Голубев әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарында болуы тиіс — Федерер

Kazsport agent 2014 M04 8
123
0
0
0

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Қазақстан құрамасымен өткізген Дэвис кубогының ширек финалдық кездесуінен кейін қарсыластарының жеке рейтингісіне мән бермегендігін атап өтті. Бұл туралы...

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Қазақстан құрамасымен өткізген Дэвис кубогының ширек финалдық кездесуінен кейін қарсыластарының жеке рейтингісіне мән бермегендігін атап өтті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

«Қазақстандықтардан екі жеңілісіміз мені ашуландырған жоқ, себебі менің өмірімде басқа жәйттар өкініш әкеледі. Біз қарсылас команданың жекелей сында болсын, жұптық сайыста болсын өз құрамындағы ойыншыларды оңай ауыстыра алатынын білдік. Рейтинг бір жылда атқарған жұмысыңды ғана көрсетеді, Дэвис кубогында ол екінші кезектегі мәселе.  Мысалы, Андрей Голубев өз рейтингісіне тіпті сай келмейді, мұндай ойынымен ол әлемдегі ең үздік 25 теннисшінің қатарында болуы тиіс еді. Қазақстан құрамасы өте үлкен жұмыс атқарыпты, бізге олармен ойнау оңайға түскен жоқ», — дейді Р.Федерер.

Матч соңында өткен баспасөз мәслихатында Р.Федерер Швейцарияға жеңіс әкелгеніне қуанышты екендігін де жасырмады.

«Мен соңғы екі матчта жеңіске жеткенімізге және Станисластың өз бабына қайта оралғанына қуандым. Осы демалыстарда өткен кездесулер менің айызымды қандырды», — деді әлемнің 4-ші ракеткасы.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

0