Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
11:34, 28 марта 2016

Салтанат Калдыбекова об освещении в казахстанских СМИ тем, связанных с ЛГБТ-тематикой

МНЕНИЕ // Қалдыбекова Салтанат, «НАТ Қазақстан» мекемесінде жұмыс жасайды, Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциациясы #humanrights@misk_kz /// #равныеправаА19кз#equalityA19kz

Blog post image

-Сіздің ойыңызша, Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында ЛГБТ-қауымдастық тақырыбы талқыланады ма?

- Жалпы бұл тақырып талқыланбайды деп айтатын болсақ, ол өтірікке саналады. Өйткені жаңа көріп отырғанымыз «Қазақстан» телеарнасында да бұл тақырып қозғалды және әлеуметтік желілерде де қозғалады. Бірақ негізінде қозғалғанымен көп талқыланады деп айтуға болмайды. Тек аты шулы болып оны мүмкін PR ретінде жасайды. Бізде Алматы қаласында Пушкин – Құрманғазы көшелердің қиылысында сол кісілер баратын түнгі клуб бар екен. Бұл клубтың жарнамасы ретінде үлкен баннерге көшенің сыртына Құрманғазы мен Пушкинді, екеуін сүйістіріп қойған. Осы жағдай әлеуметтік желілерде көп талқыланды. Жалпы алып қарайтын болсақ, қазақстандықтардың бұған көзқарасы қарсы. Неліктен қарсы? Кейбір кісілер ол адамның өз таңдауы, әр адам бақытты болуына құқылы деп айтып жатады. Ал егер де былайынан алып қарасақ, ол бақытты болсын, мейлі жынысын ауыстырсын. Сонда бұл ұрпақ мәселесіне, адамзаттың жойылып кету мәселесіне алып келіп соқпай ма?

-Қазақ тіліндегі БАҚ-тарда осы тақырып қалай айтылған?

- Деректерге сүйінетін болсақ, 2010 жылдан бастап 11 адам жынысын ауыстырған. Яғни Қазақстанда да бар деген сөз. Бірақ жынысын ауыстырғанымен ол өзін қазір бақыттымын деп санайтын шығар. Меніңше, уақыт өткен соң, он немесе жиырма жыл өтсін, сол кезде одан барып сұрау керек : «Сіз енді өзіңіздің өзгергеніңізге өкінбейсіз ба?» Себебі біз де қазір өзіміздің алдымызға қойылған мақсатқа жету кезінде қуанамыз, бірақ бір немесе екі күн өткеннен кейін олай істегенім дұрыс емес екен ғой деп өкініп қалған кездеріміз де болады.

-Сіздің ойыңызша, осы тақырыпты қоғамда, жастармен талқылау керек пе?

- Менің ойымша, жастар еліктегіш келеді. Қазір біздің заманда жастарға бәрі ашық, яғни оларға дұрыс бағыт беріп отыру керек. Ол жайлы біз ашық жазудың, осыған жол берудің тәсілдерін емес одан алып қалудың тәсілдерін іздеу керекпіз. Бұл психологиялық ауру былай қарасақ, және оны емдеуге болады. Яғни осындай адаммен арнайы психолог жұмыс істеу керек, оның осы жолдан сақтап қалу мәселесін көтеру керек сияқты. Адамның бақытты болуға құқығы бар иә, бірақ сондай болса ертен біз жастарды, кішкентай балдарды қорлап жүрген адамдарды да қорғап шығатын шығармыз онда? Оның сол жанағы қалауы болып тұр, өзінің қалауымен кішкентай балаға тиіскісі келіп тұр деп ақтайтын да шығармыз? Мүмкін біз сондай дәрежеге жететін боламыз. Жалпы бұл тақырыпты көтермеу керек деп санаймын. Өйткені біреудің қызығушылығын оятады.

-ЛГБТ-қауымдастық тақырыбын талқылау орысша БАҚ және қазақша БАҚ-тарда айырмашылығы бар ма?

- Иә, әрине. Бізде ақпарат берудің тәсілдері, жолдары екі түрлі. Қазақ журналистикасы қысқартылған вариантқа көшіп жатыр деп айтсақ, бұрында негізі қазақ тіліндегі газет, журналдар ақпаратты ауқымды түрде бергенді ұнататын еді. Ал орыс тілінде жазатын журналисттер, менің байқауымша қысқа нұсқада жазады. Орысша БАҚ-тарда осы мәселе ашық түрде, сәл еркін талқыланады. Қазақ тілінде жазатын журналисттер намысқой, халқына керек пе, керек емес пе деп ойлайды жазар алдында.

-Егер сіз осындай материал кездестірген болсаңыз, олар қандай үндестілікте болды?

- Осындай материалды кездестіргенде, олар жағымсыз үндестілікте болды. Өйткені, менің ойымша, біз ондайға әлі дайын емеспіз.

 
0
1237
0