Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
22:27, 19 августа 2010

Шеге мен сабыр

Ерте ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: "Балам, сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде есікке бір шегеден қағып отыр", - депті.

Алғашқы күні әлгі "батыр" 37 шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі шегелердің саны азайып, уақыт өте келе өз нәпсісін қадағалай алатын дәрежеге жетеді. Нәтижесінде шеге қаққаннан гөрі, ашуды ақылға бағындырғанның жақсы екенін түсінеді. Содан бала есікке бiр де бір шеге қақпаған күні әкесіне келеді. Әкесі сол кезде: "Ұлым, енді ашуланбаған күні бір шегеден алып отыр" деп кеңес береді. Жігіт бұл істі тез аяқтайды да әкесіне есікті барлық шегеден тазалағанын жеткізеді.

Сол күні кешке күн ұясына қонған сәтте әкесі оны есіктің алдына әкеліп: "Балам, жарайсың! Нәпсіңе ие бола білдің. Алайда, есікте қанша ұңғыма қалғанын байқадың ба? Сен де бір адамды ренжіткен кезде оның жүрегін жаралайсың. Одан қанша рет кешірім сұрасаң да, есікте қалған шегенің ізіндей ізі қалады. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей деген осы. Сақ болғайсың" депті.

Аударған Асхат Еркімбай

Сурет СС рұқсаты негізінде spacesuitcatalyst есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды

0
1235
0