Азаматтық авиация комитетіне
«Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-на
Мемлекеттік ономастикалық комиссияға
2014 жылдың 10 қарашасында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры алған жалғыз қазақ, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов 93-ке таяған шағында қайтыс болды.
Осыған байланысты Алматы Халықаралық әуежайына Қазақстанның әскери және азаматтық авиациясының өрлеуіне үлкен еңбегін сіңірген батыр Талғат Бигелдиновтың есімін беруді ұсынамыз.
Талғат Бигелдиновтың басшылығымен дәл осы Алматы әуежайы 1957 жылы қайта жаңғыртылып, жолтабаны кеңейтілді. Оған дейін Мәскеуге бару үшін ЛИ-12 ұшағымен әуелі Ташкентке, сосын бірнеше сағат күтіп барып ИЛ-18 ұшағына мінетін. Қайтарда тағы солай. Демек, Алматы әуежайының қазіргі біз білетін деңгейін көтеруге Бигелдиновтың еңбегі орасан болғаны анық. Бигелдиновтың басшылығымен Балқаш, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Арқалық, Қызылорда, Тараз, Қарағанды және т.б. қалалардың аэродромдары салынған. Азаматтық авиацияны бір өзі көтерген тұлғаның есімін беруге осы себептің өзі жеткілікті.
Әлемдік тәжірибеде халықаралық маңыздағы әуежайларға өз ұлтының даңқты ұшқыштарының есімдерін беру баяғыдан қалыптасқан. Мысалы, Стамбулдағы Сабих Гёкчен әуежайын келтірсек болады.
Бұл ұсыныс келешек ұрпағымыздың есінде батыр кейпін мейлінше жақсы сақтауға, тарихты құрметтеуге, авиацияға, отаншылдыққа деген жастардың сүйіспеншілігін арттыруға сеп болады. Бұл шараны келер жылғы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен сәтті қабыстыруға болады
Құрметпен,
Өркен Кенжебек
Яков Фёдоров
Комитет гражданской авиации
АО «Международный аэропорт Алматы»
Государственная ономастическая комиссия
10 ноября 2014 года на 93-м году жизни скончался генерал-майор авиации Талгат Бегельдинов, единственный казах, получивший дважды звание Герой Советского Союза.
В связи с этим мы предлагаем присвоить имя героя Талгата Бегельдинова, внёсшего большой вклад в развитие военной и гражданской авиации Казахстана, Международному аэропорту Алматы.
Под управлением Талгата Бегельдинова в 1957 году была произведена реставрация аэропорта Алматы, расширена взлётно-посадочная полоса. До этого для того, чтобы долететь до Москвы нужно было лететь в Ташкент на самолёте ЛИ-12, а затем ждать несколько часов для пересадки на самолёт ИЛ-18. Аналогично для полётов в обратном направлении. Таким образом, очевиден большой вклад Бегельдинова в развитие алматинского аэропорта до уровня, который мы знаем сейчас. Под руководством Бегельдинова были построены аэродромы в Балхаше, Астане, Павлодаре, Атырау, Уральске, Аркалыке, Кызылорде, Таразе, Караганде и др. Своим значительным вкладом в развитие гражданской авиации его имя достойно быть увековеченным.
В мировом опыте уже есть пример наименования международных аэропортов именами значимых национальных лётчиков. Например, аэропорт имени Сабихи Гёкчен в Стамбуле.
Данное предложение поможет нам закрепить образ героя для будущего поколения, чтобы ценить историю, повысить патриотизм и интерес к авиации у молодых казахстанцев. Переименование можно связать с празднованием 70-летия Победы в следующем году.
С уважением,
Оркен Кенжебек
Яков Фёдоров