ҚХЛ: «Барыс» плей-офф сериясының бірінші ойынында «Автомобилистен» басым түсті

Kazsport agent 2014 M03 10
108
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Гагарин Кубогының плей-офф сериясының бірінші ойынында өз алаңында екатеринборлық «Автомобилисті» ұтты. Ойының бірінші кезеңінде қарсыластар есеп ашқан жоқ...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Гагарин Кубогының плей-офф сериясының бірінші ойынында өз алаңында екатеринборлық «Автомобилисті» ұтты.

Ойының бірінші кезеңінде қарсыластар есеп ашқан жоқ. Кездесудің келесі кезеңдерінде ойын қыза түсіп, қос команда да негізгі уақытта  2:2 есебімен тең түсті. Алайда тағайындалған қосымша овертаймда да қарсыластардың мықтысы анықталған жоқ, тек екінші экстра-таймда астаналықтар үшінші шайбасын салып, 3:2 есебімен алға шықты.

ҚХЛ аясындағы плей-офф тартысында ертең «Барыс» өз алаңында «Автомобилист» хоккейшілерімен екінші ойынын сағат 17:00-де «Қазақстан» спорт сарайында өткізеді.

Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0