Теннисші Зарина Дияс Қытайда ITF турирінің жартылайфиналына өтті

Kazsport agent 2014 M03 7
134
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Цюаньчжоу қаласында өтіп жатқан  ITF  турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда Дияс турнирдің жетінші ракеткасы...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Цюаньчжоу қаласында өтіп жатқан  ITF  турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда Дияс турнирдің жетінші ракеткасы қытайлық спортшы Кванг Вангті — 6:4, 1:6, 6:1 есебімен жеңді.

Жартылай сында қазақстандық теннисші өзінің бұрынғы жерлесі, қазір Ресей құрамасына қайта ауысқан Ксения Первакпен кездеседі. Ол ширек финалда қытайлық Ю-Фан Хуны — 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын.

Айта кетейік, турнирдің жалпы сыйақы қоры 50 мың АҚШ долларына тең.

 
 

Оцените пост

0