Тәкен Әлімқұловтың «Көк қаршыға» мен «Саржайлауында», Мұхтар Мағауиннің «Көкбалағында» өнердегі үлкен өлшем, биік талғам айтылатын еді. Соны жоқтайтын еді. Сол заман анық туғандай. Әннің сөзі арзандап, тақырыбы тарылды. «Сүйдім. Махаббат. Жандым» деген үш сөздің арасында ғана сандалып, далақтап жүретін болдық. Сонда деймін ғой баяғы, біздің басқа сезімдеріміз қайда кеткен?
http://sal-seri.kz/article/view?id=182