Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
02:52, 06 марта 2015

Микроблогтар – Твиттер

Blog post image

Алдымен микроблог дегеніміз не деген сұраққа келейік. Уикипедия бойынша, микроблогинг — блогингтің бір түрі. Қолданушыларға қысқа хабарламалар жазып, оларды көпшілікке таратуға мүмкіндік береді. Кез келген адамға немесе белгілі бір топқа осындай хабарламаны қарауға немесе жауап беруге болады. Бұл хабарламаларды әртүрлі жолдармен жариялауға болады: SMSэлектрондық пошта немесе сайттың web-интерфейсі (орыс/ қазақ) арқылы.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D0%BA%D1%80%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D0%BD%D0%B3

Твиттер туралы: https://kk.wikipedia.org/wiki/Twitter

Сонымен қысқаша айтқанда, микроблогинг дегеніміз түрлі құрылғыларда (көбінесе ұялы телефон немесе планшет арқылы) бірнеше оқырманға қысқа хабарламаларды тез жіберу болып табылады. Соның ішінде ең тиімдісі - Твиттер деген жүйе. Твиттер негізінен, блогингпен мәтін алмасудың қосындысы деп айтуға болады, бірақ Твиттерде таңба-санның шектеуі бар. Сіз тек 140 таңбаны қолдана отырып, өз ойыңызды жеткізе білуіңіз керек. Сіздің әрбір жазып жіберген хабарламаңыз «Твит» деп аталады. Егер достарыңыздың беттеріне кіріп, ол жіберетін хабарларды оқығыңыз келсе: "follow" атты түймені басып достаса аласыз (негізі керек емес ақпарат болуы мүмкін, себебі еліміздің түкпір-түкпірінде үлкен-кішісі әйтеуір, кем дегенде, «Мой Мир» немесе «Вконтакте» қолданады, қайткенмен))). Сонымен қатар керекті вебсайттарға сілтеме жіберуіңізге және Твиттеріңізге сурет қосып жіберуіңізге болады.

Твиттер неге тиімді екен?

Ең алдымен атап айтқым келгені, твиттердің көмегімен мұғалімдер бір-бірімен қарым-қатынас құра алады, соның ішінде кеңес алуға, пікірталас жүргізуге немесе жай байланыс жасауына болады, соның бәрі де қас пен көздің арасында өтеді. Тіпті бұл Твиттер қаншалықты қысқа болғанымен сіздердің идеяларыңыз арқылы аса мәнді де мағыналы болуы мүмкін. Кейбір мұғалімдер Твиттер арқылы өздерінің жақында жазған блогтарының адресін жіберіп бөлісе алады.

ХЭШТЕГ-тің күші

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B5%D1%88%D1%82%D0%B5%D0%B3

Твиттер өте тиімді іздеу жүйесі болып табылады. Онымен сіз қажетті ақпаратты және адамдарды таба аласыз. Сондай іздеудің және басқаларға сізді және сіздің ақпаратты табуға көмектесу  тәсілдерінің бірі хэштегтерді пайдалану болып табылады.

Оны қалай пайдаланамыз? Ол үшін біз # деген символды пайдаланамыз. Яғни хэштегті барлық твиттерімізді, мәліметтерімізді, жіберген суреттерімізді бір папкаға салғымыз келгенде қолданамыз. Мысалы мен «Конституция» туралы твит жібердім, оған жақсы бір сурет пен мәлімет жібердім. Оны жіберген кезде #конституция деп белгілегендіктен, сондай папка ашылады және дүниежүзіндегі әр адам #конституция деп Твиттерде іздеген кезде сіздің жіберген мәліметтеріңізді көреді. Тағы да хэштег қолданудың жақсы тәсілі: мен басқа қаладағы немесе басқа мемлекеттерде тұратын әріптестеріммен бір мәселені талқылағым келгенде, #талқылайтын_мәселенің_тақырыбын осындай хэштегпен сол мұғалімдерге жіберемін және барлық жіберілген мәліметтер осы #талқылайтын_мәселенің_тақырыбын атты папкада сақталады.

Сонымен Твиттерді қалай қолдануға болады. Ол виртуалды мұғалімдер бөлмесі болуы мүмкін (яғни талқылау, пікірталас немесе кері байланыс алынатын мекен), дүниежүзінде немесе мемлекет ішінде болып жатқан ақпарат беретін құрылғы, өзіңіздің мектебіңізде болып жатқан жаңалықтармен бөлісу құралы, т.б. көптеген жолдары бар. Тіпті болмаса, өзіңіз ұнататын жұлдыздардың өмірін қызыға бақылай аласыз)))

Сынып ішінде Твиттер қолданысы: сынып ішінде арнайы түйме арқылы сауалнама жүргізе аласыз; оқушылармен кері байланыс құра аласыз; оқушылар немесе мұғалім тақырыпқа байланысты пайдалы ресурс немесе сілтеме тауып, сынып ішінде жібере алады; сіз үй жұмысы туралы ескерту немесе хабарландыру жібере аласыз; сынып аралық сауалнама жүргізе аласыз және т.б.

P.S. Білім министрлігінің немесе университет, басқа мектептердің Твиттер аккаунтына жазылып, соңғы хабарларды оқи аласыз.

 

Web 2.0 How to for Educators by Gwen Solomon and Lynne Schrum, second edition, Washington 2014

 
0
1878
0