2,6 млн.дана бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтары Жайық өзеніне жіберілді

МСХ РК МСХ РК 2016 M07 11
123
0
0
0

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Астана қ. 11.07.2016 ж. 2,6 млн.дана бекіретұқымдас балық түрлерінің шабақтары Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберілді...

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ. 11.07.2016 ж.

2,6 млн.дана бекіретұқымдас балық түрлерінің шабақтары Атырау және Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының өсіру тоғандарынан Жайық өзеніне жіберілді. Оның ішінде 900 мың данасы бекіре шабағы және 1,7 млн.дана шоқыр шабағы.

ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық қорын қалпына келтіретінкәсіпорындары жыл сайын «Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 168,4 млн. дана құнды балық түрлерінің шабақтарын жасанды өсіріп әрі қарай табиғи мекен ету ортасына жібереді.

Балық шабақтарын өсіру биотехнологиясына сәйкес құнды балық түрлерінің шабақтарын өсіру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Оцените пост

0