Орталық Азиядағы исламның рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті

АДР РК 2014 M04 17
334
0
0
0

2014 жылғы 17 сәуірде Астанада қаласында ҚР Дін істері агенттігі «Орталық Азиядағы исламның рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Конференцияның негізгі мақсаты – Исламның дамуында...

2014 жылғы 17 сәуірде Астанада қаласында ҚР Дін істері агенттігі «Орталық Азиядағы исламның рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.

Конференцияның негізгі мақсаты – Исламның дамуында айтарлықтай үлес қосқан Орталық Азияның рөлін талқылау. Конференция жұмысына танымал теолог-исламтанушылар, дін саласындағы қарым-қатынасты реттеу және діни экстремизмге қарсы тұру мәселерімен айналысатын Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия мен Египет республикаларынан келетін шетелдік сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, дін және діни сенім бостандығы мәселелерін зерттеуші қазақстандық сарапшы-мамандар, ғалымдар, дінтанушылар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақстанның Бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеров, Қырғыз Республикасы Дін істері мемлекеттік комиссиясының директоры Орозбек Молдалиев, Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Дін істері, ұлттық салт-дәстүр, салтанаттар мен әдет-ғұрыптарды реттеу комитетінің төрағасы Абдурахим Холиков, Ресей ислам университетінің ректоры, Ресей Федерациясының саяси ғылымдар докторы, профессор Рафик Мухаметшин, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры,  филология ғылымдарының докторы, профессор Абсаттар Дербісәлі, Түркия Республикасы Анкара университетінің профессоры, доктор Кутлу Сонмез және Египет Араб Республикасы Каир мемлекеттік университетінің профессоры Фуад Махмуд қатысып, баяндама жасады.

Конференция қатысушылары ислам дінінің рөлі мен Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің мәдени және рухани тұрғыдан дамуындағы ықпалын талқылап, Орталық Азия аймағынан шыққан мұсылман ойшылдарының қаламынан туған ғылыми, әдеби, мәдени және рухани-өнегелік мұралардың қазіргі кездегі экстремистік идеялардың таралуына идеологиялық бөгет бола алатынын атап өтті.

Конференция жұмысын тамамдаған Агенттік басшысы М. Әзілханов: «Орталық Азия ислам дамуынының тарихи орталығы. Бұған осы аймақ ғалымдарының бай мұрасы мен ислам дамуына қосқан үлкен үлесі куә болып отыр. Дегенмен атқарылатын іс әлі де көп, себебі ислам дінінің әлеуметтік-мәдени феномені сан қырлы және пәнаралық зерттеуді талап етеді», деп қайталап өтті. Конференция қорытындысы бойынша Конференция қатысушыларының үндеуі қабылданды.

 

Оцените пост

0
Дальше