«АТЫРАУ ХАЛҚЫ РАСЫМЕН БІР КҮНДЕ ОЯНБАЙ ҚАЛУЫ МҮМКІН БЕ?»

zhasatyrau 2014 M04 16
353
0
1
0

Биік мінберлерде Атырау экологиясы жөнінде әредік сауалдардың көтерілуін еститін едік. Соңғы уақытта бұл жөнінде тіс жару еленбейтін күйбең тақырыптар қатарына енгендей...

Биік мінберлерде Атырау экологиясы жөнінде әредік сауалдардың көтерілуін еститін едік. Соңғы уақытта бұл жөнінде тіс жару еленбейтін күйбең тақырыптар қатарына енгендей. Алдыңғы фоторепортаждарымызды көріп көңілдеріңіз көктеген шығар. Мұндай акциялардың жиілеп кетуі заңдылық болуы керек. Өйткені эколог-мамандардың өздері ғана емес, өзімізде Атырау ауасының құбылып баратынын күнде байқаймыз. Біздің редактурамыздың жоспарында  - арнайы "Атырау ауасы" тақырыбына айдар арнау. Алдымен жерлесіміз, әрі қазақы net-тің белсендісі Көкбөрі Қазақұлының белгілі болг-платформада жариялаған фотобаянын жария қылуды жөн деп санадық.

Атырау туралы еліміздің басқа аймағындағылар түгін тартса, майы шығатын жер деп есептейтіні жасырын емес. Және атыраулықтарды шіріген бай деп есептейтіндер де жетерлік. Былай қарағанда соңғы пікірге негіз жоқ емес. Расында да атыраулықтар шіріп жатыр. Бірақ байлықтан емес…
Әңгіменің әлқиссасынан бастасақ. Ақыры денсаулық туралы әңгіме болып жатыр екен. Атыраудың экологиясының денсаулыққа қандай зияны тиіп жатыр, көрейінші деген ойға келдім. Өйткені соңғы жылдары атыраулықтардың денсаулығы өте төмен деп дабыл қаққан пікірлер БАҚ-ты шарлап кеткен еді. Тіпті алдыңғы жылдары «Жас алаш» газеті «Атыраудың халқы бір күнде ұйқысынан оянбай қалуы мүмкін» деп дүрліктірген болатын. 
Осындай пікірлерді естіген соң, экологтардың пікірлерін іздедім. Атырау облыстық экология департаментінің басшысы Ербол ҚУАНОВ мырза ауаның ластануына қаладағы кәсіпорындар кінәлі деп жар салыпты. Облыстың бас экологының сөзіне қарағанда ауадағы күкіртсутектің көбеюі қалыпты деңгейден әлдеқайда көп. Құдай сақтасын, Ербол мырзаның сөзіне қарағанда «Жас алаштың» сөзінің жаны бар ма деп қалам.
Хош, не керек, ауаға зиянын тигізгендерді өз көзімен көрейін деп қаланы шарлап шықтым. Бірақ мен дегенде ай жарық дегендей, шыны керек, танауды қытықтайтын түтіні бұрқырап, шаңдатып жатқан кәсіпорындарды көре алмадым))

fg

Бұрын қала сыртында болып, қазір ішіне еніп кеткен Химпоселок

t

ggh

ЖЭО (ТЕЦ) Бұрын осы жақта тұрған болатынмын. Сонда мына мұржалардан қара түтін будақтап жататын. Қазір...)

f

d

f

Атырау мұнай өңдеу зауыты.

f

Ешқандай түтін жоқ… Алдамшы көрініс болмаса деп үміттенем

g

Қаланың екінші жағына жол тарттым. Осы жақта бір шаңдатып жататыны бар еді.

f

f

f

ҚазТрансОйл. Ана мұржалардан түтін шықса… шықпаса неғып тұр дейсің?!

Осындай үңірейген зеңбіректің ұңғысындай мұржалардан шығатын түтінді жұтып жүргенімді елестеткеннің өзі қорқынышты екен. 
Содан кейін жалма-жан таныс экологқа хабарластым. Одан осы «зеңбіректерден» шығатын түтіннің қаншалықты зияны бар екенін сұрағам.

Саягүл Жұмашева, эколог:
«Бұл жөнінде мен Ербол Қуановтың пікірімен келісем. Кезінде атмосферада күкіртсутектің мөлшерден тыс көбейіп кеткені туралы талай дабыл қақтық. Ол жергілікті тұрғындардың денсаулығына қаншалықты зиян екенін де айттық. Бірақ бұрын облыстық экология департаментінде жасағанымда ауаның ластануына кімді кінәларымызды білмейтінбіз. Себебі соңғы үш-төрт жыл көлемінде ғана бұл мәселе зерттеле бастаған болатын. Зерттеудің нәтижесі міне белгілі боп отыр. Енді нақты іс-шаралар жасауға мүмкіндік бар»
— Ал Атырау халқы бір күнде оянбай қалу қаупі бар ма?
«Жоқ, құдай сақтасын! Ондай қауіп болуы мүмкін емес. Бірақ дәл қазіргі ахуал шынымен қауіпті. Бірақ бірден әсер етпейді. Ептеп еніп, жайлап алатын болса, жылдар өте келе түрлі ісік, құрт аурулары секілді індеттер жайлауы мүмкін»

Зауыттарды шарлап болғасын, кейін қайтпақ болғанда, атасына рахмет, мені тасып жүрген досым Еркебұлан бір жерді көрсетпекші болып қара жолға түсіп берді. 
Салып ұрып, қала сыртындағы қоқыс төгетін жерге келдік. Қала сырты деп айтылғанмен, әлгі зауыттардың маңында, қаладан екі-ақ шақырым қашықтықта орналасқан. Ондағы ахуалды көргенде жағамды ұстадым. h

Құдды арнайы целлофан-пакет алқабы сияқты

f

f

f

Арасында бір бомж керекке жарарлық бірдеңе іздеп жүр екен…

v

ҚазТрансОйл-дың артқы жағынан көрініс

g

Бұны бір көргенде арнайы әлеміштеп-әдемілеген қорған деп ойлап қалуға да болады. Бірақ…

f

f

Жақсы емес…

Әрине, экологтардың зауыттар туралы дабыл қағуын жалған деп айтпақ ойым жоқ. Дегенмен мына соңғы суреттерге қарап, кәсіпорындарсыз да ауаның ластануына өзіміз үлес қосып жатқандаймыз. Мына полиэтилен пакеттер шірімейді. Әрі жердің де ластануына себепкер. Одан қалса, қоқысты өртегенде шыққан түтіні қаланы алып кететіні тағы бар. 
Жалпы кәсіпорындармен қатар, Атырау тұрғындары өз-өздеріне жасасаған қысастық жасап отырған сияқты. Оған үйге қайтып келе жатып, қаланың ортасындағы мына бір көзім түскен көрініс дәлел бола алады)g

v

Kokbori

Олжас Әбдеш

http://zhasatyrau.kz/

 

Оцените пост

1