Астанада айтыс ақындарының арасында бильярдтан турнир өтеді

Kazsport agent 2014 M04 2
150
0
0
0

Ертең сағат 11.00-де Ұлттық Академиялық кітапханада қазақ әдебиеті, оның ішінде айтыс өнеріне қатысты үш кітаптың тұсауы кесіледі. Бұл туралы Айтыс ақындары мен жыршы, термешілер халықаралық...

Ертең сағат 11.00-де Ұлттық Академиялық кітапханада қазақ әдебиеті, оның ішінде айтыс өнеріне қатысты үш кітаптың тұсауы кесіледі.

Бұл туралы Айтыс ақындары мен жыршы, термешілер халықаралық одағының баспасөз қызметінен хабарлады.

Шара барысында «Қазақстан айтыс ақындары» атты анықтамалық жинақтың және айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлының «Шертолғақ» атты айтыстар жинағының, сондай-ақ айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтеді.

Іс-шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ардагер ақындар, айтыскерлер, жыршы, термешілер қатысады деп күтілуде. ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен жарық көрген анықтамалық жинақ пен аталған авторлардың кітаптары жиынға келген көпшілікке таратылады.

Сондай-ақ, осы күні сағат 14.00-де Астана қаласындағы «Шұбар» бильярд клубында Е.Асқаров, Е.Жақыпбеков, Ә.Жанқұлиев, О.Досбосынов сынды айтыс ақтаңгерлерін еске алуға арналған турнир өтеді. Оған Ж.Ерман, А.Алматов, А.Әлтай, С.Дүйсенғазы, Д.Кәпұлы, Б.Имаш, А. Дүйсенбі бастаған аға буынмен қатар Р.Зайытов, М.Ақанов, Е. Қайназар, Н.Мансұров, И.Күзембаев, Н.Мейірманов, Қ.Білдәшев, М.Сұлтанхан, Ж. Бұлғақов және бірнеше жас ақындар қатыспақ.

Басты сөздер: АстанаМәдениетСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

0
Дальше