Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
00:37, 01 июля 2015

ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ

Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін қоғамның тарихи, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларына елеулі өзгерістер әкеліп, еліміздің тарихи дамуының күрделі сатысына көтерілгені рухани салаға да өз әсерін тигізді. Кеңестік идеологияның артынан іле шала келген рухани бостыққа әр түрлі діни ағымдар өз ұстанымдарын халыққа насихаттап, сонымен қатар мемлекеттік және ұлттық тұтастық пен бірегейлікке нұқсан келтіре бастады.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың саңырау құлақша таралуына негіз болған факторлардың бірі. Елімізде алғаш қабылданған дін туралы заңның кейбір тармақтарының әлсіз тұстарын діни топтар өз мүдделеріне жақсы пайдалануы болды. Атап айтатын болсақ Қазақстан Республикасының бұрынғы 1992 жылғы «Діни наным-сенім бостандығы туралы» заңында кез келген мүдделес топ 10 адам жинаса болды діни бірлестік құруға рұқсат берілген еді.Нәтижесінде еліміздің тарихы мен діни тәжірибесінде болмаған, жаңа діни бірлестіктер өз ілімдерін таратып, қазақ халқының тұтастығына қауіп  тудыра бастады.

Себебі ол уақытта дінді ажырататын қандай бағытқа жататындығын, жәнеде қандай діннің тармақтары екендігін, түсіндіретін діни білімі бар мамандардың жетіспеуі болды.

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары дін дегеніміз осы екен деп еліміздің көптеген жастары шетелге діни білім алуғааттанып, кейінсол діни білім алып оралған кейбір азаматтарымыз өздері білім алған мемлекеттің менталитеті мен салт-дәстүрін өзінің әдет-ғұрпынан жоғары қойып үлкен адасушылықтарға бой алғыза бастады. Сол алған білімдерімен елімізде дінге бет бұрған жастарға уағыз айту үрдістерін бастап кетті. Бірақ сол жастар дәстүрлі ислам дінінің негіздерін үйреніп жатпағанын білмеді. Уақыт өте келе түсініспеушіліктер пайда болып қоғамдаөз ішінен бөлініп,жалпы жастардың діни дүниетанымы өзгеріп саналарына жихадизм, терроризмтүсініктері пайда бола бастады. Бұл мемлекет пен елдің бірлігі, қоғамның қауіпсіздігі үшін ең қауіпті індеттің бірі екендігі жасырын емес.

Жалпызайырлы қоғамды алаңдатып отырған мәселе дәстүрлі емес діни ағымдардың қатарын жастардың құрауы болып отыр. Дәстүрлі емес діни ағымдарға жастардың кіріп кетуінің бірнеше себептері бар, атап айтатын болсақ.

Біріншіден еліміздегі жастардың діни сауаттылығының әліде болса төмендігі, дәстүрлі діндерден тыс діни ағымдардың өз миссияларын орындауына мүмкіндік беріп отыр.

Екіншіденқоғамдағы әлеуметтік жағдайдың әсері материялдық жетіспеушілік яғни жұмыссыздық мәселесі. Осы сияқты мәселелер теріс пиғылды діни ағымдардың жастарды өз қармауына түсіруіне басты себеп болып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанның кейбір өңірлерінде исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын батыстық деструктивті ағымдар да қаптап кетті. Олардың құрамы да қазақ жастарымен толыққан өздерін дін уағыздаушы ұйым ретінде таныстыратын ағымдардың қатарына қазақ жастарын тартуының басты мақсаты не? мұның астарында не жатыр.

Ұлттың болашағы, елдің ертеңгі тарихын негіздеуші, болашақ жастардың қолында дейміз. Ендеше теріс діни ағымдар өз қатарларына не үшін қазақ жастарын тартудың себебін пайымдау қиын емес. Осы жоғарыда аталған заңдағы олқылықтарды қалпына келтіру мен діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2011 жылы 11 қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Осы заң аясында елімізде кең етек алған теріс бағыттағы діни ағымдарға тосқауыл қойылып, еліміздегі барлық діни бірлестіктер қайтадан тіркеуден өткізілді. Осындай ауқымды жұмыстан кейінкейбір діни ағымдарға заң жүзінде жұмысын тоқтатуға шешімдер қабылданып, тіркеудің оң нәтижесін алғандары уәкілетті органдардың тікелей бақылауына өтті.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Талдау жұмысы бөлімінің аға сарапшысы

А.Е. Есқалиев

0
7541
0