондай-ақ, конкурсқа 492 жетім бала, 363 I және II топ мүгедектері, 37 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер санатындағы абитуриент және 1053 ҚР азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдері қатысады. Бұл қатысушыларға квоталар белгіленіп отыр.

 

Мадина Абдукадирова

 

Оцените пост

0
Дальше