Кек алушылар тағы да бәрінің әкесін танытты
Ия, бұл сол баяғы Кек алушылар. Олар тағыда жиналып, әлемге төнген қауіптің бетін қайтарулары керек.

Бірақ, бірінші фильм шықаннан бері көп уақыт өтті, көп нарсе өзгерді. Енді, әрбір кек алушының өзінің жеке фильмы, жеке тарихы мен жеке ғаламы бар. Бірінші фильмдегідей: мынау кім, бұл қайдан шықты, неге ол солай істеді, - деген сұрақтар мазаңызды алмайды. Егерде Марвел ғаламының фильмдерін узбей көріп-біліп журсеңіз, сізге бәріде тансық болып көрінбейді. Сондықтанда, екінші фильм көп ойланбай тез басталды. Бізді, бір мезетте оқиғаның қақ ортасына апарып тастай салды.

Сөйтіп киноның бастапқы сценасы ормандағы атыс-шабыстан басталды. Кек алушылар сол бірінші фильмде жоғалған Локидың жезтаяғын алу үшін Гидраның құпия бөлімшесіне шабуылдайды. Әрине шабуыл өте әсерлі және жоғарғы деңгейде жасалған. Марвел фильмдарының басты қаруы да осы ғой - жоғарғы деңгейдегі атыс-шабыстар мен көтеріңкі көңіл күй.

Шынымды айтсам, қазақша дубляжға барар алдында кішкене болсада қорқыныш болды. Біздің аудармашылардың кек алушылардың көптеген әзіл-мысқылдарын қазақ тілінде бізге дұрыстап жеткізе ала ма деген сұрақ мазалады. Бірақ бұл алаңдағаным бекер болыпты. Жақсы аударылған. Әрине, басында ыңғайсыздау болды. Бұрыннан таныс кейіпкерлердің басқаша сойлеп кеткендеріне бойымды уйрету үшін кішкене уақыт керек болды. Бірақ сосын, құлағым уйренген соң, бәріде тастай батып, судай сіңді.

Өзіңіз ойлап қараңызшы, атыс-шабыстың қақ ортасында Тони Старк барлық кек алушыларға: "кәне жігіттер бұлардың әкесін танытайық" - дегенде, ал оған Романов ханымның: "Эээ жігіттер боқтамаңдар, Кэпқа бұл ұнамайды" - деп жауап қайтарғанда, бүкіл зал күліп жіберді. Осындай күлкілі мезеттер мен дөп түскен сөздер көп болды. Әсіресе маған ұнағаны Романов ханымның аударылымы. Оның алып батыр Тор екеуінің арасындағы диалогтар тіпті керемет жасалған. Скарлетт Йохансонның кейіпкері өзінің әзілімен бәрінің көңілін көтеріп тастады. Бірде Халкқа "сипалайынба" десе, енді бірде "саған берілейн деп тұрмын" деп, ал ыстық суы бітіп қалған душтағы момент бәрінен асып түсті.

Кейіпкерлерге келетін болсақ, фильмде бұрыннан әрқашанда артқы қатарда жүрген кейбір батырлар жаңа қырынан көрсетіледі. Әсіресе садақшы-мергеннің өміріне толық шолу жасалынады десе де болады. Сонымен бірге басқа да кекалушылардың өмірлерінің көптеген сырлары ашылады. Жаңа кейіпкерлерге келетін болсақ, олар - ерекше егіздер. Бүл екеуіде осы ғаламнан өз орындарын тауып, кірпіші болып қаланады.

Кек алушылардың ең басты қарсыласы робот Альтронды да айта кеткен жөн. Оны әлемге бейбітшілік орнату үшін құрастырғандықтан, ол өз мақсатына қалайда жетуге тырысады. "Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман" орнату үшін, ол ең бірінші кек алушыларды, содан кейін бүкіл адамзатты құрту керек деген идеяны ұстана отырып, өз жұмысына тізе бүге кіріседі. Сол мақсатпен Альтрон өзіде жаңа роботты ойлап шығарады. Сойтіп Аян (Вижн) деген жаңа бір күш пайда болды.

Сонымен, қорытындылай келетін болсақ, кек алушылар бірінші фильмге қарағанда өзгерген. Бұрынғыдай тынығып демалуға уақыт жоқ. Сюжет өте тынымсыз, өте жылдам жылжып отырады. Сіз бір мезетте атыс-шабыстарды аузыңыз ашылып қарап отырсаңыз, екінші мезетте кейіпкерлердің бір-бірінің әзіліне ішіңізді ұстап күліп отырасыз. Болды, Марвелден керегі де осы.
8 / 10
"Меломан" компаниясы мен "Кинопарк Есентай" кинотеатрына фильмнің тұсаукесеріне шақырғандары үшін ерекше алғысымды білдіремін.
Жақсы кинода жолыққанша...
