ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың бесінші ойынында «Салауат Юлаевты» тізе бүктірді

Kazsport agent 2014 M03 28
130
0
0
0

Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынында «Салауат Юлаевқа» есе қайтарды. Астанада өткен матч 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен жергілікті...

Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынында «Салауат Юлаевқа» есе қайтарды.

Астанада өткен матч 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудің жетінші минутында Константин Руденко есеп ашқан болатын, бірақ сегіз минуттан кейін Вишневский есепті теңестірді. Ал ойынның 37-минутында Дастин Бойд жеңісті гол салды.

Осы жеңісінің арқасында «Барыс» Уфаның «Салауат Юлаев» командасына жетіп қалды, сериядағы есеп «СЮ» клубының пайдасына 2:3-ке жетті. Келесі ойын 29 наурызда Уфада өтеді.

Басты сөздер: СпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
 

Оцените пост

0