Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
00:21, 03 марта 2014

Ой

Мен бұл адаммен оқып жатқаныма үш жылдан астам уақыт өтсе де, оның жаман қырларынан гөрі, жақсы қасиеттерін көп көріп жүрмін. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, ол адам өте мейірбан, кеңпейілді. Жүрегінің жылулығы соншалық мүлдем бейтаныс жандарға да жаны ашып тұрады. Оның тағы да бір жақсы қасиеті ешқашан кек сақтамайды және де  өтірік көзқараспен адамды алдап-арбай алмайды. Мен бағалайтын оның бойындағы бұл қасиетін біреу ұнатар, біреу ұнатпас. Ол  кісі бойындағы кішігірім кемшіліктерді тайға таңба басқандай көзбе- көз айта салады. Қазіргі уақытта көп адамдар бір - бірін көре алмайды және көбінде менмендік қасиет басым. Ал мен сипаттап отырған адамның бойында бұлардың біреуі де жоқ десем қателеспеймін. Себебі ол қарапайым жан. Қылжаңбас деп айтқым келмейді, бірақ әзілді көтереді. Нағыз біздің қазаққа тән қасиет ұйқыны өте жақсы көреді. Аз да болса, аңқаулығы да бар. Ақылына көркі сай, достарының ортасында өзіндік орны бар. Логикасы арқылы қиял әлеміне көп беріледі. Интеллекті жоғары. Эмоцияға берілгіш жаны нәзік адам. Көзі қандай мөлдір болса,жаны да сондай таза жан.

 
0
195
0