место в рейтинге
  • 15639
  • 91
  • 17
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Террорлық актілер кезіндегі не істейміз?!

Ақтөбе. Енді міне Алматы. Еліміздегі "белгісіз" күштер мемлекеттік тәуелсіздігіне қарсы үлкен іс-әрекеттер жасап жатыр. Бауырларымызды өмірден айырып, ағаларымызды мүгедек қылдыруда. Ақпараттық әлемде тағы да жеңілудеміз. Осындай жағдайларда көп адам не қыларын білмей жатыр. Әрбір қазақ білсін деп өз ой-түйгенімді жазуды жөн көрдім.

Сонымен, төтенше жағдай кезінде не істеуіміз керек?!

1. Құзыретті органдарды хабарландыру - егер де жақын жерде автомат кезегінің дауысын, жарылыс я басқа да дыбыстарды естісеңіз видеоға түсіруден, фото жасаудан бас тартыңыз - бірден құзыретті органдарды хабардар етіңіз. Әлеужелі пайда болғаннан соң халық суреттерді елден бұрын таратуға құштар болатыны өкінішті. Алайда, суретке түсіремін деп оққа түсіп қалуыңыз мүмкін.

2. Ешқайда шықпаңыз - егер де тиісті нұсқаулықтар түспесе, үйіңізден шықпаңыз. Үрейге беріліп, аяқтың астында қалған азаматтар жайлы Үндістаннан, АҚШ-тан, Меккеден бірнеше рет суыт хабар естіген едік. Олардың қатарында атпалдай азаматтар мен буыны қатаймаған сәбилер бар еді. Халықтың қыспағынан Сізді салмағыңыз да құтқармайды. Басқарылмайтын адамдар қозғалысы сіздің "арқаңызда" да пайда болуы мүмкін. Егер де адамдар ағынына тап болсаңыз ағынға қарсы жүрмеуге тырысыңыз, себебі, әрбір іс-қимыл сізді аяқтан шалуы мүмкін.

3. Ақпараттан сақтану - иә, өкініштісі сол, ақпараттық кеңістікте үлкен жеңіліс тауып жатырмыз. Террористердің ең бірінші мақсаты - халық арасына үрей тудыру, ал әлеуметтік желілердің пайда болуымен ол мақсаттарын орындау он минуттық жер. Сондықтан да, WhatsApp арқылы келген хаттарды, видеолар мен фотоларға сенбеңіз, және ешкімге таратпаңыз. Бұл ақпараттардың көбі белгісіз адамдардан және ресми емес ақпарат. Не үшін таратылатынын білесіздер. Осы орайда, Ақтөбедегі видеоны еске түсіріңіз. Жақын шетел ақпарат құралдарынан да сақтанған абзал.

4. Ресми емес ақпаратты таратпау - Алматыдағы қайтыс болған азаматтардың оқиға орнынан фотолары фэйсбукке Қ. Құдайбергенов есімді азамат салып, халықты дүрліктірген болатын, кейін, көпшіліктің қалауымен өшірді. Енді сұрақ: не үшін салады?! Салғаннан не ұтады?! Риторикалық сұрақ, тіпті ойланып көрсек, практикалық пайдасын табу мүмкін емес. Мерт болған мәрт азаматтарға құрметсіздіктің үлкен белгісі, олардың туған-туысқандарына құзырлы органдардан бұрын ақпаратты жеңгізуге кім рұқсат бергені белгісіз тағы да. Айтпағым, барынша, ресми дәлелденбеген ақпаратты таратпауға тырысыңыз. "Лайкқұмар" нәпсіңізді санаңыз бен сабырыңыз тыя алатынына сенемін. Сонымен қатар, Сіздің салған ақпараттарыңыз арқылы террористер полицейлер туралы ақпарат ала алатының есте ұстағайсыз.

5. Жақындарыңызбен хабарласыңыз - оқиға орнындағы туысқандарыңыздың қал-жағдайын біліңіз. Иә, бұл оларды тыныштандырады, өзіңізді де сабырға шақырасыз.

6. Сіз супермен емессіз - адамдарға көмектесу - игі іс, алайда, өз басыңызға қауіп төнген жағдайда "супермен" атануға асықпаңыз. Ниццадағы теракт кезінде алғаш болып оққа ұшқандар көлік астында қалғандарды құтқарамын дегендер. Егер де басыңызға қауіп төнсе өмірден өткен азаматқа көмек қолын созуға асықпаңыз. Иә, бұл пунктіні жазу маған оңайға соқпады, алайда, Сіз супермен емессіз...

7. Эвакуацияға дайындалыңыз - кез-келген уақытта эвакуациялау процессі іске асуы мүмкін. Құжаттарыңызды қолыңызға алыңыз, мүмкіндігінше спорттық киім киіп, жылы киімді де ұмытпағайсыз. Алайда, шұғыл жағдайда оны да ойламаңыз. Қолына түскенді киіп жүре беріңіздерші, өтініш, ақшаңыз да, алтыныңыз да қайтарылады, денсаулық болса, сондықтан, дүниеңіз үшін жанталасып керек емес.

8. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына кедергі келтірмеңіз - қанша жерден ата-құрғыр жауыңыз болсын, қанша жерден коррупционер, оңбаған-сүмелек болсын, қанша жерден иттің баласы болсын иә жеріңізді сатсын, төтенше жағдайда жалғыз сүйенеріңіз - мемлекет қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен дәрігерлер. Суға салса бататын Сіз, олар құтқарады, от шықса жанатын сіз - олар жансыз, оқ астында қалсаңыз - қалқаныңыз солар. Өтінемін, кедергі келтірмеңіздерші.

 

Бүгінде терроризм де құнсызданып барады. Ешбір қалауы жоқ, талаптары жоқ. Қалған жалғыз мақсаты - үрей тудыру. Ол үрей біздер мен Сіздердің таратқан ақпаратымыздың арқасында күшейе түседі.

Бұл тек менің түйгендерім ғана. Сіздер де астына білімдеріңізбен бөлісе жүріңіздер! 
Келесі сілтемелерді оқу міндетті:

Как действовать при террористических актах

 

 

Мені әлеуметтік желілерде  таба аласыз:

Facebooke

Twitter

Instagram

 

суреттер canva.com сайты арқылы жасалған.

Yernar Seitachmet ernarito
Қызықты оқиғалар. Мазалған сұрақтар. Қазақтың кинолары. Әлемнің кітаптары. Өлеңдер мен видеолар. Сапаралардан естеліктер.
19 июля 2016, 0:11
629

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8742
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3107
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3263
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2988
  • 50
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2782
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2850
  • 31
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2305
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2149
  • 18