Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 4 алтын медаль олжалады

Kazsport agent 2014 M03 3
150
0
0
0

АСТАНА. ҚазАқпарат — Германияның Одердегі Франкфурт қаласында өткен жастар арасында бокстан «Бранденбург кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан боксшылары 4 алтын мен 1 күміс медаль еншіледі...

АСТАНА. ҚазАқпарат — Германияның Одердегі Франкфурт қаласында өткен жастар арасында бокстан «Бранденбург кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан боксшылары 4 алтын мен 1 күміс медаль еншіледі, деп хабарлады ҚР Бокс федерациясынан.

Атап айтқанда, 56 келіде ел намысын қорғаған Сұлтан Зауырбек чемпион атанды. 60 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Абылайхан Жүсіповке де тең келер ешкім болмады. Сондай-ақ 64 келіде Аян Қалибековтің, 81 келіде Вадим Казаковтың мерейі үстем болды. Ал 91 келіден жоғары салмақ санатында жұдырықтасқан Елдос Қадырбаев финалдық кездесуде Ұлыбритания боксшысына есе жіберді.

Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеде Қазақстан боксшылары 10 салмақ санатының алтауында өнер көрсеткен болатын. Турнирге әлемнің 20 елінен 140 былғары қолғап шебері қатысты.

Басты сөздер: Спорт
 

Оцените пост

0